Сахналық қойылым «Менің отбасым»

Мұғалім: Бұл қалжыңның түбінде, Жатыр өмір шындығы. Сіздер бізге ренжімей, Мән беріңіз тақырыпқа. Анасы: -Сәлем, құрбым, жан құрбым! Хабарласпай кеттің ғой? Мүмкін маған келіп кетерсің, Дәмді шайдан ішіп, әңгімені айттармыз. Иә, иә, жұмыс көп! Шыға алмаймын бір сәтке. Үйдің жұмысы да бастан асады, Кір жуасың , кешкі тамағың бар жасайтұғын. Қызы: -Анашым, мен ойнағаннан жалықтым. Оқиықшы ертегіні бірге? Анасы: -Балам,қызым, қоя тұршы, Оданда бос отырған әкеңе бар. Оқып берер ертегіні... Анасы: ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сахналық қойылым «Менің отбасым»

Мұғалім:

Бұл қалжыңның түбінде,

Жатыр өмір шындығы.

Сіздер бізге ренжімей,

Мән беріңіз тақырыпқа.

Анасы:

-Сәлем, құрбым, жан құрбым!

Хабарласпай кеттің ғой?

Мүмкін маған келіп кетерсің,

Дәмді шайдан ішіп, әңгімені айттармыз.

Иә, иә, жұмыс көп!

Шыға алмаймын бір сәтке.

Үйдің жұмысы да бастан асады,

Кір жуасың , кешкі тамағың бар жасайтұғын.

Қызы:

-Анашым, мен ойнағаннан жалықтым.

Оқиықшы ертегіні бірге?

Анасы:

-Балам,қызым, қоя тұршы,

Оданда бос отырған әкеңе бар.

Оқып берер ертегіні...

Анасы:

-Айтпа, керемет көйлек сатып алдым,

Жағасында жалтылдаған тасы бар.

Тағыда бір етік алдым,

Сөмке де сатып алдым.

Қызы:

-Анашым, мен ойнағаннан жалықтым.

Қуыршақпен ойнайықшы бірге?

Анасы:

-Ой,жаным,қызым!

Маған ойнайтұғын уақыт қайда?

Әлі кір жуып , тамақ пісіру кере.

Сен оданда әкеңмен ойна.

Қызы: -әке,әке, әкешім!

Оқымашы газетті,

Ойнайықшы допенен.

Киноға қашан барамыз?

Уәде бердің сен маған!

Әкесі:Қызым ,қызғалдағым!

Киноға да, парке де барамыз.

Бірақ артынан, мен демалысқа шыққанда.

Ал, қазір маған, газеттегі жарнаманы

Оқу керек тездетіп.

Сен әпкеңе бара ғой,

Әпкең сені бүгін қыдыртар.

Әпкесі : Сәлем менің ботақаным!

Неге отырсың ойнамай?

Қызы: Әпкетай, ойнайықшы бірге,

Сабақ оқып, сурет салайық?

Әпкесі: Жоқ, жоқ , ренжіме,

Бүгін менде уақыт жоқ.

Универге, кітапханаға барамын,

Одан кейін достарыммен кездесемін!

Қызы: Ойыншықтарды тізейін,

Жалғыз өзім ойнайын.

Құрметті әріптестер! Бұл қойылымды өзім аудардым. Әр отбасындағы балаға уақыттың аз бөлінетіндігі туралы мысал.Ұйқаспаған тұсын өзгертіп аларсыздар.

Кейіпкерлер бір отбасы мүшелері: әкесі газет оқып отырады, анасы телефонмен сөлесіп отырады, кенже қызы ойнап отырады.





© 2010-2022