Елу ел жайлы не білеміз тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елу ел жайлы не білеміз

Мақсаты: Балалрға 50 ел жайлы мағлымат беру. Әр мемлекеттін өзіндік ерекшеліктерін атап өту. Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тайланд

Қысқаша анықтама:

Астанасы -Бангкок

Халқы - 58340000

Жер көлемі - 513.115 км. кв

Тілі - тай және малай тілдері

Діні - буддизм

Валютасы - 1 бат - 100 сатангам

Тайланд Сиам деп аталыпты. Үндіқытай түбегіннің орталығында Оңтүстік Шығыс Азияның ең ежелгі әрі дамыған елдерінің бірі - Тайланд. Бұл елдің шекарасы екі - шығысында Тынық және батысында Үнді мұхиттарының сулары жайып жатыр. Орта ғасырда Тайланд елі Сиам деген атаумен белгілі болған. Бұл атау Санскриттен аударғанда «қара терілі» дегенді білдіреді. 1939 жылы ел заманауи атауға ие болды. Ол «тай» елі деп аталды. Тай бұл елдің ежелден келе жатқан негізгі халқы. Тайланд патшалығы әлемге өздеріне тән ерекше көгілдір көзді мысықтарымен, сиам егіздері және қолға үйретілген пілдер, сонымен қатар будда ғибадатханаларымен танымал.

Тайланд 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап өте жылдам өркендеп, артта қалғандардың қатарынан дамыған елдер қатарына жеткен әлемдегі жаңа мемлекеттін бірі. Ел қалайы өндіруден 4 орын алады. Онда өндірілетін металдардың көбісі теңіз түбінен алынады. Жыл сайын Тайланд жерінде 5 миллионнан астам шетелдіктер келеді. Оларды бұл елдің жылы теңіз жағалаулары мен тамаша табиғат көрінісі, тарихи ескерткіштер қызықтырады.

Тарихи дерек:

Ең алғаш мемлекет Тайланд жерінде біздің заманымыздағы 1 ғасырда пайда болған. Онда ең бірінші мон атты халықтын мемлекеті - Фуань мен Дварвати пайда болған. Ал 12 ғасырда Тайланд аймағында Қытайдан тай тайпасының халқы келіп қоныстана бастады. Сөйтіп бүгінге дейін өзінің тәуелсіздігін сақтап келе жатқан Сиам, қазір Тайланд елінің негізін құрайды.

72 сөзден тұратын Астананы білесін бе?

Тайланд елінің астанасы-Бангок қаласы(аударғанда «Зәйтүн ауылы»). Ол Менам-Чао-Прая өзені сағасына жақын жерде орналасқан.Ел астанасының толықтай атауы тай тілінде 72 сөзден тұрады.Осылайша ол Гинестер кітабына «әлемдегі атауы ең ұзын қала» ретінде енген.Ертеде Бангокта қиын қиылысқан каналдар жүйесі болыпты.Соған қарай бұрынғы саяхатшылар қаланы «Шығыс Венеция»деп атаған екен.

Тайландтың періштелер қаласы.

Крунг Теп Маха Накорн Амон Раттанакосин Маханиндра Аюттая Махадилок Поп Ноппрарат Ратчатини Буриром Удомратнивет Амонпимон Аватансатив Сапкакатия Висануккампасит - бұл біз ойлағандай түсініксіз сөз тіркесі емес Тайландтың астанасы Бұл атау қазір Гиннестін рекорт кітабында ең ұзақ атау ретінде тіркелген.

«Крунг тап» сөзі аударғанда « Періштелер қаласы» дегенді білдіреді.Ал толық атау қысқартып айтқанда «әлемнің жұмағында орналасқан құдайлар сарайы» дегенді білдіреді. Періштелер қаласы Чао Прая өзенінің жағалауында орналасқан. Осы өзен арқылы Банкок қаласы да екіге бөлінеді.

Тайланд халқы кімдер?

