Бұл ойын менің өз авторлық шығармам

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бұл ойын менің өз авторлық шығармамБұл ойын менің өз авторлық шығармамАқылыңнан айналайын ойыны

Мақсат - ақшаның тек ақылға, білімге сатылатынына балалардың көзін жеткізу.

Толеранттылыққа тәрбиелеу.

Қағидасы: Жақсы өмір сүргің келсе, ақшаның құлы болма, ақша ақылдыны өзі табады.

Кіріспе сөз алдында: Видео көрсету.

Психологиялық көңіл күйді көтеру үшін Сергіту өткізу.

Сөз құдыреті сыни ойлау, сын айта білу сын көтеру - ақылдының ғана қасиеті екенін айту. «Айналайын» сөзінің мағынасын ашу.

Топ мүшелерін ортаға шақыру.

Ойын ережесімен таныстыру.

Көрнекілігі: Слайд - шоу, музыка, видео,

Видео - Бай адам деп кімді айтамыз.

Әлемдегі ең бай адам болғың келеді ме?

Ол үшін не істейсің?

I-кезең

Жүйрік болсаң қуып көр.

Әр сұраққа дұрыс жауап

10 тенге


  1. Сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуынан «Мұз бен от елі» деп аталатын ел (Исландия)

2. Орыс қызының есімімен аталатын өзен (Лена)

2.

3. Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары қалай атайды? («Аяз Атаның мекені»)

4. Қазіргі шайдың атауымен аталатын Шри-Ланканың бұрынғы атауы (Ассам)

4.

5. Еуропадағы қай мемлекетті «Сүт фермасы» деп атайды. (Дания)

6. Пішіні жолбарысқа ұқсайтын түбек (Скандинавия)

5.

7. Еуропадағы бұл елді «Қызғалдақтар елі» деп атайды. (Нидерланды)

6.

8. «Күншығыс елі» (Жапония)

9. Ұл баланың есімімен аталатын пайдалы қазба (Алмас)

Қазақстан қорықтары

10- Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері кездесетін қорық (Наурызым)

11- Үстірт қорығында өсірілетін жабайы қойдың түрі (Муфлон)

Әлем саяхатшылары

12- 1911 жылы «Фрам» кемесімен Антарктиданың жағалауына келген ол 4 жолдасымен ары қарай итке жегілген шанаға отырып саяхатын жалғастырады.Ержүрек саяхатшы Оңтүстік полюске жетіп, онда Норвегияның туын қадайды. (Руаль Амундсен)

13- Су асты зерттеулерінің негізін қалаушы және алғаш акваланг ойлап тапқан

француз теңіз саяхатшысы. Экспедицияның материалдары бойынша мұхиттағы

тіршілік туралы көптеген фильмдер түсірілді. (Жак Иф Кусто)

Елтану

14- Отын түрлерінің жетіспейтіндігіне қарамастан, елдің экономикасы өте жақсы дамыған елдердің қатарында.Энергетикалық ресурстардың 80 ﹪-дан астамын сырттан әкелінеді, шойын мен болат қорытудан дүние жүзінде ең алдыңғы орындағы ел. (Жапония)

15- Бұл елде 1993 жылдан бастап халыққа тегін электр энергиясы, су, табиғи газ және ас тұзын беру жүзеге асуда.Газ өнеркәсібі халықты жұмыспен қамтамасыз ететін сала.Суармалы егіншілік пен қой шаруашылығы басты орынды алады, Копетдаг тауының етегі атақты ахалтеке жылқысының Отаны. (Түрікменстан)

16- Бұл жоғары дамыған елді «теңіз бен тау елі» деп атайды.Оның келбетін машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, шарап өндірісі мен субтропиктік егіншілік анықтап береді.Бұл ел әлемге атақты музыканттарды, көркемсурет шеберлерін сыйлаған.Шетелдік туризмнен көп пайда түсіреді, жыл сайын 36 млн-ға жуық туристер келеді. (Италия)

17- Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстары негізінде халықаралық туризм дамыған. Әлемдегі ең ірі өзеннің атырауында тұрғандықтан жергілікті халық ауыл шаруашылығымен айналысады.Мақта-ел экспортының маңызды бөлігінің бірі. (Египет)

