Внеклассная работа по экономику на тему Экономикалық жарыс

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шадиева Жазира Нантайқызы

Қызылорда көпсалалы колледжі

Қызылорда қаласы

Экономикалық жарыс сабағы: «Колледж кафесі»

Мақсаты: Өткен материалдарды бекіту және қайталау,экономикалық мағыналы сөздерді маңыздандыру.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: шағын топта жұмыс істеу, тез шешім қабылдап, уақытты тиімді пайдалануды үйрену.

Құрал жабдықтар, көрнекі құралдар: топтың ұраны, төс белгісі, топ аттары, өтініш жасау, өз кәсіпорның үшін жарнама ойлап табу, мәзір жасау, өзіңнің бренд салатыңды ойлап табу, дәстүрлі емес материалдардан даяшыға арнайы киім жасау. Столды безендіру үшін қажетті заттарды алып келу.

Ойынға қатысушылар 10 студенттен 2 топқа бөлінеді. Олар өз кәсіпорындарының ашылуына ақша табу керек. Қай топ көп ақша тапса, сол топ жеңімпаз болады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті достар! Бүгін біз сіздерді колледж кафесінде қарсы аламыз. Біздің әділ қазылар алқасы (таныстырылады) - басқаша айтқанда олар сіздердің банкирлеріңіз, сіздердің сұрақтарға жауаптарыңызға ақша төлеп отырады.

Біздің ұранымыз: «Шаруашылықты шебер жүргізу - табыс пен байлықтың кепілі». Енді әр топ өз тобының ұранымен, төсбелгісімен таныстырсын.

Жүргізуші: Назар аударыңыздар! Бірінші сайысымызды хабарлаймын. Кім сұраққа тез және дұрыс жауап берсе, сол топ лицензияға ие болады.

  • Лицензия дегеніміз не? (Бұл өз кәсібіңді немесе ісіңді ашуға заңды рұқсат қағаз)

  • Өз фирмаңды ашу үшін міндетті түрде жергілікті үкіметтің рұқсаты керек. Салақ комитетінің өз фирмаңды ашу үшін қажетті іс-қағаздарыңның дұрыс болуы қажет.

№1 сайыс: Сіздер өз кәсіпорныңызды ашу үшін өтініш жазуларың керек. Сіздің бизнесіңіздің сапасын қамтамасыз ету үшін, онда жұмыс істейтін мамандықтар иелері туралы, жабдықтар тізімін жазуыңыз керек. Әрбір тармақ үшін 500 теңге.

Сонымен банкте есеп-шоттарыңыз ашылды.

№2 сайыс: Әр топ өздерінің кәсіпорнының аттарын және лауазымдарды бөлуі қажет.

№3 сайыс: 2 минуттың ішінде БАНКНОТ деген сөзден көп сөз ойлап табу керек. Ойында жылдамдық еске алынады. Әр сөз үшін 100 теңге беріледі.

№4 сайыс: Кәсіпорныдағы ең маңызды лауазым егесі- есепші. Ол сұрақтарға жауап береді Әр сұраққа 200 тенге төленеді.

Сұрақтар:

  1. Үлкен кәсіпорынның қаражаты қай жерде сақталады? (банк)

  2. Шетел ақшасы қалай аталады? (валюта)

  3. АҚШ ақша бірлігі? (доллар)

  4. Шетелден тауар әкелу? (импорт)

  5. Нарықтағы бәсекелестік? (жарыс, конкуренция)

  6. Тауарға , қызмет көрсету туралы хабарлама жасау (жарнама)

  7. Ақшаны сақтау үшін м жанбайтын металдан жасалған жәшік? (сейф)

  8. Билет арқылы ұтыс? (лотерея)

  9. Ең қымбат металл? (алтын)

  10. Сатып алушыдан тауарларға сұраныс? (талап)

  11. Айлықты алдын ала алу? (аванс)

  12. Дұрыс жүргізілмеген жұмыс үшін кәсіпорынның жоғалтқаны не? (жоғалту)

  13. Үлкен арбаушы, алдаушы? (рэкет)

  14. Барлығы төлем жасайды? (салық)

  15. Тауардың құны? (баға)

  16. Тауарды айырбастау? (бартер)

  17. Тауарды көрсету үшін қойылған зат? (сөре)

№5 сайыс: Маркетингтің түрі-жарнама. Жарнама жасау. Бағасы 1000 теңге.

№6 сайыс: Кез келген кәсіпорын үшін маңызды нәрсе ол асхана. Енді сіздер өз салаттарыңыздың рецептерін дайындайсыздар. Бағасы -1000 теңге.

№7 сайыс: Тағам дайындау мәзірі. Бір мәзірге-100 теңге.

№8 сайыс: Сіздердің кәсіпорындарыңыздағы асхананың даяшысына әдеттегіден тыс киім дайындау қажет. Бағасы-5000 тенге.

№ 9 сайыс: Столды әзірлеу. Бағасы-2000 теңге.

№10 сайыс: Орынды безендіру. (сумайлық, дастархан т.б.) Бағасы-1000 теңге.

Жеңімпаздарды марапаттау.



© 2010-2022