«Қыз, жасөспірім, бойжеткен» Жоғары сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарлама

           Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін бұл курстын жұмысы – оқу – тәрбие жұмысының кұрамды бөлігі. «Ұлтты қыз сақтайды» - дейді халық даналығы. Ал олай болса қыз баланың ұлттық өнерге, мәдениетке, тазалыққа, әдемілікке, тілге деген сүйіспеншілігі жөргектен басталып, мектепте дамуы қажет.          8-11 сынып қыздарына арналған авторлық бағдарлама арқылы оқушылар қазақ қызының бойындағы ұлттық салт – дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, бармағынан бал тамған шеберлігін, ұқыптылығы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі В.Х.Койшыгалиеваның сыныптан тыс жұмыс «Қыз, жасөспірім, бойжеткен»





Сын - пікір

Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу деген сөз.Қыз бала-болашақ әйел, болашақ ана, шаңырақтың ұстап тұрар уықтары, тіршілікті жалғастырушылар. Жақсы қыз тәрбиелесек-жақсы ана, жақсы әйел тәрбиелегеніміз.

Тәрбие мәселесінде, әсіресе қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу қажет. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу арқылы оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлікке үйрету, қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған.

Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде болатын физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу.

Бұл бағдарлама мазмұны берілген тақырыптарға сай, материалдар жүйелі тәртіппен жазылған.

Жұмыстың тақырыбы толық ашылған, қойылған мақсаттар орындалған. Қолданылған іс-тәжірибелік материалдар сенімді, бұл жұмыс тәжірибелік маңызға ие. Мұғалімдерге қажетті көмекші құрал. Сондықтан да бұл әдістемелік іс-тәжірибе жұмысын аудан және облыс көлеміндегі мектептерге қолдануға лайықты деп есептейміз.



Пікір жазған: Габдуллина Б.Б. - аудандық білім бөлімінің әдіскері

Владимирова Ж.В. - ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасының тәрбие ісінің меңгерушісі

Аудандық білім бөлімінің эксперттік комиссия отырысының шешімімен ұсынылды

Хаттама № «______»_______________2014 жыл



Құрастырушы: ЖББ Амангелді орта мектеп -балабақшасының

жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Койшыгалиева Венера Хаировна



Рецензент: ЖББ Амангелді орта мектеп - балабақшасының

тәрбие ісінің меңгерушісі

Владимирова Жадра Владимировна

Бұл бағдарлама 8-11 сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарламада әр түрлі тақырыпта қыз балалармен өткізілетін іс-шаралар, кездесулер, ақыл-кеңестер берілген. Жұмыстың тақырыбы толық ашылған, қойылған мақсаттар орындалған. Қолданылған іс-тәжірибелік материалдар сенімді, бұл жұмыс тәжірибелік маңызға ие.

Мұғалімдерге қажетті көмекші құрал.




Тасқала аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің Сараптама кеңесі


САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Жұмыс: «Қыз, жасөспірім, бойжеткен»

Тақырыбы

Авторы Койшыгалиева Венера Хаировна жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

/Аты-жөні, лауазымы,жұмыс орны/

Жұмысты қай мекеме ұсынды:Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасы

Әдістемелік кеңесінің

/кабинеттің әдістемелік кеңесі/ОПКБА және КДИ/орталығы, АӘ/ҚӘК/кеңесі, білім мекемелерінің әдістемелік кеңесі/


Бағалау өлшемдерінің қорытындысы

Бағалау өлшемі

Бағасы

1

Жұмыстың өзектілігі:

Дүниеге оң көз қараспен қарап, қоғамда өз орынын таба отырып, инабаттылыққа әдептілікке тәрбиелеу

Жалпы педагогикалық

Білім берудің жаңа моделіне көшуге әзірлік тұрғысынан

2

Жұмыстың ғылымилығы

«Сын мен сымбат» үйлесімділігін ескере отырып, қыз баланы дұрыс тәрбиелеудің жолдарын табу.

3

Мазмұнының жүйелілігі

Осы бағдарлама бойынша өткізілген әр түрлі іс-шаралар бұл жұмыстың мазмұнының құнды да мәнді екенін дәлелдеді.

4

Баяндау қисындылығы

Бағдарламаның баяндау қисындылығы: пікір алмасу, ой бөлісу, дөңгелек үстел, сайыс кештер, тәжірибе алмасу түрінде өткізіледі.

5

Жұмыс формасының нақтылығы

Барлық өткізілген іс-шаралар тартымды да, қызықты, өз мақсатына жетіп тұрды.

