«Қазақстан-достық мекені» атты сурет көрмесі

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу

орта мектеп - кешенінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы

3 «сынып»

Тақырыбы: «Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі

Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: сурет көрмесі
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

( Оқушыларды дөңгелетіп отырғызу)
Оқушыларды дөңгеленте отырғызып, сабақтың тақырыбымен таныстырамын.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
-Қазақстан қандай мемлекет?

-Дұрыс, тәуелсіз, көпұлтты, егеменді, тату мемлекет

- Ал, сендер қандай мектепте оқисыңдар?

-Неліктен ұлттық мектеп деп аталады?

-Біздің мектепте қандай ұлттар оқиды?

Біздің мектепте бірнеше өзге ұлт өкілдерінің балалары оқиды.

Балалар бізде осы апта -Тілдер апталығы деп аталады.Сондықтан біз сендермен біз бүгін « Қазақстан- достық мекені» тақырыбында сурет көрмесін өткізгелі отырмыз

«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі


- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай Қазақстан туралы шағын кинофильм көрсек.
( Қазақстан туралы фильм көрсету)

-Балалар мүмкін Қазақстан туралы өлең біледі шығармыз?

-Кәне, кім біледі?

-Кәне, Адэлина; Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.


-Жарайсыңдар балалар ,ендеше «Қазақстан- достық мекені» атты сурет салуымызды бастайық.«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі

«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі



«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі

Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің.
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

































№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені КММ



Қазақстан- достық мекені



( Тілдер апталығы аясында өткізілген сурет көрмесі)

Сыныптар: 3-4 сыныптар



Жауапты мұғалімдер: Ескендірова Қ.Н.

Байбатырова Г.М.























Петропавл қаласы, 2014жыл

© 2010-2022