Мұғалім-қасиетті мамандық өзі туралы эссе

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім- қасиетті мамандық

Адамның бойында мұғалім мамандығына деген бейімділік болуы педагогтың шеберлікті меңгеруге көп әсер етеді. Педагогикалық қызметпен сол мамандыққа бейімі бар, дарынды, қабілетті адамдар айналасуы керек.

Педагогикалық бейімділік дегеніміз өз пәнін жете білетін, психологиялық-педагогикалық теорияны және оқу-тәрбие ептілігі мен дағдысын жаксы меңгерген осыларды тұлға қалыптастыруда орынды қолдана білуді айтамыз.

Мұғалімге міндетті қасиеттің бірі-гуманизм, яғни адамға жер бетіндегі ең жоғары құндылық деп қарау. Оқушымен ізгілік қарым-қатынаста болу,олардың жеке басына құрметпен қарау, сыйлау, әр уақытта көмекке келу. Мұғалім әрқашанда белсенді, шығармашыл тұлға.

Мұғалімнің білінбейтін кәсіби қасиеті-әділдік. Педагогтың әділдігі оның адамгершілік беделін асырады.Ұстаз әрқашан мақсатты талап қоя білуі керек. Ол-мұғалімнің жұмысының жемісті болуының шарты. Жоғары талапты мұғалім әуелі өзіне қоюы тиіс.

Ұстаз шәкірттерімен қарым-қатынас жасауда педагогикалық тактіні сақтауы қажет.Такт-мұғалімнің ақыл-ойының, сезімнің және мәдениетінің шоғырлануы.

Мұғалім өз жеке көзқарасы бар, оны қорғай білетін, жігерлі тұлға бола білуі шарт.

Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп, сол білімін жеке тұлғаға білім мен тәрбие беруде шебер қолдана алуы керек.

Кешегі, бүгінгі педагогикалық жаңашылдық үрдістері кеңінен қолданысқа енгізу керек.

Қорыта келгенде, мұғалім үшін ең маңыздысы оқушының іс-әрекеті, тұлғалық өзін-өз ұйымдастыруын басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сай іс қылу.

Педагогтің міндеті-оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасиеттерін өз бетінше дамуына жағдай жасап, көмек көрсету.

Педагогикалық-психологиялық шеберлікті терең меңгерген, тәжірибелі ұстаздан білім-тәрбие алған оқушылар мектепті бітіргенде төмендегідей компоненттердің иесі болады:

  • салауатты өмір салтын ұстанады;

  • жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтарды игерген,адамдармен мәдениетті қатынастар жасайды.

  • әлеуметтік бейімділігі қанағаттанарлық,қоғамда болып жатқан саяси құбылыстардың мәнін аңғарады;

  • өзінің құқықтарын біледі және қорғай алады,конституциялық міндеттерін адал орындайды.

  • айналадағы қоршаған дүниеге ғылыми көзқараспен қарайды.

© 2010-2022