6

Кімдерге арналған

8-11 сынып оқушыларына арналады

7

Теориялық құндылығы

«Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана, қоғам қайраткері» екенін ғылыми тұрғыдан дәлелді

8

Практикалық құндылығы

Бойжеткеннің жеке тұлғалық сипатын анықтау, әр түрлі сайыстарға қатыстыру. Мысалы: «Бұрымды қыз», «Мектеп аруы» т.б.

9

Қолдану мүмкіндігі

Алған мәліметтерді, ақыл кеңесті әр оқушы қыз бала өмірде қолдана алады.

10

Материалдың жаңалығы

Көптеген маңызды, пайдалы кеңестер бір жүйеге келтіріліп, жинақталады.

11

Авторлық үлесі

Ұстаз мақсаты оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге, өз ойын ашық айтуға жетелейді.

12

Баяндау мазмұнының сауаттылығы

Қыз балаларға дұрыс тәрбие беру арқылы олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

13

Рецензиялау сапасы

Авторлық бағдарлама аудан,облыс көлемінде мұғалімдер арасында таратуға ұсынылады

Сараптама қорытындысы: Бұл бағдарлама қыз балаларға дұрыс тәрбие беру арқылы, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Облыс көлемінде таратылуына ұсынамыз.

(жариялауға нұсқау, толықтыруға нұсқау, жұмыстандыру)

Эксперттік кеңестің төрайымы: Жанекенова Б.Ж.

Эксперттік кеңестің мүшелері: Дакишева Э.М.

Габдуллина Б.Б.

Тасқала аудандық білім бөлімі

Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп балабақшасы











«Қыз, жасөспірім, бойжеткен»

Жоғары сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарлама

(Амангелді орта мектеп балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Койшыгалиева Венера Хайырқызының сыныптан

тыс жұмыстары ұйымдастырудағы іс-тәжірибесінен)





















2014 жыл

«Қыз - жасөспірім, бойжеткен» атты сыныптан тыс жұмыстың курс бағдарламасы

(жоғары сынып оқушылары үшін)

Дайындаған: ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімі Қойшыгалиева Венера Хайырқызы

Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:

Аудандық білім бөлімінің әдіскері:

Мұғалім жас өскелеңге әдеп тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесі негізінде «Қыз, жасөспірім, бойжеткен» бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл бағдарламада қыз бала тәрбиелеуде оның нәзік те инабатты, байсалды, сабырлы, әдепті, төзімді, алғырт, әдемі, тәрбиелі болуына бағыт береді.

Қыз бала тәрбиесіне байланысты жұмыстың жоспары мен өткізілген кейбір іс-шаралардың ұстаз тәжірибесін тарату мақсатында осы бағдарламаны ұсынады.





Мазмұны:



  1. Кіріспе



  1. Курстың мақсаты мен міндеттері



  1. Бағдарламаның жоспары









Кіріспе

Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін бұл курстын жұмысы - оқу - тәрбие жұмысының кұрамды бөлігі.

«Ұлтты қыз сақтайды» - дейді халық даналығы. Ал олай болса қыз баланың ұлттық өнерге, мәдениетке, тазалыққа, әдемілікке, тілге деген сүйіспеншілігі жөргектен басталып, мектепте дамуы қажет.

8-11 сынып қыздарына арналған авторлық бағдарлама арқылы оқушылар қазақ қызының бойындағы ұлттық салт - дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, бармағынан бал тамған шеберлігін, ұқыптылығын, адамгершілік қасиеттерін танып біледі.

Сонымен қатар жеке басының тазалығы мен болашақ ана, отбасы ұйытқысы ретінде қалыптастыру.

Бүгінтгі бойжеткен - ертеңгі ана, болашақ жар, асыл әже, қамқоршы, ақылшы жан екенін жасөспірім бойжеткеннің санасына жеткізу. «Қызға қырық үйден тыйым» дегендей қыз баланы мектеп, ел, қоғам тәрбиелеу.

Курс 34 сағатқа есесптелген, 8 бөлімнен тұрады.







Курстың мақсаты:

  • Тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту;

  • Зердесін дамыту;

  • Эмоциясы мен сезімдерін дамыту;

  • Қиыншылықтарға төтеп беруін дамыту;

  • Өзіне - өзінің сенімділігін арттырып, жақсы көруді дамыту;

  • Дүниеге оң көзқараспен қарау, өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігн дамыту;

  • Халқымыздың салт-дәстүрін таныту, ептілікке, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәнінен түсінік беру.

