Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен Қазақстан азаматымын !

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен Қазақстан азаматымын !

Аты-жөні: Самбет Наталья Александрқызы

Қызметі: Мұғалім

Пәні: орыс тілі мен әдебиеті

Пед.өтілі: 29 жыл

Санаты: жоғарғы

Бітірген деңгейі: І (ілгері) деңгей










С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің 6 «Ә» сынып

жетекшісі Н.Самбеттің қысқа мерзімді сабақ жоспары


Мерзімі .

26.01.2016 жыл

Сабақтың

тақырыбы:

Мен Қазақстан азаматымын !

Мақсаты :

Елін, жерін сүйіп қадірлейтін, ұлтын қастерлейтін ұлтжанды оқушы тәрбиелеу. Оқушы бойына патриоттық сезім ұялатып, саяси мәдениетін қалыптастыру; Отанына адал қызмет етуге.

Деректер және жабдықтар:

интерактівті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, стикер, камера.

Оқу нәтижесі:

оқушы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, патриоттық сезімдерді, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Түйінді идеялар:

оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, киелі қасиетке ие болу сыры, оқушы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Кезеңдері

Уақыты

Мұғалім немен айналысады

Оқушы немен айналысады

І.Ұйымдастыру кезені

1/ шаттық шеңбері

2/Топқа бөлу

«Мен Қазақстан азаматымын» деген сөзді әр қатысушыға бір -бір әріптен таратып, сол әріптерге байланысты сыныпаралық тілектер тілейміз. Мысалы : «М» - Мейірімді бол.

«Мен Қазақстан азаматымын» деген сөзді әр қатысушыға бір -бір әріптен таратып, сол әріптерге байланысты сыныпаралық тілектер айтады.

2. Тапсырма -1

Ойланайық, пікірлесейік

І топқа «Атамекен» сөзіне ассоциация құру.

ІІ топқа «Отан» сөзіне ассоциация құру

ІІІ топқа «Мемлекет» сөзіне ассоциация құру

ІY топқа «Туған жер» сөзіне ассоциация құру


Оқушылар тапсырмаларды орындайды.

3. Тапсырма -2

Шығармашылық жұмысы

Енді қазақ даласын суреттеп көрейік.

Шығармашылық жұмыс орындайды.

4. Тапсырма -3

Пікір алмасу

Адамның бойындағы асыл қасиеттері

Шен- шекпенге жасыңнан

Құмар болма депті Абай

Милары жоқ масылға

Сыңар болма депті Абай

Бүкіл абзал адамның

Баласы бол депті Абай

Атаң менен анаңның

Панасы бол депті Абай

Абай атамыздың қалдырып кеткен өсиеттерін кім қалай түсінеді ? Сол бойынша пікір алмасамыз.

Сен Қазақстан азаматы болу үшін, қандай қасиет болу керек деп ойлайсың ?


Оқушылар тапсырма орындайды , кластер түрінде

«Мен қазақстан азаматымын»

5.Тапсырма -4

«Алты қалпақ» әдісі

1.Ақ қалпақ -өз ойын түсіндіреді. «Мен Қазақстан азаматымын»

2.Жасыл қалпақ - қосымша дерек береді.

а/ Жаңа батырлар туралы

ә/ сен еліңді елу елдің қатарынан көру үшін, қандай үлес қосасың.

б/Мақалдың мағынасын қалай түсінесің ?

«Егемен болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас»

3.Қара қалпақ - Жасыл қалпаққа қарсы сөйлеу.

4.Қызыл қалпақ - қысқаша көрініс.

5.Көк қалпақ - Сарапшылар /мұғалімдер /

Әр қалпақ өз тапсырмаларын орындайды, пікір алмасады.

6. Тапсырма -5

«Өз жұлдызыңды жақ»

Аяқталмаған сөйлем ..

«Мен Қазақстан азаматымын......» өлең жазу .

«Мен Қазақстан азамытымын» деген тақырыпқа өлең жазады.

8.Рефлексия

«Жүректен жүрекке» әдісі

Қазақстанның азаматы мен азаматшаларына тілек жазып, ілу.

Тілек жазады.

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен Қазақстан азаматымын !Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен Қазақстан азаматымын !

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен Қазақстан азаматымын !Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен Қазақстан азаматымын !Тәрбие сағаттың тақырыбы: Мен Қазақстан азаматымын !

© 2010-2022