Тайланд патшалығы - көпұлтты мемлекет. Онда бірнеше ондаған ұлттар мен тайпалар өкілдері тұрады. Оның ішінде ең көп тайлықтар және оларғаоларға тілдері жақын келетін лаолар. Лаолар - Тайландқа көршілес кәзіргі Лаос елінің негізгі халқы. Сонымен қатар, Тайландта қытай, вьет, малай, мон, шан, т.б халықтар тұрады. Барлығы Үндістан елінен келген буддизмге табынады.

Жасыл Будда.

Ват Пра Кео ғибадатханасы 1782 жылы 1 Рама патшасының бұйрығымен салынған екен. Бұлғибадатхананы елдің ең басты назар аударарлық жері болып саналады. Ондағы ең бағалы саналатын ескерткіш - Жасыл Будда мүсіні. Расында Будда мүсіні өте бағалы жасыл нефрит тасынан қашалып жасалған. Оның ең бірінші жасалған жері Чианграй екен. Сол кезде мүсінге найзағай түсіп, оның сырты әлде бір қабықпен қапталған екен. Кейін мүсінді монастырге әкелгенде ондағы қызыметші мүсіннің мүрын тұсы сынып кеткендігің байқайды. Қараса іші жасыл табиғи тас екен. Ерінбеген қызыметші мүсіннің барлық жерін сыртқы қабығынан тазартып шығады. Будда қымбат бағаланатын нефриттен қашалып жасалғаның байқайды. Отырған кейпінде Будда мүсінінің биіктігі 66 см, ені 48,3 см. Оның жасалған уақыты 15 ғасыр деп есептеген екен.

Қолтырауындар фермасы.

Тайланд елінің астанасы Банког қаласында 25 шақырым жерде Самут Пракан деп аталатын шетааймақ бар.Осы жерде ең үлкен қолтырауын фермасы мен тас саябақ орналасқан.Мұнан тек қолтырауын ғана емес,пілдер мен түйеқұстардын түрлерін,бұғы және өзге жан-жануарларды тамашалауға болады.Бірақ оның негізгі байлығы қолтырауындар мен бауырымен жорғалаушылардың 30 мыңнан астам түрлері.Онда 60 мыңнан астам қолтырауын өсіріледі.Жабайы аңдарды үйретушілер мұнда қолтырауындармен өте қауіпті көріністер көрсетеді.

Ал тас саябағы-Тайланд халқы мен шетелдіктер үшін де өте танымал.Онда тастар мен өте сирек кездесетін өсімдіктер бар.Оның ішіндегі ең бағаланатыны-ежелгі тай стиліндегі аласа бойлы ағаштардан тұратын бақ пен олардың тасқа басылған бейнесі.

Білесін бе?

1913 жылға дейін ешбір тайландықтың тегі болмаған,тек есімімен ғана жүрген.

Тайланд-әлемдегі бір ғана елді басқаратын патша буддизмді ұстанатын болуы қажет мемлекет.Бұл заңмен бекітілген.

Гинестер кітабының мәліметі бойынша,Тай алфабиті-үлкендігі жағынан

әлемде екінші орында.

Әлемдегі ең кішкентай сүтқоректі тышқан-ара-Тайланд жерін мекендейді.

Тайланд автомобиль шығарудан 5-ші орында(Жапония,Қытай,Оңт.Корея)

Тайландтың судағы базары - өте қызықты көрініс. Мүнда барлығыда суда жүріп жүрген жіңішке қайықтар үстінде сатылады. Керек нәрсені сатушыны жағалауға шақырып алып сатып ала аласын. Сатушылардын өздері де өздеріне қажеттіні суда жүзіп жүріп кездесіп қалған жерінең сатып ала алады.

Сирия

Қысқаша анықтама

Астанасы -Дамаск

Халқы - 14620000

Жер көлемі - 185180 км.кв

Тілі - араб және күрт

Діні - ислам

Валютасы - 1 фунт - 100 пиастрам

Біз бүгін саяхат жасағалы отырған еліміз Сирия-бір кездері таяушығыстық

өркениеттің орталығы болған.Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан,солтүстігінде -Түркиямен,батысында-Ливан және Израильмен,шығысында-Иракпен,ал оңтүстігінде-Иорданиямен шектеседі.