Жануарлар дүниесі

18- Өзіне қажетті қоректің бәрін эвкалипт жапырақтарынан алады, ренжәсе бетін басып жылай салатын, еш уақытта су ішпейтін, тым ұйқышыл, түнде тамақ жеу үшін оянатын, баяу қозғалатын аң,оны қалталы аю деп те атайды. (Коала)

19- Шығыс Қазақстандағы мүйізінен (панты) бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар

(Марал)

Өсімдіктер дүниесі

20- Африка материгіндегі Намиб шөлінде өсетін бұл өсімдік 2000 жылға дейін тіршілік етеді.Жапырақтары ұшынан бірте-бірте қурап, сабағынан өсіп отыратын өте сирек кездесетін өсімдік. (Вельвичия)

21- Амазонка бассейнінде жапырағының диаметрі 2 метр, 50 кг дейін жүк көтере алатын гүлді өсімдік өседі.Ол қалай аталады. (Виктория-регия)

22- Бұл ағаштың биіктігі 100 м-ге дейін жетеді, қабығы қалың, отқа тез жана қоймайды.Өсуге кедергі келтірмеуі үшін ағаш жыл сайын қабығын тастайды. (Эвкалипт)

23- Оңтүстік Американың саваннасында бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш (Кебрачо «балта сынар»)

24- Ява аралындағы вулкан шыңында 3 мың метр биіктікте өсетін гүл-вулкан атқылау ошағының жақын екендігін көрсетеді екен.Жергілікті халық бұл өсімдікті қалай атайды?(«Өлім гүлі»)

25 - Қай жемісті «шөл падишасы» деп атайды (Құрма пальмасы)

КӨРЕРМЕНМЕН ОЙЫН

IІ-кезең

Құнды сөз - құнарлы ойдан туады

Әр дұрыс сөзге

20 тенге

IІ -кезең

ИАНМЕДРИ - МЕРИДИАН

РТОКВЭА - ЭКВАТОР

СОПМАК - КОМПАС
ЛАПЬРЛЕАЛ - ПАРАЛЛЕЛЬ
ЮПЛОС - ПОЛЮС

САПТАС - ПАССАТ
НОСМУС - МУССОН
ФАЙТНУ - ТАЙФУН

ДОНАРОТ - ТОРНАДО

ЛАНКУВ - ВУЛКАН

ТАЙФУН (ағылш. typhoon, қыт. тай фын - үлкен жел) - Тынық мұхиттың Оңтүстік-шығыс Азияға жақын бөлігінде пайда болып, сұрапылдауыл түрінде әрекет ететін тропиктік циклонның аты. Тайфун көбінесе жаз бен күзде Филиппин және Маршалл аралдарыныңаралығында түзіліп, сағатына 10 - 20 км (тәулігіне 350 - 500 км) жылдамдықпен солтүстікке, солтүстік-батысқа жылжиды. Құрлыққа жеткеннен кейін солтүстіктен, солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, сағатына 30 - 50 км (кейде 100 км-ге дейін) жылдамдықпен Жапон аралдарына барадыі. Мәселен, Жапон аралдарында өткен бір Тайфун кезінде мұхит деңгейі 2 м көтеріліп, 10 мин. ішінде екі ірі қала - Осака мен Кобе қатты қирап, 3 мыңдай адам шығыны болып, 15 мыңнан астамы жарақаттанды. Тайфун өткенде нөсер жаңбыр жауады (кейде тәуліктік мөлш. 1000 мм-ге жетеді). Тайфунды алдын ала болжаудың маңызы зор. Халықаралық келісім бойынша арнаулы метеоролог. Жер серіктері Тайфунды суретке түсіріп, оның түзілуін және ауысу бағытын хабарлап отырады. Бұл ашық мұхиттағы кемелердің бағытын өзгертуге, жағалаудағы халықты алдын ала сақтандыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзі метеорологтарының келісімі бойынша жаңа түзілген әрбір Тайфун әйел атымен аталады.

