Біздің Президент

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Елбасы өмірі мен қызметі жайлы қысқаша мағлұмат беру. 2. Дамытушылық: Оқушыларды өз Отанының жетістіктері жайлы таным – түсінігін қалыптастырып отырып дамыту. 3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, туған жерді, елді, ұлттық рәміздерді құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі: Әдеби-әуездік концерт сабақ Көрнекілігі: Рәміздер, слайдтар Барысы: Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздеріміз – Елтаңбамыз елдік еншімізді ерекшелеп, Көк байрағымыз биікке көтерілді, Әнұранымызды әлемдегі қауым тыңдап құрметтейді. Әнұран орындалады.   Жүргізуші: Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағынан үзінді. 1 – оқушы: ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1940 жылдың  6 – шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күн мен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің  ерекше күш – қуатқа ие екендігін олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді  Президенттің туған күні 6 санына тоқталар болсақ, тағы да бір қызық жағдайға кенелеміз. 6 – саны шындықты, ашықтықты жән... 2- оқушы: Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар ұстамды байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қатігез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін .
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Біздің Президент

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Елбасы өмірі мен қызметі жайлы қысқаша мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: Оқушыларды өз Отанының жетістіктері жайлы таным - түсінігін қалыптастырып отырып дамыту.

3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, туған жерді, елді, ұлттық рәміздерді құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Әдеби-әуездік концерт сабақ

Көрнекілігі: Рәміздер, слайдтар

Барысы:

Жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздеріміз - Елтаңбамыз елдік еншімізді ерекшелеп, Көк байрағымыз биікке көтерілді, Әнұранымызды әлемдегі қауым тыңдап құрметтейді.

Әнұран орындалады.

Жүргізуші: Н. Ә. Назарбаевтың балалық шағынан үзінді.

1 - оқушы: ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1940 жылдың 6 - шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туды. Шығыс күнтізбесі бойынша Нұрсұлтан аға ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күн мен тығыз байланысты. Бұл жылы туған кісілердің ерекше күш - қуатқа ие екендігін олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді Президенттің туған күні 6 санына тоқталар болсақ, тағы да бір қызық жағдайға кенелеміз. 6 - саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға бар күш - жігерін жұмсайды екен.

2- оқушы: Нұрсұлтан аға орта бойлы, жазық маңдайлы, ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар ұстамды байсалды еді. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, күшті, қатігез, сергек бала болатын. Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін .

Жүргізуші: Нұрсұлтан ағаның сөзінен үзінді:

3 - оқушы:... Мені құлқын сәріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы ертеңгі сағат 6 - дан ашылған дүкенге уақыттылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұратынмын. Қап - қара нан, салмақты, қолды сәл батырсаң қабығында саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден 10 бөлке әкелу үшін кезекке екі кейде үш рет қайтара тұратын едім.

Мұндай нанды ұзақ сақтауға болмайды.

Бөлкелерді турап - турап кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз.

Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болатын. Анда - санда сиыр бұзаулағанда, нағыз мейрамға кенелетінбіз. Біздің үй ғана емес айнала бәрі осылай тіршілік ететін.

4 - оқушы: Нұрсұлтан аға Шамалғаннан аудан орталығындағы бірден - бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқиды. Нұрсұлтан ағаның білім жолындағы өршілдігі өзгеше еді. Білгенін өзгелерге айтып отыратын. Тереңде білгісі келген балаларға өзі оқыған кітаптарынан әкеп беріп, оқып шығуын қадағалайтын. Соңынан бірге талқылауға шақыратын. Мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп, оқушылардың да белсенділігін арттыруға, олардың қабілетінің ашылуына ықпал етіп қана қоймай, өзінің жеке - дара ізденуіне де уақыт тауып отырды. Нұрсұлтан аға барлық пәндерді үздік аяқтады.

Ән: «Үшқоңыр»

Жүргізуші: Елбасының өмір жолдарынан қысқаша деректер.

5 - оқушы: Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанады. Теміртауда болашақ металлургтер дайындайтын фабрика - зауыт училищесіне оқуға түседі. Елбасының мамандық таңдауы, еңбек жолы осыдан басталады.

Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесін 1960 жылы бітіріп шығып, Теміртау қаласындағы Қазақ металлург құрылысына қарасты «Домекстрой» тресінде 1960 - 69 жылдары жұмысшы, кейіннен домна цехінда шойын қорытушы, домна пешінде горновой, домна пешінде диспетчер, Қарағанды металлургия комбинатының домна пешінде газшы қызметтерін атқарды. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп - транспорт бөлімінің меңгерушісі 1969 - 71 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің І хатшысы. 1971 -73 жылдары Теміртау қалалық партия комитетінің ІІ хатшысы.

6 - оқушы: 1973 - 77 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының хатшысы, Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, кейіннен ІІ хатшы қызметтерінде болды. 1979 - 84 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің хатшысы. 1984 - 89 жылдары арасында Қазақ КСР Министрер кеңесінің төрағасы.1989 -90 жылдары Қазақстан орталық партия комитетінің І хатшысы, осымен бір мезгілде Қазақстан орталық партия комитетінің саяси бюросының мүшесі. 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін, атқарды. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Тұңғыш Президенті болып сайланды. 1991 жылдың 1 - желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.