Курстың міндеті:

  • Қыз балалардың отбасындағы тәрбиесі, оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы, мәдени өрісі биік етіп өсіру;

  • Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі асыл жар, аяулы ана. Осыған орай жоғарғы сынып оқушыларына гигиеналық, этикалық, эстетикалық, жыныстық мәні бар кеңестер беру;

  • Жасөспірім, бойжеткенге үй ұстау, ас пісіру, кісі сыйлап, қонақ күту мәнді де мағыналы тұрмыс құра білу - өмірден алынған іс-тәжірибелер арқылы мағлұмат беру.





І бөлім

Кіріспе

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

1

Қыз - өмірдің қызғалдығы

Әңгімелесу

1

2

Бойыңды күт, бойжеткен

Ақыл-кеңес беру

1

3

Ажарыңа ақау түспесін

Пікір алмасу

1

4

Ақ тісіңді кір шалмасын

Ақыл-кеңес беру, дәрігермен кездесу

1

5

Көзіңнің нұры таймасын

Ой бөлісу

1

6

Егер сымбатты болғың келсе

Кеңес беру, әңгімелесу

1

7

Шаш - әйелдің көркі

«Бұрымды қыз»

Сайыс кеші

1

ІІ бөлім

Киімің бойыңа жарасымды болсын

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

8

Күнделікті киілетін киімдер.

Әңгімелесу, кеңес беру

1

9

Жұмысқа киетін киімдер

Әңгімелесу, кеңес беру

1

10

Сәндік киімдер

Әңгімелесу, кеңес беру

1

11

Салтанатты жағдайда киілетін киімдер

Әңгімелесу, кеңес беру

1

12

Кімге қандай киім жарасады

Кеңес беру

1

13

Киіміңді күтіп ки

«Адам көркі - шүберек»

Диспут

1

ІІІ бөлім

Әдептілік-әдемілік

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

14

Мектепте өз өзін ұстау

Әңгімелесу, кеңес беру

1

15

Көшеге шыққанда өз өзін ұстау

Әңгімелесу, кеңес беру

1

16

Мәдени орындарда өз өзін ұстау

Әңгімелесу, кеңес беру

1

17

«Көктем сұлуы»

Байқау

1

ІV - бөлім

Жаңа ғасырдың аждаһасы

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

18

Темекінің зияны және алкоголизм

Әңгімелесу, дәрігермен кездесу

1

19

Есірткі шегіп, ессіз болма

Кеңес беру, сауалнама өткізу

1

20

Нашақорлық қоғам дерті

Әңгімелесу, дәрігермен кездесу

1

21

СПИД ажалға апарар жол «Ажалмен ойнама» (кеш)

Әңгімелесу, пікір алмасу

1

V - бөлім

Жарасымын тапқан жақсы

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

22

Сыпайы сөйлеу - мәдениетті болу

Кеңес беру, әңгімелесу

1

23

Жақсы сөз - жарым ырыс

Диспут

1

VІ - бөлім

Семья сәні - сыйластық

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

24

Жас отау

Әңгімелесу

1

25

Екеудің құпиясы

Пікір алмасу

1

26-27

Келін - шаңырақтың алтын қазығы

Пікір-талас

1

28

Ажырасудың сәби санасына әсері «Сырласайық, жеңеше»

Дөңгелек үстел

1

VІІ - бөлім

Отауыңды ұстай біл

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

29

Аяғына қарап, асын іш

Кеңес беру

1

30

Тазалық - денсаулық кепілі

Дәрігермен кездесу, сауалнама өткізу

1

31

Бала - адамның бауыр еті

Әңгімелесу, пікір алмасу

1

32

Сау бала - сау анадан туады

Дәрігермен кездесу, әңгімелесу

1



VІІІ - бөлім

Өзің білмесең, өзгеден үйрен

Тақырыбы

Өткізілетін түрі

Сағат саны

33

Ас - адамның арқауы

Көрме ұйымдастыру, кеңес беру

1

34

Өнерді үйрен де жирен

«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер»

Сайыс

1

Барлығы 34







Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Тәрбие құралы» - журнал № 1, 2004, №4, 2004

  2. «Қызым саған айтам...» Ж.Байжанова 1985 Алматы «Қайнар»

  3. «Ұл есейсе, қыз өссе» Д.Колесов. 1988ж, Алматы «Мектеп»

  4. Сынып жетекшісінің анықтамасы. Алматы «Мектеп» 1982ж.

  5. Жұлдыздар отбасы (газет) №2, 2005ж.

  6. Қазақстан әйелдері (журнал) №10, 2004ж.

  7. Ата-ана, бұл сіздер үшін. О.Чик. Алматы «Мектеп» - 79.

  8. Қазақстан мектебі №11, 2003ж, №4,6, 2004ж.

  9. «Семья бақыты» Ж.Байжанова 1985 Алматы «Қайнар»

© 2010-2022