Урок по казахскому языку Антонимдер

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Шалкөде орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нусипова Мадира

Сыныбы: 5-сынып

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты:

Антоним сөздерден алған білімдерін пысықтай отырып, халық өнерін, әдебиетін тілін ардақтай білуге үйрету, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Әдіс -тәсілдер: топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ- жауап, «Топтастыру» стратегиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Абайдың портреті, кесте.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен амандасу;

- Шаттық шеңбері;

- Сыныпты антоним сөздерге байланысты мақал- мәтелдермен 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Құрамында антонимдер бар жұмбақтар жазу

Мағынаны тану. Әр топ өздері дайындап келген сұрақтарды қарсы топқа қояды.

  1. Омонимнің анықтамасын айт. Мысал келтір.

  2. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы мен ұқсастықтары қандай?

  3. Синоним дегеніміз не? Анықтамасын айт, мысал келтір.

  4. Антонимдер дегеніміз не? Мысал келтір.

Бекіту кезеңі:

  1. Оқулықпен жұмыс.

96-жаттығу. Ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңдар.

2) Үлестірмелі карточкамен жұмыс

1-топ. Төмендегі сөздердің антонимдерін тауып жаз, сөйлем құра.

Жас, үлкен, жоғары, ашық, таяз.

2-топ. Антонимдерге мақал- мәтел тауып айт.

3-топ. Төменде берілген антоним сөздерді жұп-жұбымен жаз, бір жұп антонимді қатыстырып сөйлем құра.

3) Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгейлік тапсырма.

Мақалдар мен жұмбақтар құрамындағыантонимдерді бір бағанға, болымды-болымсыздық мағынадағы сөздерді бір бағанға жазыңдар.

Мақалдар.

  1. Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

  1. Мал сақтама, ар сақта.

  2. Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

  3. Берекені көктен тілеме,

Еткен еңбектен тіле.

Жұмбақтар.

  1. Бүгін киген ақ тоным,

Ертең болар қара тон. (жер)

  1. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. (таба нан)

  1. Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. (тасбақа)

  1. Ти десем, тимейді,

Тиме десем, тиеді. (ерін)

ІІ деңгейлік тапсырма.

Төменде берілген сөздердің антонимдерін тауып, сөйлем құра.

Ыстық. Ащы. Қысқа. Биік.

ІІІ деңгейлік тапсырма.

«Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз» (Абай) Абай жұмбағы үзіндісінен бір жұп антонимге шағын әңгіме жазыңдар.

Қорытындылау.

«Топтастыру» стратегиясы бойынша антонимдер жайлы алған білімдерін топтастыру.

Мағыналары бір-біріне Ойды бейнелі жеткізудің

Антонимдерқарама- қарсы болады. ұтымды тәсілі.

Ойды әсерлі жеткізеді. Мақал-мәтел, жұмбақтардың

құрамында жарыса қолданылады.

Үйге тапсырма.

99-жаттығу, «Лексика» тарауынан өткенді қайталау.



© 2010-2022