Конспект внеклассного мероприятия, посвященного юбилею школы «Біз Шоқан туралы не білеміз?»

Это мероприятие было приурочено к юбилею школы. Целью мероприятия является любовь к родному краю, привитие чувства патриотизма, знание жизни и вклад выдающегося человека в науку, а также стремление к новым знаниям. Конспект состоит из вопросов и ответов. В мероприятии могут участвовать несколько команд, которые заранее должны изучить жизнь и деятельность великого казахского просветителя, востоковеда, географа, картографа, этнографа, лингвиста, законодателя Шокана Чингизовича Уалиханова. Коман...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мадиева Бақытгүл Советханқызы

ШҚО, Тарбағатай ауданы,

Тұғыл ауылы,

Ш. Уәлиханов орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі

"Біз Шоқан туралы не білеміз?"

Мақсаты: Мектебіміздің 50 жылдығына орай өткізілетін бұл шара арқылы ұлтымыздың мақтанышы, қазақ халқының жұлдызы- Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов туралы оқушылардың білімділік, танымдылық қасиеттерін арттыру, елжандылыққа, білімге құштар болуға, ел тарихын, тілін құрметтейтін жастарды тәрбиелеу.

С/түрі-интерактивті белсенді сабақ.


Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,ой- толғау.

№1сұрақ- 1862 ж., қаңтар айының 2-нде Сырымбеттен белгілі орыс ғалымы Бекетовқа жазған хатында " Дмитрию Ивановичу передайте мой поклон, когда увидите" деген Шоқан сөздері бірауыздан кімге бағышталған?

Жауабы: - "Дмитрию Ивановичу передайте мой поклон, когда увидите"- деп Шоқан Дмитрий Иванович Менделеевті айтқан.

№2 сұрақ- Шоқанның өз айтуынан үзінді:

-Бірде Нева проспектісі бойымен "найзағай" жүріске салып, қылышымды төмен түсіріп жіберіп шалқақ келе жатқанымда, бейтаныс адам келіп қылышымның ұшын басып тоқтатты. Қарасам…,- дей келе орыстың аты әйгілі жазушысын атайды, сол жазушыны 1 минут ішінде атаңдар?

Жауабы: - Ол - жазушы Иван Сергеевич Тургенев екен.

№3 сұрақ- Шоқан Уәлиханов "Бірінші бақсы, қазақтарды қобыз тартуға, сарын айтуға үйретті"- деп кім туралы айтқан?

Жауабы: - Ол, күй атасы, қазаққа ән, күй, музыка үйретуші Қорқыт ата.

№4 сұрақ- Ш. Уалиханов пен академик Әлкей Марғұланның қалыпты жұмыс тәртібінде бір көзге көрінбейтін рухани байланыс, бір ұқсастық болған.

Сол ұқсастықты табыңдар?

Жауабы:- Ол ұқсастық былай болған. 2 ғұлама адамның қалыпты жұмыс тәртібі былай болған, екеуі де түннің бір уағына дейін жұмыс істейді де, демалуға жатқаннан түстің мезетінде бірақ оянады екен.

№5 сұрақ- Аз жыл ғана жасаған Шоқан екі мақсатына жете алмай кетті, сол 2 мақсатты атасаңдар және сол мақсаттардың біреуін аз түрінде, біреуін мол түрінде, қоғамдық майданға Шоқанның із- өкшесін баса шыққан бір адам іске асырды. Ол адам кім?

Жауабы:- Шоқанның жете алмай кеткен мақсаттары: бірі- жазушы болу, екіншісі- қазақ арасында орыс мектептерін ашу. Осы екі мақсаттың біреуін аз түрінде, біреуін мол түрінде, қоғамдық майданға Шоқанның із-өкшесін баса шыққан Ыбырай Алтынсарин іске асырды.

№6 сұрақ- Ел арасында Шоқанның сәби шағында жасына жетпей сөйлегені жайында аңыз бар. Сол аңызды айтып беріңдер?