Сирия жері негізінен жазықты болып келеді.Тек батысында ғана биік таулы қыраттар бар.Оңтүстік-шығысы Сирия сахарасымен жалғасса,солтүстік-шығысы Жазире шөлімен ұштасып кетеді.Сирия шөлінде жазда күннің ыстығы+50 С-қа жетеді екен.

Сирия халқының басым бөлігі (90%)-арабтар.Таулы аймақтарда 700 мыңдай шамасында күрдтер мекен еткен.Сонымен қатар бұл елден армян,түрік,черкес,шешен,түркімен,парсы,ассириялықтар ман еврейлерді кездестіруге болады.

Ежелгі өркениет елі.

Сирияның ежелгі өркениеттің ордасы болғанын тарих сабағында оқып білген боларсындар.Оның жері көптеген бөгде елдердің:Мысыр перғауындарының,ассириялық,вавилондық,парсылық патшалардың,грек әскер басыларының,римдік императорларының шабуылын бастан өткерген.Жетінші ғасырда Сирияны арабтар жаулап алады.Дәл осы арабтар елге араб мәдениеті мен ислам дінін алып келді.Арабтардан кейін мұнда крест жорығына қатысушылар келді.Олардың салған қорғаны әлі күнге дейін сақталған.

1516жылдан бастап төрт ғасыр бойына Сирия Осман империясының билігінде болды.Алып империя күйрегеннен соң Францияның қол астына өтті.Осындай қиындықтарды басынан өткерген сириялықтар уақыт бойына бостандық үшін күресіп,1946 жылы 17 сәуірде қол жеткізді.Бұл күні Сирия халқында ұлттық мереке-Эвакуация күні тойланады.

Дамск - әлемдегі ең ежелгі қала.

Сирияның астанасы Дамск б.з.д. 753 жылдарда ақ керемет гүлденген қала болған. Күні бүгінге дейін әлемдегі ежелгі қалалар арасындағы халқы арылмаған кәрі қала болып саналады. Ол христян дініңін орталығы болған. Дамск қаласының тарихи құрлыс орталықтары жақсы сақталған. Бір қаланың өзінде 200 - ден астам мешіт бар. Көптеген архитектуралық ескерткіштер Асад ханның керуен сарайы, әлі күнге акведук қолданылатын әлемге әйгілі моншасы бор.

Нория деген не?

Нория-сұйықтықты жоғары көтеріп,ағызатын дөңгелек.Осындай нориялардың ең ежелгілері Сирияның Хама қаласында өте жақсы сақталып қалған.Олардың айналасындағы қалақшалары суды көсіп алып 25 метрге дейінгі жоғарыда орналасқан каналға апарып құяды.Суды егін алқаптарына,үйлерге,моншаларға,субұрқақтарға жеткізіп тұрады.

Нориялар Сирия жерінде мұнан шамамен 5мың жылдай бұрын ойлап табылған екен.Қондырғы әлемдегі ең ежелгі қондырғылардың біріне жатады.Суды қажет жерге жеткізу үшін пайдаланатын нориялар Сириның Оронт өзенінде орналасқан.Бүгінде 17 нория сақталған,олардың тек сән үшін ғана қызмет атқарады.Әрі олар тарихи ескерткіш ретінде сақталған.Тарихшылардын айтуынша,нориялар Сирия жерінде Византия империясы билік еткен тұста салынған екен.

Хама қаласының орталығында орналасқан алып дөңгелектер бірден көзге түседі.Олардың ең үлкені ескі қала аумағында орналасқан.Ол Мухамедия деп аталады (ондағы нориялардың барлығында атаулары бар).Бұл дөнгелек 14-ші ғасырда салыныпты,ол осыншама уақыт бойына жақын маңайдағы мешіттерге су жеткізу үшін қызмет етіп келген.

Сирия-халқының ең айнымас дәстүрі-қонақжайлық.Кез келген Сириялық сені қонаққа шақырса,одан бас тартуға болмайды.Онда жергілікті тұрғын ренжіп қалуы мүмкін.

