Ашық сабақ Міржақып (4 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мерзімі:4.03.2016
Пәні: әдебиеттік оқу, Сыныбы: 4 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов. Наурыз (жыл басы)

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Оқушыны Міржақып Дулатовтың

өмірімен таныстыру. «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп,

түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын
ашуға жағдай жасау, үйрету.

2)Дамытушылық: Оқушыларды өлең, мақал-мәтел

арқылы тілдік қорларын дамыту,өз ұлтына деген

сүйіспеншілігін дамыту.

3)Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін,

дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған слайдтар, Міржақып Дулатов портреті, электронды киіз үй

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық (слайд)

  • Бұл қай жыл мезгілі?

  • Көктем.

  • Ал көктемнің алғашқы айы қалай аталады?

  • Наурыз.

  • Наурыз дегенде есімізге не түседі.

  • Наурыз айындағы мерекелер.Ұшып келе жатқан құстар, жайқалып өсіп жатқан гүлдер, өрісте жайылып жүрген мал.Осы суреттердің ішінде қай сурет үй тапсырмасына байланысты?

2. Үй тапсырмасын тексеру

«Түлік туралы сабақ»

Үй тапсырмасын бекіту (сұрақ-жауап)
Қой атаулары: торпақ, тоқты, тұсақ, саулық.

Сиыр атаулары: тайынша, торпақ, баспақ, дөнежін, құнажын.

Ешкі атаулары:серке,шыбыш,теке

Жылқы атаулары: жабағы, құнан, тай, дөнен, бесті

(Наурыз туралы бейнекөрініс)

- Бейнекөріністе қандай мереке тойлануда?
Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - Жаңа жыл Наурыз мерекесі.
Наурыз мейрамы-өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсының «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан.
Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі - «Ұлыстың ұлы күні» - деп атайды екен.

- Ендеше бүгінгі сабақта біз М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңімен танысамыз.

3. Жаңа сабақ

Сұрақ-жауап, сабақтың мақсатын айту

Міржақып Дулатов (1885-1935) -жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы-педагог. Жастайынан жетім қалып, ағасының қамқорлығында өседі. 1928 жылы халық жауы деген жалған жаламен 10 жылға абақты жазасына кесіледі. Абақтыда жатып, ауыр науқастан қайтыс болады. Қазақ әдебиетінің алғашқы романы болып саналатын «Бақытсыз Жамал» атты романы бар.

Өлеңді оқушыларға оқып беру, түсіндіру

Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды.

Сұрақ-жауап:

-Өлең не туралы? Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің?

-«Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолда өлең қай кезде жазылған?


Дәптермен жұмыс:

Өлеңді кешенді сатылай талдау:

  1. Авторы: Міржақып Дулатов

  2. Тақырыбы: Наурыз (жыл басы)

  3. Жанр түрі: өлең

  4. Идеясы: Көктем мезгілі, наурыздың жылдың басы, көктемдегі табиғат құбылысын тусіну.

  5. Шумағы: 4 шумақ

  6. Тармағы: 16 тармақ

  7. Бунағы: 2бунақ

  8. Ұйқас түрі:а-а-б-а

  9. Тәрбиелік мәні (ауызша)

Сергіту сәті Ән: «Наурыз -думан»

Топтық жұмыс
1-топ Ұйқасы бойынша екінші шумақтың сызбасын дәптеріңе сал.
2-топ «Наурыз - жыл басы» тақырыбына шағын әңгіме жаз

3-топ: Бейне сұрақ (Наурыз сөзінің мағынасы қандай?

Наурызша дегеніміз не?)

Сабақты бекіту:

  1. Бүгін қандай өлеңмен таныстық?

  2. Авторы кім, қай жылы туылды?

  3. Көктемде табиғат қалай өзгереді?

Наурыз тепе-теңдік мерекесі.
Наурыз күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы.
Наурыз күні -имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш.
Наурыз -көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен молшылық бастауы.
Наурыз мерекесі -мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: . Өлеңді жаттау, 3,4-шумақтың сызбасын дәптерге салу.

Бата беру. "Батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді" демекші, бұл күні ақсақалдар ақ батасын аямайды. Қазақ халқында батаның небір түрлері бар. Сондай баталардың бірі төмендегідей:

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса да жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Әумин!


© 2010-2022