План по казахскому языку Таза болса табиғат - аман адам болар азамат (6 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Таза болса табиғат - аман адам болар адамзат.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: табиғат туралы түсінік бере отырып, ой-өрісін кеңейту

  2. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.

  3. Тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, туған жерге, өз Отанына деген көзқарасын қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдері: СТО,сұрақ-жауап, диалог, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, слайд «Туған жеріміздің табиғаты», бағалау парағы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт туғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-тапсырма, мәтінге ат қойыңдар. Сөйлемдерден сұрақ құраңдар.

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

Салт және сабақты етістікті екі бағанға бөліп жаз:

Табиғатты қорға, суға түкірме, қоқыс тастама, саябақтарды тазалаук, ағаш егу, аққуды атпа.

ІV. Жаңа сабаққа дайындық.

Мұқағали Мақатаев «Отан» туралы өлеңін тыңдау. Слайд «Туған жердің табиғаты»

  1. Өлеңде не туралы айтылған?

  2. Ақын Отанына деген махаббатын қалай жеткізді?

V. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Туған жерімнің табиғаты»

  1. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқу. «Туған жерімнің табиғаты» 3-тап. 122-бет.

  2. «Ой шақыру». Топпен жұмыс.

1-топ. Егер мен ақын болсам,...

2-топ. Егер табиғатты қорғауға қатысты маман болсам,...

3-топ. Егер мен суретші болсам,...

4-топ. Егер қорықтың қызметкері болсам,....

  1. Мақал-мәтелдер бойынша оз ойларын айту.

1-топ. Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

2-топ. Жер - қазына , су - алтын, мал - байлық.

3-топ. Ағаштың - өскен жерінде, адамның жаны - туған елінде.

4-топ. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

VI. Білімдерін бекіту.

Сұрақ жауап:

  1. Туған жер дегеніміз не?

  2. Туған жеріміздің табиғаты қандай?

  3. Біз табиғатты қалай қорғауымыз керек?

  4. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?

  6. Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл-күй туғызады?

  7. «Таза болса табиғат - аман болар адам-зат» дегенді қалай түсінесіңдер?

VII. Қорытындылау.

Бағалау. Үй тапсырмасы.

«Менің ауылымның табиғаты» Эссе жазу

© 2010-2022