Торнадо - диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен басым бөлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында, әсіресе Миссисипидің орта ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ әжептәуір күші бар дауыл.

ІІІ - кезең

«МЕНІҢ ТАҚЫРЫБЫМ»

Сөйлей білмеген кісіден, үре білген ит артық.

Сөйлей білмес жаманның, сөзі өтпес бір пышақ.

1- сәт: Менің түсінігім.

(3 минут) 150 тенге

2- сәт: Менің дәлелім.

(2 минут) 150 тенге

3 - сәт: Менің болжамым.

(3 минут) 150 тенге

ІV - кезең

СУПЕР ОЙЫН Дұрыс жауап 100 тенге

ЕСКЕРТУ:

Сіз осы сұраққа өзіңіз жауап бере алмасаңыз көмек сұрай аласыз?

Ол үшін;

1- жеке телефоныңыз арқылы досыңыздан көмек сұрай аласыз.

Бірақ сіздің ақшаңыз 20 теңгеге кемиді.

2 - рет сұрағыңыз келсе, залдан көмек сұрай аласыз?

Онда ақшаңыз тағы да 20 теңгеге кемиді

  1. СҰРАҚ

Бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани аңызына айналған, ақындары жырлаған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері.

Осы күнге дейін бұл жердегі «мұрты бар қорғандардың» құпиясы ашылған жоқ.

Бір археологтар бұл, мәйіт басына салынған құрылыстар десе, екіншілері көне обсерватория дегенге саяды.

Археологиялық қазба жұмыстары мұнда осыдан үш мың жыл бұрын да тау-кен өнеркәсібімен кеңінен айналысқанын және ондағы жергілікті тайпалардың Иракқа, Үндістанға және Грецияға мыс, қалайы, күміс және алтын жөнелтіп отырғандығына куәлік етеді.

Бұл жерді «көлдер мен бұлақтар елі» деп те атайды.

Әңгіме Қазақстанның қай жері туралы болып отыр? ұлытау

2 -СҰРАҚ

Индустриялы, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған ел.

Халықаралық еңбек бөлінісінде, ең алдымен, машина жасау өнеркәсібімен ерекше көзге түседі.

Бағалы шыны шығарудан Яблонец, Сыра жасаудан Пльзен, ал әйгілі «Кох-и-нор» қарындашын шығарудан Ческе-Будеевице қаласының даңқы әлемге әйгілі.

БҰЛ ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ? чехия

3 -СҰРАҚ

Біз тексеруді бастағаннан - ақ түсініксіз жағдайлар бірден басталды.

Программа істен шықты, 2-3 сағатқа дейін жұмыс жасауға мүмкіндігі бар аккумулятор әр 45 минут сайын сөніп қала берді. Зерттеу нәтижесінде бұл жердің энергетикасы ТИБЕТТЕГІДЕЙ және аномалиялық деп шешім қабылдадық деді ДЕЙ. Бұл әңгіме қай жер туралы болып отыр?

Үштоғай шаршысы - Торғай

I-кезең

  1. Жүйрік болсаң қуып көр. Әр сұраққа дұрыс жауап 10 теңге.

Бұл ойындағы сұрақ саны - 25


  1. КӨРЕРМЕНМЕН ОЙЫН

IІ-кезең

Құнды сөз - құнарлы ойдан туады. Әр дұрыс сөзге 20 теңге

Бұл ойындағы сұрақ саны - 9



  1. ІІІ - кезең

«МЕНІҢ ТАҚЫРЫБЫМ»

Сөйлей білмеген кісіден, үре білген ит артық.

Сөйлей білмес жаманның, сөзі өтпес бір пышақ.

1- сәт: Менің түсінігім.

(3 минут) 150 тенге

2- сәт: Менің дәлелім.

(2 минут) 150 тенге

3 - сәт: Менің болжамым.

(3 минут) 150 тенге

ІV - кезең

СУПЕР ОЙЫН

Әр Дұрыс жауап 100 тенге

ЕСКЕРТУ:

Сіз осы сұраққа өзіңіз жауап бере алмасаңыз көмек сұрай аласыз?

Ол үшін;

1- жеке телефоныңыз арқылы досыңыздан көмек сұрай аласыз.