7 - оқушы: 1996 жылы «Алтын қыран», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен және көптеген шетелдердің орден, медальдарымен марапатталды.

Жүргізуші: Ән « Атамекен»

Жүргізуші: Нұрсұлтан ағаның Елбасы қызметіндегі жұмысы және Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресінен.

8 - оқушы: Қазақстанның жер көлемі 2753 шаршы шақырым (бес Франция немесе 10 Ұлыбритания аумағындай) Халқы 15000000 адам.1991 жылғы 10 желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақ Кеңестік социалистік Республикасының Қазақстан Республикасы болып аталуы жөнінде заңға қол қойды. 1991 жылғы 16 желтоқсан ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды. 1991 жылғы 29 тамыз Президент жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.

9 -оқушы: 1992 жылғы 25 қаңтар ҚР БҰҰ- на қабылданды. 1992 жылғы 4 маусымда ҚР Туы, Елтаңбасы, және Әнұраны туралы заңға қол қойылды(слайд көрсетіледі).1993 жылы 15 қараша ҚР ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енгізілді. 1995 жылғы 1 - наурыз Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. 1997 жылғы 11 - шілдеде ҚР Тіл туралы Заң қабылданды. 1997 жылғы 20 қазан Президенттің Жарлығымен Ақмола қаласы ҚР астанасы болып жарияланды.

10- оқушы: 1998 жылы 6-мамырдағы ҚР Президентінің жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

1999жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие болды.

2000 жылы Астана қаласы халықаралық Ассамблеясына мүше болды.

11-оқушы: Достық пейіл- татулықтың тірегі,

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан,

Елордамыз Еуразия жүрегі.

12- оқушы: 2010 жылдың 1- 2 желтоқсанында Астана қаласында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп, ХХІ ғасырдағы 7 Саммиті жоғары деңгейде болып өтті. Саммит (Жоғары деңгейдегі кездесу)- қатысушы елдер мемлекет және Үкімет басшыларының мерзім сайын өткізіліп тұратын кездесуі.

13 - оқушы: Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі ұйым - Қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын және Солтүстік Американың, Еуропамен Орталық Азияның 56 елін біріктіретін әлемдегі аса ірі өңірлік құрылым.

14- оқушы: 1975 жылдың 30 шілдесі - 1 тамызында Финляндия астанасы - Хельсинкіде 35 мемлекеттің басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қорытындысы актісіне қол қойылды. Саммитті ұйымдастырған мемлекеттер:

1990 - Париж (Франция)

1992 - Хельсинки (Финляндия)

1994 - Будапешт (Венгрия)

1996 - Лиссабон (Португалия)

1999 - Ыстамбұл (Түркия)

2010 - Астана (Қазақстан)

Ән: «Алтын бесік»

15 - оқушы: Осы Саммитте ЕҚЫҰ - ның негізгі міндеттері мен мақсаттары бойынша: бірінші өлшемі аясында әлем қауіпсіздігіне басар назар аударылды. Сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту, жаппай қырып - жоятын қару- жарақтар таратуды ауыздықтау, терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, адам саудасы мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы бірлесе күресу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар экономикалық - экологиялық себетінің басымдықтары қаралды. Соңғы жылдары табиғаттың тосын мінез көрсетуімен бірге, адам қолымен жасалған экологиялық апаттарда аз еместігі белгілі. Арал проблемасы да қозғалды. Көптеген елдің басшылары үшінші өлшем негізінде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау гуманитарлық қолдау мәселелерін сөз етті.

Жүргізуші: ТМД елдері ішінен Қазақстанның бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткені халқымыз үшін үлкен абырой. ЕҚЫҰ-ға жетекшілік еткеніміз және Астана Самиттің жоғары деңгейде өткізгеніміз Қазақстан тарихында жазылып қалмай,әлемдік шежіреде жазылып қалды. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың даналығы, сұңғыла саясаткер екендігі баршаға мәлім.

16-оқушы: 2011 жылы 30 қаңтар мен 6-ақпан аралығында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының соның ішінде әсем де көрікті ару қала Алматы мен Астананың қалаларында 7 қысқы Азия ойындары өтуде. Азия Олимпиадалық кеңесі- Азияның 45 ұлттық оглимпиадалық комитеттерін біріктіріп отырған халықаралық олимпиадалық ұйым. Азия Олимпиадалық кеңесінің штаб-пәтері Кувейтте орналасқан.

17-оқушы: «Астана алауы»

Азиада -төрлет Қазақ төріне,

Туды көтер қазағымның көгіне,

Бақыт болып келдің туған жеріме,

Қуаныш боп ендің бүгін Еліме!

18-оқушы: Ұлт Көсбасшысы - Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында елдің экономикалық жағдайы түзелді, қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі көтерілді. Соның арқасында Президент халық жүрегінен орын алды. Сондықтан қазақстандық қоғам өкілдері елбасымызды жалпыхалықтық референдум өткізіп, Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы бастамасын маңызды шешті.

Ән: «Сыр сұлуы»

Жүргізуші: Ақын Жұбан Молдағалиев жырға қосқандай, қазақ-«мың өліп, мың тірілген» халық. Бірақ, осы халықтың дәл бүгінгідей атағы аспандап, абыройы асқақтап көрген емес. Халқымызға осы атақ пен абыройды алып берген ұлты үшін туған кемеңгер, еңсесі биік Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз.



© 2010-2022