Менің туындыларым, өлеңге ғашықпын. .. Мои стихи - моя душа

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сафарова Асем Муратовна

Қазақстан Республикасы Жетісай қаласы «Тұран» мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі, «Өркен» газетінің тілшісі

Менің туындыларым, өлеңге ғашықпын...

Ұстаз- ұлы есім!

Ұстаз - ұлы есім ғой білгендерге,

Ерінбей оқытатын жас буынды.

Келешек кілті бізде дегендерге,

Бағыт-бағдар беретін өте құнды.

Білімнің бау-бақшасын гүлдететін,

Ғылымның төл бесігін тербететін.

Мұғалімдер сыйлысың халық үшін,

Қоғамның қалап жатқан өз іргесін.

Санамда сарқылмаған есімдер бар,

Балдайын білімменен азық берген.

Танымның кеңейтіп ап ауқымын тар,

Жақсылықтың көшінен қалмай ерген.

Заңы бар ұстаздықтың ұстанатын,

Адалдықты ту етіп күш алатын.

Адамды тәрбиелеу оңай емес,

Бір сәтте қалыбымен бұзылатын.

Елімнің даналарын дараласам,

Ұстазды қадір тұтып паналаған.

Маңдайдан тер боп аққан тек еңбекті,

Білімге қол жеткізер деп санаған.

Еріншек болмаса екен шәкірттерім,

Жұлдызы жанып тұрған көкейінде.

Салиқалы ой түйіп зерделедім,

Аудартып ұл - қыздардың зейінінде.

Уақыттың зуылдаған шегі бар ма,

Арманшыл оқушымын мен кешегі .

Бас ием дүниедегі ұстаздарға,

Қанатын қатайтатын кез келгені.

Ақын да болғым келді жыр жазатын,

Тілші де болғым келді мұң шағатын.

Аспаз болғым келіп еді дәм ұсынар,

Әртіс болғым келіп еді , әнші де бар.

Тағдыр мені сынаққа салғанымен,

Ұстаздықты сый етті өн бойыма.

Қиялымның ұшырып самалымен,

Арманымның топтады гүл шоғына.

Мен өзімді бақытты ұстаз деймін,

Сүйетін бала жанын жүрегіммен.

Тәрбиені іліммен ұштастырып,

Ойлайтын болашағын тереңінен.

Құттықтаймын ұстаздар мерекемен!

Толсын шаттық - қуаныш көңілдерге.

Жемісін еңбек берсін берекемен,

Шәкірттер құрмет етіп бұл өмірде.

Ана

Шашуым жырым менің таусылмайтын,

Асуым ана мейірімі сарқылмайтын.

Тілегім асылыма тек жақсылық,

Жадырап көңіл көзі жарқылдайтын.

Баурына ықыласпен тарта білген,

Анамды мен ардақтап үлгі етем.

Тербетіп шаңырақты шайқалтпастан,

Берекесін келтіріп, ырыс терген.

Гауһар тас іздеп жүріп мал жинаған,

Адамның пейілінен көзі ұрланған.

Білгендерге анадан асыл тасты,

Жаһанда қанша кезбе таба алмаған.

Жүйкесін жұқартамыз бала болып,

Көптің мәнін түсінбей шала солып.

Құдіретін ананың ана сынды,

Ұғынар сәтте жетер жасым толып.

Мен анамды жайқалған бақ деп білем,

Жырлаған жүрегіммен оған ерем.

Көзінің бір тамшысы төгілмейді,

Жауаптымын мен өзім сөзді берем.

Астана

Сарыарқаның төсінде,

Сұлуланған Астана.

Қазағымның көңлінде,

Сақталатын Астана.

Армандарға жол ашқан,

Киелісің Астана.

Күнде өсіп жайқалған,

Байтақ далам Астана.

Жас пен кәрі тамсанып,

Сүйсінетін Астана.

Самал желің ән салып,

Қуат берген Астана.

Ғимараттар сәулетті,

Көрік қосқан Астана.

Есіл бойы дәулетті,

Көз қуантқан Астана.

Ақ пейілді еліме,

Сенім берген Астана.

Өркениет көгіне,

Ұмтылатын Астана.

Жаятын кең құшағын,

Қонақ келсе Астана.

Дін басылар тұрағын,

Жасап берген Астана.

Ақ алтынның асқақтаған тұрағысың Мақтарал

Биіктердің шыңындайсың шымырларға жол сілтер,

Өнерлерді тек шыңдайсың талаптарын өстіртер.

Даналардың қомақты ойын өн бойына сіңіріп,

Киелі өлке өсіп келеді жас ұрпағың естіртер.

Еркелеген ерке назбын топырағыңды сүйетін,

Арман қуып, үміттеніп, ел, жер үшін күйетін.

Адалдықтың асылындай арқалаған жүгімді,

Мақтаралға тарту етем түйсігімде түйетін.

Туған жерім теңдесі жоқ сөзбен өрнек өретін,

Кең даламның дархандығы -ай көңіл көзі көретін.

Алғаш рет шырылымның қоңырауы шалынған,

Махаббаттың мекенісің тек ғашықтар көнетін.

Ыстық ауаң тәнімменен жаныма ем беретін,

Адал еңбек шаруаңның ырысы ғой теретін.

Ақ алтынның асқақтаған тұрағысың Мақтарал,

Ақын қызың,шабытты өлең құдіретімен еретін.

Терезеңнің теңдігіне талай көршің көз салды,

Төбең мықты шегеленген шекелері соққы алды.

Бірлікпенен татулықтың нышаны бар бесігім,

Әсемденген шөл далаңның келбетіне таң қалды.

Мерейіңнің үстемдігін келер буын сезінсін,

Туын елдің биіктетіп, надандықтан безінсін.

85 жыл тұрақтап өркен жайған,

Иманды елің бақыт нұрға кенелсін.



© 2010-2022