«Тәуелсіздік-бақыттың шамшырағы» Тәрбие сағаты

Оқушыларға   облысымыздың  тәуелсіздік  алғаннан кейінгі  жеткен жетістіктермен  таныстыру, білімдерін  кеңейту . Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.  Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- бақыттың шамшырағы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қосла алдық. 23  жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- бақыттың шамшырағы»

Мақсаты: 1. Оқушыларға облысымыздың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейту . Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

1-жүргізуші

Құрметті ұстаздар, студенттер. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

2-жүргізуші

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- бақыттың шамшырағы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қосла алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан да айтып өтеміз.

  1. жүргізуші

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

  1. Жүргізуші

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

ХОР: Әнұран

  1. Жүргізуші

Өзінің кезекті «Қазақстан-2050» жолдауында Н. Назарбаев негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті.

2-жүргізуші

Тәуелсіздік жылдарында облысымызда қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағыты дәйекті жүргізілуде.

1-студент

Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 16 жас аралығындағы 27862 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылдынемесе орташа қамту 60,6 пайызды құрады, 3-6 жастағы балаларды есептегенде орташа қамту - 95,3 пайыз (2011 жылдың 1 қазанында - 59,9 пайыз). Облыстық білім басқармасынан хабарлағанындай, қазіргі таңда өңірде мектепке дейінгі 471 мекеме жұмыс жасайды, соның 143-і - балабақша, 39-ы - «мектеп-балабақша» кешені, 289-ы - шағын орталықтар.

Қазіргі таңда облыс бойынша мектепке дейінгі 5 жеке шағын орталық қызмет көрсетеді (олар «Талап» жеке гимназиясы жанынан 75 орындық, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі жанынан 50 орындық, "Алмаз L" көп қабатты үй жанынан 25 орындық және Теректі ауданы Юбилейный ауылында 20 орындық, «София» балаларды дамыту орталығы), оның 4-і толық күн (210 бала), яғни балабақша режимінде жұмыс жасайды.

2-студент

«Балапан» бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту бағытында жаңа ғимараттар салу, мектептердегі бос орындарды пайдалану арқылы аз шығынды мектепке дейінгі ұйымдарды ашу («мектеп-балабақша» шағын орталығы) жұмыстары жүргізілуде. Айталық, 2010 жылы бұрынғы балабақшалар ғимараттарын босатып, ** 530 орынға арналған 3 балабақша ғимараттары күрделі жөндеуден өткізіліп, іске қосылды.(олар Бөрлі ауданы Ақсай қаласында әрқайсысы 240 орындық 2 балабақша, Тасқала ауданы Тасқала ауылында 50 орындық,). 2011 жылы ** бос тұрған балабақшаларды қайтару арқылы 380 орынға арналған 3 балабақша ( Теректі ауданы Федоровка ауылында 120 орындық, Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында 120 орындық және Тасқала ауданы Тасқала ауылында 140 орындық) іске қосылды.

3-студент

Орал қаласында барлығы 46 мектеп болса, соның 18-і қазақ, 15-і орыс, 13-і аралас мектеп.

Ал қазақ мектептерінде барлығы 111 өзге ұлттың ұл-қызы білім алуда. Олардың 18-і орыс, 3-уі украин, 1-уі беларусь, 18-і өзбек, 8-і әзербайжан, 6-уы қырғыз, 2-уі тәжік, 40-ы татар, 2-уі кәріс, 2-уі неміс, 2-уі түрік, 5-уі ұйғыр, қалған төртеуі шешен, армян, итальян және қарақалпақ.

4- студент

«Болашақ» бағдарламасы, Елбасы университеті, зияткерлік мектептер туралы.

: Назарбаев зияткерлік мектептері.

2011 жылдың 19 қаңтарында басқарудың ерекше формасын белгілейтін , академиялық еркіндік және дербестік беретін «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» ҚР Заңы қабылданды. «Зияткерлік мектептердің базасында Кембридж университетімен бірлесіп білім берудің түбегейлі жаңа стандартты әзірлеуде, бұл стандарттар келешекте еліміздің барлық мектептеріне тарайды.2011-2012 оқу жылы бағдарламасы бойынша Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған және Өскемен , Орал қалаларында 6 «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жұмыс істеп, оларда 4 мыңнан астам оқушы білім алуда. Зияткерлік мектептепте білім берідің екі модемі жүзеге асырылады.Бірінші модель-жаратылыстану математикалық бағыттағы білім бағдармасын жүзеге асырады.Бұл бағдармалар бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.

5- студент

Екінші модель- негізгі және жоғарғы мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған.Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Назарбаев зияткерлік мектептерінің стратегилық бағыттары: бәсекеге қабілетті, өмір бойы оқуға дайын, отансүйгіш, үштілді және ақпараттық технологияларды игерген оқушыларды дайындау.

