Баяндама Жырлаймын - туған өлкемді

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жырлаймын, туған өлкемді

Туған өлке - құт мекен. Жер бетіндегі бар қазақтың тарихы иен тағдыры, болашағы, үміті, кіндік қаны тамған, көзін ашқанда көрген аспаны, кеудесін кере тыныстаған ауасы, тәй - тәй басқан топырағы, бал шекердей сімірген суы - нулы орманы және хайуанаттарымен құстары. Туған өлке - киелі жеріміз бен қасиетті еліміз, адамның алтын бесігі, оның өмір сүрген ортасы, тіршілік тынысы. Туған өлке - халқымыз бастан кешкен қиын кезеңдері тұсында дүниенің әр тарабына шашырап кеткен қандас бауырларымыздың жыл құстарындай қайта оралып жатқан тал бесік, ақ мекені.

Көркем әдебиеттің ұрпақ тәрбиесінде атқаратын рөлі өте жоғары. Бұл әлем халықтарының тәжірибесінен де анық көрінеді. Ұлылардың көркем әдебиет туралы айтып кеткен ұлағатты сөздері де соны дәлелдейді.

Туған жерсіз адамның күні жоқ. Туған өлкенің мағынасы тереңде жатыр. Балалық шағың, есейіп, білім алған мектебің, асыр салып ойнаған жерлерің барлығы біртұтас туған елің.

Ал әр адам үшін өз отбасы, туған жері, өскен ортасы өзіне ыстық. Қалам ұстаған жазушы, тарихшы, әдебиетші болсада туған жері туралы жазбай кетпейді. Абыралы өңірінен шығып, осы топырақтан жаралған сан ұлдары мен қыздарының туған жерлері, ардақты азматтары, тарихы туралы жазғандары туралы айтсақ, Алаш партиясының мүшесі болған «Семей таңы» газетінің алғашқы редакторы Мәннан Тұрғанбаевтың еңбектері. Сол еңбектерді жинақтап іздестіріп жүрген аталас туысы жерлесіміз Сейтжан Тәбәріковтың «Қайран Мәннан», «Тәбәрік» тағы басқа еңбектері ұрпақ үшін таптырмас қазына. Жерлесіміз Сапарғали Бегалин «Замана белестері» атты еңбегінде Жақсылық Төленов пен Мұхтар Әуезовтың достығы туралы жазған. Жерлесіміз Қазақ Энцклопедиясының тұңғыш редакторы Рымғали Нұрғалиевтың еңбектері оқушылардың сүйіп оқитын әдебиеттері Шаймұқан атаның «Тағлым» атты еңбегі, Нысанов Төлеуқадырдың «Естігендерім мен көргендерім» немесе «Өмір өткелдері», Мұрат Уалидің «Тюрские мотивы», Гүлсара Абешованың «Бақ тілі» атты оқулығы оқырмандардың сүйікті әдебиеттері. «Абыралы Сарыарқаның кіндігі» атты көп томдық энцклопедияның авторы жерлесіміз Нәсенов Болатбектің еңбектері, Бауыржан Жақыптың туған жер туралы жазған өлеңдері, Медеу Сәрсекенің шежіресі, фантастика тақырыбына арнаған «Көрінбесің көлеңкесі» т.б. еңбектері, мектептің зейнеткер ұстазы Абешова Айгүлдің «Ағайынды алтау» атты естелік шежіресі көпшілік оқырмандарға арналған. Ендігі біздің мақсатымыз оқушыларға туған өлкені сүюге, оның табиғатымен мен байлықтарын қорғауға, тани білуге, ұлтжанды патриоттық сезімдерін ұялатуға, өз ойларын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.



© 2010-2022