9 сынып оқушыларының негізгі мектеп бітірушілердің салтанатты түзулік жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 сынып оқушыларының негізгі мектеп бітірушілердің салтанатты түзулік жоспары

Музыка ойнап тұрады

Мұғалім:

9 сынып түлектері,

Қобалжулы жүректері

Әрқайсың да ерекшесің

Ұстаздың үрпектері



9 сынып балалары

Өте жақын аралары

Бәрінің биік саналары

Инабатты,сымбатты

Бір-біріне қымбатты

Құпиялы,жұмбақты

Барлығы да шын мықты.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!Біз бүгін «Негізгі мектеп бітіру» салтанатты түзулікке жиналып отырмыз.Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, негізгі мектеп бітірмек.

Қуанышты жүректер ән салады

Мектебім-алтын ұям ой салады

Бүгінгі қуанышты мерекеде

Жақсының жақсылығы айтылады дей келе негізгі мектеп бітіруші түлектерді ду қол соғып қарсы алайық

Аннотация оқылады

Жүргізуші:құрметті 9 сынып түлектері, ұстаздар, ата-аналар!Бүгін үлкен мереке.Барлығыңызды осы қуанышты мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Салтанатты түзулікті ашық деп жариялаймыз.

Әнұран орындалады

-Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаздар

Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамызда талпынып қақты қанат

9 жылда оң-солын таныған жас

-Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Негізгі мектеп бітіру салтанатымызға.

-Абзал жан бар биік тұлға, байсалды

Құшақ жая шәкірттерді қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды дей келе сөз 9 сынып түлектеріне негізгі мектеп куәлігі және винетка тапсыру үшін мектеп директоры Бекова Құралай Артықбаевнаға және мектеп бұйрығымен таныстыру үшін оқу ісінің меңгерушісі Жилқайдарова Айнаш Қайырбековнаға беріледі

Ән « Жайна» (Құсайын Талшын)

-Салтанатымызға бүгінгі

Ақ тілегін арқалап

Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз.

Келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.

III Музыкалық сәлем 9 сынып түлектеріне 8 сынып оқушылары жолдайды.

-Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкірттің жүрек сөзін қабыл ал, дей келе сөз кезегі 9 сынып оқушыларына және сынып жетекшісіне беріледі

1.Сынып жетекшісінің құттықтау сөзі.

Ата-аналарға алғыс хат

2.Әдеби монтаж

3.Биқатай Ернұр.Әзіл-сықақ

4.Үржар колледжіне оқуға баратындарға «патриот» номинация беріп, жолдама тапсыру.

5.Әлқисса би

6.8 сынып оқушыларына эстафета тапсыру.

7.8 сынып муз. сәлем.

Өтті сенде қызық шағым,

Негізгі мектеп-бұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Мұғалім:

Негізгі мектепті тауыстың,

Жоғарғыға ауыстың.

Құтты болсын қадамың,

Озаты бол заманның,

Биік болсын білімің,

Біреуі бол ірінің.

Осымен бүгінгі салтанатты түзулікті аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

Дискотека

© 2010-2022