Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Ана - тіршілік тірегі

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Ана-тіршілік тірегі»

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


Кеш жарық, қымбатты аналар, ару қыздарымыз! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады , бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- тіршілік тірегі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін аналарға арнайды- деп 7 сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

Хор: «Ана туралы жыр»
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ұлдардың орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті қыздар биіне береміз.

Жүргізуші: Ана деген - бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Алдиярды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: «Анашым»Орындайтын: Рахат Алдияр
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Өнерлерін жолдайтын баласы бар. «Сыныбымыздың серілері» КВН командасы.


Жүргізуші: Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сіздер үшін мереке шашулары, - Медеттің орындауындағы бір тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бұралып қыздар біздің билеген де,
Қазақтың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам -«Қазақ» биі ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз

Ортада Бекзат пен Еркебұлан сынды ұлдарыңыздың бір әдемі әнін тамашалаңыздар.

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда ұлдардың орындауындағы

« Флешмобты » тамашалаңыздар!

Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. ( оқушылардың жыр шашуы)

1 - оқушы:
Өмірде ана бұлақ, ана пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен,. Әдемі
Талай ер, талай ақын, талай дана,
Ана! Ол біздің елде ардақты адам.


2 - оқушы
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы, Расул
Ана деген - гүлі туған өмірдің.


3 - оқушы
Жамандықтан сақтандырған.
Жақсы ісімен мақтан қылға. Нұргүл
Ақ апамды әрқашанда,
Жүрсем деймін шаттандырып.


4 - оқушы
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың, Айгүл
Қасыңда кім болса да

Тек анаға жақынсың


5 - оқушы
Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы. Бекзат
Теңеп оны жұлдызға -
Сый тартамыз бағалы!

6-оқушы
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді, Қызғалдақ
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс!

7-оқушы
«Адал бол, деп - балдырған»
Әлділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді Еркебұлан
Құттықтаймыз сіздерді
Бәрі: Анамызға мың алғыс! /бас иеді/

8-оқушы
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты Әділ
Нұр толы қос жанарың білдіретін

9-оқушы

Мереке құтты болсын, аналарым,
Мәпелеп,еркелеттің,аяладың Нұрым
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!


10- оқушы

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алпамыс
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытгы балалар!

11-оқушы

Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар Жолдас
Сен барда менің әр бір күнім өлең

12-оқушы
Маған арнап бар асылды жинадың, Медет

Мейіріміңді, жүрегіңді сыйладың,

Әлем сенің табаныңда бас иер,

Жан анашым, құтты болсын мейрамың!

13-оқушы -Бексұлтан

14-оқушы-Алдияр

15-оқушыАружан

Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Құтты болсын ардақты анам,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең дей отырып енді аналарды ортаға шақырамыз.
Біз сіздермен ойын ойнасақ. Ойын «Өз баласын иіскеп табу» көздері байланған аналар, ұстамай тек иіскеп өз балаларын табу керек.
Екінші ойын: Көрсетілген сызыққа кім жылдам барады. Ол үшін жылдам - жылдам баласын еркелеткенде айтатын сөздерді айтып бару керек.

Енді ұлдарымыздың аналары мен қыздарды құттықтайтын кезі келді,сыйлықтарын табыстасын!

«Анаға сәлем» әні орындалады.


Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын қымбатты аналар!
Сау-саламатта болыңыздар!



© 2010-2022