Барлық сириялық тағамды оң қолымен жейді.Тіпті кішкентай сәбилерді де соған үйретеді.Сол сияқты біреуден бір затты алғанда немесе ұсынғанда сол қолды созу әбестік деп бағалайды.Тағамды тұрып немесе жүріп бара жатып жеген адамды олар ұнатпайды теріс қарайды,ұнатпайды.

Сириялықтармен қол алып амандасу-үлкен құрмет.Бірақ бір қолдап тұрып амандасып,басқа қол босқа тұрса,ол әбестікке жатады.Сирия халқы сәлемдескенде сол қолын жүрек тұсына қояды.

Кез келген жергілікті тұрғынның үйіне тұрғынның үйіне кіргенде аяқкиімді шешу қажет.Олар аяқкиімен төрге озбайды.

Шетелдік саяхатшыларға қойылған талаптар да бар.Рұқсатсыз мешіттерді,қорғандарды суретке түсіруге болмайды.

Сен білесің бе?

Сирияны көбіне «мыңжылдықтардың жаңғырығы»деп те атайды.

Еуропа елі енді дамып жатқанда,Сирия тұрғындары егін егіп,дөңгелекті ойлап тапқан,жұлдызды аспанның бейнесін картаға түсіріп,алгебра мен химя пәнін ойлап тапқан.

Дамаск қаласы-әлемдегі ең ежелгі қалалардың бірі,сондай-ақ дүнйе жүзіндегі ең ежелгі ел астанасы.

Сирияда мұсылмандар халықтың 85 пайызын құрайды.

Сирия өркениеттің тарихы б.з.д. төртінші мыңжылдыққа барып тіреледі.

Елдің атауы семит сөзі «Сирионнан» пайда болған ежелгі грек отаршылары Ассириядан келіп шығады.

Сирия жерінде ең көп қолданылатын тілдердің қатарына армиян және түрікімен тілдері жатады.

Сирияда жазудың ең алғашқы түрлерінің бір-финикалық жазу үлгісі пайда болған.

Сирия Дабаль-ан-Ниссария тауларымен екіге бөлінеді.Оның бір жағы шөл дала,екінші бетінде ауылшаруашылығы дамыған.

Мұнан көптеген ғасырлар бұрын әлемге дамаск болаты,дамаск маталары мен жібегі кеңінен танылған.

Малайзия

Қысқаша анықтама

Астанасы - Куала - Лумпур

Жер көлемі - 329749 км.кв

Халқы - 21300000

Тілі - малай, қытай, ағылшын.

Валютасы - малай доллары

Малайзия елінің туында ислам дінінің символы - жарты ай мен жұлдыз бейнеленген. Онда діні кең тараған. Ал жұлдыздың 13 сәулесі мен 14 жолақ Малайзия Федерециясының 14 мүшесін білдіреді. Тудың көк түсі - Малайзия халқының бірлігін паш етеді. Көп елдегідейМалайзияның елтаңбасыда да артқы аяқтарымен тік тұрған жолбарыстар бар. Ол барырлық пен күштің символы. Сондай - ақ бұрынғы 5 малайлық княздіктің және қазіргі штаттардың таңбалары бейнеленген. Олардың ортасында малай халқының ұлттық гүлі - бөрітарақ (гибискус) тұр.

Петронас мұнаралары- көк тіреген егіз ғимарат.

Ол көбінесе «малайзиялық егіздер» деген атпен танымал. Петронас Тауэрс көп жылдар бойына әлемнің ең биік ғимараты атағын иеленіп келеді. Қазір ол Дубайдағы зәулім ғимаратқа ғана орын берген. Төбесі көкпен таласқан ғимарат Малайзияның астанасында орналасқан. Әрқайсысының биіктігі 375м, ал төбесінің сүмбісімен қосқанда 451,9 м жетеді. 88 қабаттан тұратың бұл ғимарат 1995 жылдан бастап 1998 жылға дейін созылған. Жоғары жылдамдықпен жүретін лифт 1,5 минутта көтерілушілерді жоғарғы қабатқа жеткізіп тастайды. Ондағы барлық бөлмелердін алаңын қосқанда 48 футбол алаңының көлеміне тең. Мұнараның арасы 41 мен 42 қабаттар арасында 58 м көпірмен жалғасқан.