Бірақ сіздің ақшаңыз 20 теңгеге кемиді.

2 - рет сұрағыңыз келсе, залдан көмек сұрай аласыз?

Онда ақшаңыз тағы да 50 теңгеге кемиді


14 мамыр 2013, 16:42

Мұндайда болады екен ғойй!!!

Әрбір ата-ана өзінің баласын ең мықтылардың, ең ерекшелердің санатына жатқызады. "Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне" деген сөз бекер айтылмаса керек. Бірақ бүгін біз ұсынған тізімнен кейін перзентіңізге деген көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін… Немесе белгіленген рекордтардан асып түсемін деген мақсат пайда болып жатса, таң қалмаңыз.

Лиззи Кларк - "әлемдегі ең нашар бала". Қыздың бала кезінде бүлдіргендерінің барлығын тізіп беру мүмкін емес нәрсе. Дегенмен бірлі-жарымына көз жүгіртіп көруге болады:

- Ата-анасының су жаңа көлігіне «Мені жуындыр» деген жазуды пышақпен қашап жазады;

- Анасының сөмкесінен 5 дана 100 долларлықтарды алып жағып жіберген;

- Билл Клинтонның қызын шақырыңдар деген талаппен Ақ үйге 167 рет телефон соққан;

- Құбыршекті (шланг) алып, ата-анасының жатын бөлмесін жүздеген литр сумен толтырып тастаған;

- Петарданың көмегімен унитазды жарып жіберуден қайтпаған;

- Анасының сүйікті орхидеяларын оттықтың газымен жоқ қылған;

- Иттерінің құйрығын қайшымен кесіп тастаған;

- Екі мысықтың көзін соқыр қылып тынған;

- Атышулы қыздан сұхбат алуға келген журналистің қалатасына өзінің аю ойыншығын салып жіберіп, ұрлықшы деп айыптап, масқарасын шығарған.

Ата-анасы қызымыз әлі кішкентай (8 жасында) болғандықтан, жазалағанымыз дұрыс болмас деп орны толмас қателікке ұрынды.

Лу Хао - Қытайда өмір сүретін "әлемдегі ең семіз" ұл бала. Бала өмірге келгенде, салмағы 2,6 келі болған. Тек бірнеше айлардан кейін күрт толықтай бастайды. Лу үш жасқа толғанда салмағы 60 келіге жеткен. Бала қалаған тамағын әкеліп бермейінше айқайлап, жылап жатып алатын көрінеді. Кішкентай томпақтың ата-анасы есеңгіреп, дәрігер есігін талай қақты. Алайда олар да мұндай жойқын тәбет пен Хаоның артық салмағын түсіндіріп бере алмай отыр.



Каран Сингх - "әлемдегі ең ұзын бала". Екі жасар баланың бойы 130 см, ал салмағы 42 келіні құрайды. Бөбектің анасының да бойы ұзын келеді (2 м, 20 см). Қазіргі таңда бақытты отбасы Үндістан жерінде өмір сүріп жатыр.



Джейли Лингдо - "әлемдегі ең кәрі бала". Оның жарық дүниеге келгеніне 27 жылдың жүзі болғанымен, дамуы 2 жасар баланы көрсетеді. Салмағы 11 келі болса, бойы 84 см, сондықтан оны "әлемдегі ең кәрі бала" деп атап отыр. Оның жасын анықтауда көмекке келетін тістері ғана. Дәрігерлер балаға өте сирек кездесетін «pan-hypo pituitarism» сырқатына шалдыққан деген диагноз қойып отыр. Бұл кеселдің емі табылмаған.



Оскар Ригли - "әлемдегі ең ақылды бала". Екі жасында баланың IQ-і (интеллект коэффисенті) 160-қа тең болған. Бұл Альберт Эйнштейннің шамасымен тең. Өзінің қатарластарынан 100 есе дамып кеткен бала планетаның ең ақылды адамдарының тізіміне қосылды ( «Менса» Оксфорд клубы).



















Бұл ойын менің өз авторлық шығармам









Бұл ойын менің өз авторлық шығармам





© 2010-2022