«Назарбаев университеті»

2009 жылы ҚР Президенті халықаралық деңгейде университет құру жобасына басшылық етті. 2010 жылы Назарбаев университеті құрылды.Бұл университет - иновациялық ғылыми зерттеуге бағытталған, қазіргі заманға сай, күшті инфроқұрылымы зор университет. Бұл оқу орнына интелектісі мол, ізденуге құштар студенттерді қабылдайды.

6- студент

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж - Қазақстан Республикасының ежелгі оқу орындарының бірі.

Колледж тарихы 1913 жылы Батыс аймақта ашылған оқытушылар семинариясынан бастау алады.

Колледжде 109 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 78-і жоғары және бірінші санаттағылар, 1291 оқушы білім алуда, оның ішінде 742- мемлекеттік сұраныс бойынша, 529 - ақылы бөлімде оқиды. 2013 жылы трихы терең, тұғыры биік білім ордасы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіне 100 жыл толды

Ән:

  1. Жүргізуші:

Елбасының халыққа арнаған Жолдауларында мәдениет пен руханият салаларына да ерекше көңіл бөлетіні белгілі.

7- студент

Қазақ драма театры

Қарашығанақ Петролиум (КПО) әлеуметтік бағдарламалары аясында салынған Орал қаласындағы Казақ драма театрының 2002 жылғы 11 қыркүйекте ашылуы облысымыздың мәдени өміріндегі зор оқиға болды.

Театр Орал қаласының тарихи орталығымен үйлесім тауып қана қоймай, өз алдына бірегей нысана да болып табылады. Театрдағы басты көрермендер залы 280 орынға арналған, сахна көлемі - 21 м, 2 репетиция залы, қоғамдық іс-шаралар өткізілетін холл, кұрметті қонақтарға арналған зал, декорациялар әзірлейтін цех, қазіргі заманғы тон-студия мен бірқатар қосалқы орынжайлар бар.

8- студент

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 3,7 млн. теңгеден 83 млрд. теңгеге дейін жетті. Жалпы республикалық көлемдегі сала үлесі 8,2 пайызды құрайды.

Жыл сайын өңірде 2 мыңдай шағын кәсіпкерлік нысаны тіркеледі. Қазір олардың саны 34 мыңнан асты. Жұмыс істеп тұрғандарының саны 2010 жылы 72 пайыздан 84 пайызға дейін өсті. Шағын кәсіпкерлік саласында 64 мыңдай адам жұмыс жасайды. Бұл - экономикалық белсенді тұрғындардың әрбір төртіншісі деген сөз.

9- студент

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту үшін көп жұмыс жасалды. Соңғы жылдары мемлекетіміз серпінді дамып, тұрғын үймен қамту бағдарламасының жүзеге асырыла бастауы халқымыздың баспанаға ие болуына деген сенімін күшейтті. Әсіресе, бағдарламада жас отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған.

10- студент

Біздің елімізде банк жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін шыққан банк қызметін реттейтін бірінші заң пайда болуынан басталды. Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын төрт кезеңге бөлуге болады. Кәзіргі таңда банк секторы үшін өтімділік тәуекелі оншалықты қауіпті емес, себебі банктердің депозиттік базасы өсуде,.

11- студент

Оралда Достық үйінің құрылысы биыл басталмақ. Қазіргі уақытта Достық үйі тұжырымдамасының жобасы жасалды. Күні бүгін Достық үйінің үлгі жобасы өңірдің ерек­шеліктеріне сәйкес түзетіліп, ғимарат қа­ланың жаңа орталығында са­лын­ған Салтанат сарайының қасында орналасатын болады. Бұл сән-салтанаты келіскен сарайлар мәнеріндегі сәулет өне­рінің қайталанбас ансамблін қа­лып­тастыруға мүмкіндік береді.

Достық үйінің аумағы 4,5 мың шаршы метр болады. Бұл ғимарат­та ауқымды мәжіліс залы, би залы, конференц-залы болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар оқу кабинеттері, дыбыс жазу студиясы болады. Бір сөзбен айтқанда, Дос­тық үйінде танымдық-тағылымдық сипаттағы әр түрлі мәдени-ағарту шараларын өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған.

12- студент

2014 жылдың 14 желтоқсан күні Орал қаласындағы «Астана» шағынауданында Салтанат сарайы ашылды. Аталмыш әсем ғимарат Қарашығанақ кен орнын игеріп отырған «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік жобаларға бағытталған қаражаты есебінен салынды. Жобалық құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын құрылысты өңірге танымал «Альтаир» компаниясы салды. Биылдың өзінде 1360 жұп заңды некесін қидырған. Салтанат сарайында екі залда бір мезетте неке қию рәсімдерін өткізуге мүмкіндік береді. Іші мен сырты жарасымды үйлесім тапқан ғимаратта қалыңдық пен күйеу жігіттің бөлмелері, 300 орындық мейрамханасы, жерасты автотұрағы бар.