Жауабы:- Қазақ халқы сәби бір сөз айтқанға дейін бесікке бөленетін. Бір жолы сәби Шоқан ұйықтап жатқанда үйге қонақтар келіпті. Қонақтарға сүрленген жылқы еті тартылған кезде кенеттен ұйқысынан оянып кеткен Шоқан бесіктен қолын созып, тақ-тақ етіп сөйлей жөнеліпті:

"Әу, қонақтар, мені аш қалдырып жүрмеңдер. Ең болмаса еттен бір асатсаңдаршы." Қонақтар сасып қалыпты, оған бір кесек жылқының сүр етін беріпті. Нағыз хандық мінез көрсетіпті!

№7 сұрақ- Шоқан өзінің саналы өмірінде орыстың қай ақын-жазушысына аса көп еліктеген,ұқсағысы келген?

Жауабы:- Лермонтовқа еліктеген.

№8 сұрақ- Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиев 1811 жылы Қызыл ағашта туған.Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жаста екен. Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сол кезде жанұяға кім бас болады?

Жауабы:- Сол кезде жанұяға Уәлидің жесірі, Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) жылдары өмір сүрген бас болып қалады. Уақытша хандық құрады.

№9 сұрақ- 18 ғасырдың бірінші жартысында Айғаным Сперанскийден орыс патшасы Александр I-ң ізбасары інісі Николай I-і Сібірге саяхаты туралы естігенде, патша назарын қызықтырарлықтай не жасауды тапсырды?

Жауабы:- Айғаным- кйіз үйлерді барлық керекті жабдықтарымен жасауды тапсырды.

№10 сұрақ- Орыс География қоғамының мәжілісінде бірнеше сағат бойына Қашқар сапары туралы баяндама жасаған Шоқанға қойылар сұрақ та аз болған жоқ. Бір қызықты сұрақ қойылды француз тілінде:

-Азияттықтар бірнешее әйел алады деуші еді. Сіздің неше әйеліңіз бар?

Сол сұраққа Шоқан қалай жауап берді?

Жауабы: Шоқан бір сәтте тосылмастан француз тілінде:

  • Шығыста көп әйел алатын дәстүрдің бары рас. Әзірше өзімнің жалғыз ғана жарым бар. Ол- ғылым,- деген екен.

№11 сұрақ- Шоқанның әйелінің аты-жөнін атаңдар?

Жауабы: Әйелінің аты-жөні Айсара Көшенқызы болған.Тезек төренің үйіне 1864 ж. күзінде барған Шоқан оның Айсары есімді қарындасына үйленеді.

№12 сұрақ- Сәбит Мұқанов қай романында және сол романның ішінде қалай аталатын тарауында Шоқан есімді адам болуын 1913 жылы естігенін баяндаған?

Жауабы: С. Мұқанов "Өмір мектебі" р-ң бірінші кітабы "Сырымбетке саяхат" деп аталатын тарауы. Онда С. Мұқанов Шоқанның туған жері Сырымбет тауында, Шоқанның туған інісі- Қоқыштың үйінде болып, ол үйде "Шоқан жазды" деген қалың кітапты, ол кітаптың басында "Шоқан осы" деген суретті, "Шоқан салды" деген суреттерді көруі, солардың бәрі жазушы есінде қалғаны туралы баяндаған екен.

№13 сұрақ- Қазақ "ақсүйек" деп кімдерді атаған?

Жауабы:- Қазақ "ақсүйек" деп 2 ғана тұқымды атайды:

Бірі- Мұхаммед Пайғамбардың әулеті дейтін қожалар, екіншісі - хан тұқымдарының ұрпақтары.

№14 сұрақ- Қазақтар Абылайды хан тұқымы екенін көрген соң, әрі ерлігіне сүйенген соң, қазіргі Көкшетау облысының Щуче аталатын ауданындағы "Хан көтереді" Сол хан көтереді деген не?

Жауабы:- «Хан көтеру" дегені, хан үстіне 6 aқ отау тігіп, 6 қыз беріп, 600 жылқы, 6 мың қой беріп хан сайлайды екен.

№15 сұрақ- Шоқанның азанмен қойған аты Мұхаммед- Ханафия екені бәрімізге мәлім, сондай- ақ әке- шешесі кішкене күнінде еркелетіп Шоқан деген, кейде тағы бір атпен есімін еркелетіп айтқан, сол атты табыңдар?

Жауабы:- Тағы бір еркелетіп атаған аты Қанаш екен.