Бұлт арасындағы көпірде болғын келе ме?

Кейде бұлттармен көмкеріліп, тамашалаушылардың ертегі еліне еніп кеткендей әсерде қалтыратын бұл көпір Лангкави аралындағы тау үстінде салынған. Ол әлемдегі бір ғана тіреушісі бар көпірлер қатарына еңгізілген. Теңіз деңгейінең 652,2 м биіктікте орналасқан ол екі тау арасында ілініп тұрғандай. Бір ғана тіреуішімен көптеген темір арқандардың көмегімен тұрған көпір 125 м созылады. Оның үстінде аралды қарап тамашалауға болады.

Бату - Кейвс үңгірі.

Куала - Лумпур қаласынан 13 шақырымдай қашықтықта Бату- Кейвс атты алып үңгір орналасқан. Зерттеушілердің айтуынша, үңгірдің пацда болғаны 400 мил. жыл бұрын. Бірақ ол 1878 жылы американдық табиғат зерттеушісінің көмегімен табылған.

Малйзиялықтар бүгінде алып үңгірді діни салт - жоралғылар өткізуге пайдаланады. Оның ішінде де сыртында да өте бай мүсіндермен толтырылған. Ең қызығы оның кіреберісінде адамдарды өте мейірбан маймылдар қарсы алады. Үңгірге кіру үшін 272 баспалдақ жүріп көтерілу қажет. Ал оның алдында үнділер сиынатын 42 м алтын жалатылған құдай мүсіні тұрғызылған.

Құстар бағына барайық.

Ол ел астанасында 1991жылы Көлді бақтар аймағында салынған. Бақтың көлемі 8 га жерді алып жатыр. Бұл ерекше бақта құстардың 2000 астам түрі бар. Олардың кейбір көп кездесе бермейтін түрлерін Австралия, Жаңа Зеландия, Тайланд, Нидерланд, Қытай сияқты алыс шетелдерден келген саяхатшылар тарту еткен. Осы құстар бағы аз ғана уақыт ішінде Малайзия елінің ең назар аударарлық орындарының бірі болған. Оны жылына 200 мыңнан астам адам тамашалайды екен. Бақтын ең бір ерекшелігі , ондағы құстар хайуанаттар бағындағыдай торда қамалып отырмайды. Еркін самғап үшып жүреді. Тек бақ айналасындағы биік бағаналар үстімен ғана тор жабылған Онда барған тамашалаушылар өздеріне ұнаған құсты қолдан тамақтандыруға мүмкіндік бар.

Онда көбелектер бағы да бар.

Бұл баққа кіргенде алдымен экзотикалық көбелектер ұшып шығады. Кішігірім бақтын үсті тормен жабылған. Олар жабайы табиғаттағыдай үркек емес, жақыннаң барып гүлге қонып отырған жерінен анықтап көре аласыз. Жалғыз соқпақ жолдын бойында ананас пен банан кесіліп қойылған үстелдер тұр. Ол ондағы көбелектердін тәтті тағамы.

Жыландар өмір сүретін ғибадатхана.

Малайзиядағы Пенанг аралы ежелгі дәуірдің құпиялардан сыр шертеді. Сондай құпиялы мекеннің бірі ескі ғибадатхана. Аңыз бойынша, ертеде аралда өте діндар адам өмір сүрген екен. Ол өз үйінең улы жыландарға орын беріп, олардың еркін өмір сүруіне жағдай жасапты. Жыландар содан бері аралда әлі күнгі мекендейді екен. Аралда орналасқан ғибадатханада да жыландар жайғасып алған. Әсіресе қытай күнтізбесіндегі белгілі бір күндерде ғибадатхана улы жыландарға тіпті толып кетеді екен. Оның құпиясын әлі күнге дейін ешкім білмейді.


© 2010-2022