Тәрбе сағаты. Сабақтың тақырыбы: Қазақстаным-саған арналады

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстаным-саған арналады»

Сабақтың мақсаты:Отан, туған жер туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз Қазақстан Республикасы туралы білетін білімдерін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушылардың отан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2.Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің тарихын қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіпсеншілігін арттыру.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды елін, жерін сүюге ел байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Түрі:аралас сабақ.

Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсету.

Көрнекіліктері: Тақырыпқа байланысты слайд, плакаттар, видеоролик, қанатты сөздер.

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру. (5-мин)

ІІ.Тақырыпқа кіріспе. (5-мин)

ІІІ.Сандармен жұмыс. (10-12мин)

IV.Оқушылар шығармашылығы. (10-мин)

V.Тренинг «Жүректен жүрекке» (5-мин)

VI.Рефлекция. «Оқушылар тілегі» (5-мин)

VІІ.Сабақты қортындылау. (3-мин)

Уақыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Ұйымдастыру.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады.

2. Оқушыларды топтарға бөледі.

3.Топ аттарын табу үшін тапсырма береді.

4.Топ аттарына байланысты оқушылардың мақал-мәтелдерін тыңдайды.

1. Мұғаліммен амандасады.

2.Ұсынылған қағаздарды ала отырып, топ аттарын құрастырады. .

3.Әр топтың оқушылары топ атына сәйкес бір немесе бірнеше мақал-мәтелдер айтады.

5-мин

Тақырыпқа кіріспе

1.Мұғалім оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру мақсатында видеролик ұсынады.

2.Тамашаланған видеоролик бойынша оқушыларға сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбын ашады.

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып сабақтың тақырыбын табады.

2.Дәптерге сабақтың тақырыбын жазып алады.

3.Мұғалімнің сұрақтарына жауаптарын береді.

10-12

мин

Негізгі

бөлім

1.Мұғалім оқушыларға слайдтан тапсырмалар ұсынады.

2.Сұрақтар ұяшықтардан (сөздер, сандар, суреттер) арқылы шығып тұрады.

3. Сұрақтарға дұрыс жауап берген топтардың, жұлдызшалар арқылы ұпайларын есептеп отырады.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

2.Дұрыс жауап берген оқушыларға немесе топтарға өз құрметтерін қошеметтеу арқылы көрсетіп отырады.

10 мин

Негізгі бөлімді қортындылау.

1.Мұғалім оқушыларға автор өлеңдерінен немесе өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқуды тапсырады. (топтық жұмыс жүргізіледі).

2.Өлеңдерді интернет құралдарын пайдалану арқылы табуға болады.

3. Немесе топ болып біріге отырып, Елге, туған жерге арналған өлеңдерді хормен орындауға болады.

1.Оқушылар интернет құралдарын пайдаланады.

2.Туған жер, Отан туралы өлеңдерді оқиды.

3.Топ болып біріге отырып әуендер шырақайды.

5-мин

Тренинг

«Мадақтау» тренингі

1.Мұғалім оқушыларды тренинг шартымен таныстырады.

2.Ортада оқушылармен шеңбер құрады.

3.Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігі үшін алғысын білдіріп тренингті жалғастыруды оқушыларға тапсырады.

1.Тренинг шартымен танысады.

2.Ортада шеңбер құрады.

3.Бір-бірінің сабақтағы белсенділігін, жақсы қылықтарын айтып тернингті аяқтайды.

4.Тренинг соңында оқушылар барлығы бірге өздеріне қошемет көрсетеді.

5-мин

Рефлекция.

«Оқушылар тілегі»

1.Мұғалім оқушыларға көгершіндер таратады.

2.Көгершіндерге Елімізге, Отанымызға арнап тілектер жазу тапсырылады.

3.Жазылған тілектердің орындалуы үшін оқушыларға өз Елінің патриот азаматы болу керектігі ескертіледі.

1.Мұғалімнен көгершіндерді алады.

2.Көгершіндерге тілектер жазады.

3.Көгершіндерді аспанға ұшырады.

3-мин

Сабақты қортындылау.

1.Мұғалім сабақты қортындылайды.

2.Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдайды.

3.Сабақтағы белсенділіктері үшін оқушыларға алғысын білідіріп, оқушылармен қоштасады.

1.Мұғалімнің қорытындысын тыңдайды.

2.Мұғаліммен қоштасады.


© 2010-2022