№16 сұрақ- 1858-1859 ж. Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты саяхатына барып қайтады. Сол саяхатты атаңдар және сол саяхаты туралы не білесіңдер сол туралы айтыңдар.

Жауабы:- Сол әйгілі саяхат атақты Қашқар сапары. Шоқан Қашқарияны жан жақты зерттеп, оның саяси және экономикалық құрылысымен жақсы танысып, бұл елді ерте замандардан бері мекендеп келе жатқан халықтың тарихы мен этнографиясы жөнінде бай материал жингайды, мұнда ол ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Оның архивінде Қашқардағы ұйғыр тілінде жазған жазбалары да сақталған. Сонымен қатар нумизматикалық, яғни ескілікті ақша, медаль жинағын, тау жыныстарының коллекциялары мен гербарий жасап алады.

№17 сұрақ-(Қара қорапша) -Жазушының 20-ма жылдан астам уақытын ізденіске салған еңбек сендердің алдарыңда.

Яғни сұрақ, мына қара жәшікте не бар?

Жауабы:- Қара жәшік ішінде С. Мұқановтың "Аққан жұлдыз" романы.

№18 сұрақ- Шоқанда, корпусты бітірген соң, Батыс Сібірдің сол кездегі генерал- губернаторы Гасфорт өзіне адъютант қылып алады. Әр жылдың 25 маусымы сол генерал- губернатор үшін мерекелі күн, ол күні 1796ж-ң Россияның патшасы- Николай I-ң туған күні екен. Генерал қаладағы гарнизонды парадқа шығарады екен.

-Сонда, әлгі Гасфорт өзінің барлық орден мен медальдарын төсіне тағады екен, сыймайқалғандарын Шоқаннан: - "Артылғандарын қайда тағам?"- деп сұрапты. Сонда Шоқан сендерше қалай қалжындап жауап берді?

Жауабы: Шоқан қалжыңдап: "Етігіңіздің қаныштарына тағыңыз"- деп"ақыл" айтады екен.

№19 сұрақ 1863-1864 жылдардың қысында Зайсан көліне сапар шеккен ғалым біздің өңір туралы былай деп жазған. "Осы жылдың алғашқы жартысында 1441 пұд қызыл балық, 383 пұд ақ балық, 1344 пұд т.б. балық түрлері ауланып, 157 пұд балық қырғыздардан сатып алынды. Осы мерзімде Зайсан көлінен барлығы 300- ге жуық жергілікті тұрғындар балық аулаумен айналысқан және саяхатшы Зайсан көлі бөліктерін, жер аттарын зерттеуге де аса назар аударған "Бесшана" балықшылар мекенінің мағынасы бір балықшы қырғыздың осы жерден 5 шана балық аулағандығымен аталған. "Тұйық" - қырғызша мықты, орысша "құмды" деген сөз" - деп жазды ол. Оның айтуынша "Ақтүбек" мүйісінен 5 шақырым жерде қырғыздар өз күшімен баспана салып, онда жергілікті молда 10- ға жуық баланы оқытады" - деп жазған саяхатшы Шоқанның досының аты- жөнін атаңдар?

Жауабы: 1863- 1864 ж. Зайсан көлімен оның маңдайында Г. Потанин бірнеше рет болып, аталған өңір табиғатын, жергілікті хал-ң шаруашылығы мен тұрмысын зерттеп, оны Батыс Сібір географиялық қоғамында баяндады, арнайы еңбек жазды.

№20 сұрақ- Ш. Уалиханов пен Ыбырайлар қазақ даласында орыс мектептері ашылсын деп мәселе көтерулеріне балаларға байланысты қандай жағдай себеп болды?

Жауабы: Ресейге бағынғаннан кейін, мырзалар жетім балаларды жинап алып, орыс қалаларында өтетін жәрмеңкеге апарып сататын болған, сол жағдайды және жалпы қазақ балаларының арасына тіршілік білімін таратуға тырысқандықтан олар осы мәселені көтерген. (Қазақ ұлттық мектебін ашу мәселесін көтерерлік жағдай ол кезде атымен жоқ болған)

Ой- толғау.

"Зерделі сөзге зер сал." оқушылар.

Ш. Уалиханов жайлы оқыған - білгендерін ортаға салады.

Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.



© 2010-2022