13- студент

Елбасы тапсырмасына сәйкес халықтың денсаулығын нығайту мақсатында Оралда теннис корты мен жабық футбол манежі салынатын болады. «Тәні саудың жаны сау» дегендей, жастар неғұрлым спортпен көбірек айналысса, келеңсіз қылықтардан аулақ болады. Бұған батысқазақстандық спортшылардың халықаралық, республикалық бәсекелердегі жоғары жетістіктері дәлел. Сол секілді жабық футбол манежінде аяқдоп шеберлері қысы-жазы жаттыға алатын болады

14- студент

Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтардың лауреаты Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталықтың құрылысы биылғы жылдың шілде-тамыз айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Аталмыш әдеби-мәдени орталықта мәжіліс залы, кітапхана, кішігірім кинотеатр, ақын-жазушылар бас қосатын орындар болмақ. Сонымен қатар Батыс Қазақстаннан шыққан Қадыр Мырза Әлі, Тайыр Жароков, Хамза Есенжанов және басқа әдебиет біртуарларына арналған мұражай бөлмелері орын тебетін болады.

Қадыр ағаның кітап қоры мен жәдігерлерін, тұтынған бұйымдарын сол мұражайға қою жоспарланып отыр. Оған қоса, шығармашылық орталық алдынан ақын ескерткішін орнату да ойға алынған.

Келер жылы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдық мерейтойы облыста кеңінен аталып өтілгелі отыр. Мерейтойға орай, Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында да ескерткіш-тақта орнату туралы ұсыныстар қаралып жатыр.

Ән 3п КШК

1-жүргізуші

Елбасының 11 қарашадағы «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы елімізді экономика­­лық дағдарыстан қиындықтарға ұрындыр­май алып шығудың сара жолдарын айқын­­дап, басым бағыттарын белгілеп берді.

  1. жүргізуші

Еліміздің басты құндылығы елдегі бейбітшілік пен бірлік, экономиканың тұрақтылығы, этносаралық татулық пен толеранттылық екенін жастар түсінуі тиіс.

Нұрлы жол - болашаққа бастар жол

Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай - Батыс Еуропа; Астана - Алматы; Астана - Өскемен; Астана - Ақтөбе - Атырау; Алматы - Өскемен; Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахань.

Сондай-ақ, елдің шығысында және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткелі және Боржақты - Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен Еуро Одақ елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.

Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады.

Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі.

Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз - Семей - Өскемен» және «Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Төртінші. Тұрғын үй комуналдық шаруашылық , су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды.

Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.

Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.

Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл - біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.

Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.

  1. жүргізуші

. Елбасының «Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы біздің еліміздің ертеңінің жарқын, болашағының бақытты екеніне тағы да сендіре түсті.

  1. Жүргізуші:

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы әрбір адамның өміріне әсер етуімен де бағалы. Бұл Жолдауда алға қойылған міндеттерді ынтымағымызды ұйыта түсетін, ілгерілеуімізге серпін беретін, рухани жаңғыруға жағдай жасайтын нұрлы жол деп білу керек.

  1. жүргізуші

Тәуелсізбіз еркіндікке қол жеткен,

Ұлылардың ұрпағымыз тер төккен.

Ел болыппыз жастар төккен қанымен,

Желтоқсанның желі бізді тербеткен.

Тәуелсіздік туралы өлең - жырлерға кезек берсек

1. Д. Ханғалиева «Тәуелсізбін еркіндікке қол жеткен» Ғазизова Ә

2. С. Молдабеков «Тәуелсіздік тірегім» Абатов Ж

3. А. Қадырбаева «Желтоқсан алаңы» Адешева Р

4. Д. Нұрашева «Көк тудың желбірегені» Хабиева Г

5. М. Шаханов «Желтоқсан алаңы» Нығметова А

  1. жүргізуші

Желбірейді көкке күннің сұңқары,

Атар әлі келешекте жыр таңы.

Бесігіне ақындардың тербеліп,

Жүре берсін мәңгі қазақ ұрпағы.

Келесі жас ақындардың жүрек жарды туындылары мен үздік ойтолғауларын тыңдайық.

Жұмабаева Ж. «» Қайырғалиев А «» Рамазанова А

Ойтолғау: Төлеуғазы Г, Жұмағұлова Н, Сәбитқызы А

1-жүргізуші

Тәуелсіздік - тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіздіктің 23 жыл ішінде егемендік пен елдіктің береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат - Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған баытты бағалай білу.

2-жүргізуші

Азаттық ұраннын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік құтты болсын!

  1. жүргізуші

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайыржан Бақытұлына сөз беріледі.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!



© 2010-2022