Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Игілік ауылыСыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып)

«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгүл Жамантайқызы

Сыныптан тыс жұмыс

Сыныбы: 1 «Ә»

Тақырыбы: «Архимедтің ізбасарлары» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, математикалық ойлау қабілетін шығармашылық белсенділігін дамыту, логикалық және қызықты математикалық есептермен ойындармен таныстыру, математикалық білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.
2. Оқушылардың еріктілігін пәнге, деген қызығушылығын, сауаттылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін тереңдету.
3. Адамгершілікке сұлулыққа еңбек сүюге, бір - бірін сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері! Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық. -Құрметті қонақтар! Сіздерді 1 «Ә» - сынып оқушыларының арасында өтетін «Архимедтің ізбасарлары» атты интеллектуалдық сайысын көруге шақырамыз.Әділ-қазылармен таныс болыңыздар: (Әділ-қазылармен таныстыру) Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді, - дей отырып ортаға алдын ала белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз. Сайысқа 9 сайыскер қатысады.(Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.) Бүгінгі сайысымыз 6 айналымнан тұрады. I айналым - «Бәйге» II айналым - «Көкпар» III айналым - «Білімпаз» IV айналым- «Тапқырлық» - логикалық тапсырмалар . V айналым - «Жорға » тест тапсырмаларын орындау. VI айналым- Математикалық өлең-есептерді шешу.

I айналым «Бәйге» Бәйгеде әр оқушыға 5 сұрақ беріледі. Тез, дұрыс жауап беру керек.Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Сұрақты соңына дейін тыңдамай, кейін жауап беру.

№1 1.5+2= 2.Үшбұрыштың қабырғасы не деп аталады? 3.Сәуле деген не? 4.Ағашта 7 торғай отыр еді.Оның 3-еуі ұшып кетті. Неше торғай қалды? 5. 6 санының алдындағы санды ата.

№2. 1. 9-4 2. 8-ден кейінгі санды ата. 3.2+5=7 теңдігіндегі 7 саны қалай аталады? 4. Төртбұрыштың неше қабырғасы бар? 5.1 дм-де неше см бар?

№3. 1. 3+6= 2.5пен 8-дің арасындағы сандарды ата. 3. 6-4=2 теңдігіндегі 6 саны қалай аталады? 4.10см неше дм-ге тең? 5. Бес бұрыштың неше қабырғасы бар?

№4. 1. 1+6= 2.Қандай фигураларды білесің? 3. 5 санының құрамын ата 4. 9-2=7 теңдігіндегі 2 саны қалай аталады? 5. Қандай бұрыштарды білесің?

№5. 1. 7 санының құрамын ата. 2. 3 пен 6 -дің арасындағы сандарды ата. 3.10+0 4. 5+3=8 теңдігіндегі 5 саны қалай аталады? 5. 2-ден 9-ға дейінгі сандарды өсу ретімен ата

№6. 1. 9 санының құрамын ата. 2. 4+6=10 теңдігіндегі 6 саны қалай аталады? 3. 10см мен 1 дм-дің арасына қандай таңба қойылады? 4.2+7 5. 2 таңбалы санды ата.

№7. 1. Ең үлкен 1 таңбалы санды ата. 2.5+2 3.8 санының құрамын ата. 4. 5,4,9 сандарын пайдаланып төрт теңдік құр. 5.Бір нүктеден тарайтын фигураны не деп атайды?

№8 1. Ең кіші 1 таңбалы санды ата. 2.8-3 3.Мәні 5-ке тең болатын теңдіктер құр. 4.Кесіндінің ұзындығын немен өлшейміз? 5.2,6,8 сандарын пайдаланып төрт теңдік құр. №9 1. 9-7 2. Сандар қатарын кему ретімен атап шық. 3.6 санының құрамын ата. 4. Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? 5. 5-0

II айналым «Көкпар»- Көкпар ойынының шарты бойынша әр ойыншы ұяшық таңдайды. 9 ұяшық бар.Сұраққа жауап беру. Дұрыс жауап-5 ұпай.

1.Қосу амалының компоненттерін ата 2. Азайту амалының компоненттерін ата 3. Тік төртбұрыштың қабырғалары қалай аталады? 4. Оң қолыңда 5жұлдызша,сол қолыңда 4 жұлдызша.Сенде барлығы неше жұлдызша бар? 5.5-3=2 теңдігіндегі 2 саны қалай аталады? 6.7+2=9 теңдігіндегі 9 саны қалай аталады? 7. Сәуленің 7 қуыршағы бар еді. Ол 2 қуыршағын Зәуреге берді. Сәуленің неше қуыршағы қалды? 8.Қосылғыштың бірі 2 болатын қосындыларды ата. 9.7-4=3теңдігіндегі 4 саны қалай аталады?

III айналым «Білімпаз»- Сөзді табу.Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

2

8

3

8

5



  1. 4 - 2 = Қ 5 + 3 = А 10 - 7 = Л 5 + 3 = А 9 - 4 = М

2.

2

6

3

6

7



3 + 4 = П

9 - 6 = Т

2 + 4 = А

8 - 6 = К

3 + 3 = 1

3.

6

4

5

4

9

4



0+4=Е 5+1=Т 3+1= Е 4+1= Р 5+4= З 2+2= Е 4.

9

5

7

5

8


3+2=ы 4+3 =с 10-2=қ 5+4= м 0+5=ы 5.

10

6

8

2

10


0+2= і 10-4=ү 4+4= ш 9+1= к 7+3= к

6.

9

5

7

6

4

5


9-5=н 0+5=а 8-3=а 10-1=м 3+4=ш 4+2=и

7.

10

6

8

6

7


2+4=а 9-3 =а 4+3=м 6+4= қ 10-2=л 8.

9

7

5

3

7


3+0 =қ 9-2= ы 8+1= ж 5+0=л 8-1= ы

9.

7

6

9

6

7


3+4= қ 2+4 = а 10-1= з 9-3 = а 10-3 = қ

IV айналым- «Тапқырлық»-логикалық тапсырмалар .Дұрыс жауапқа 10ұпай. Оқушыларға фигаралар беріледі.Әр фигурадағы үшбұрыштар, төртбұрыштар санын анықтау.

V айналым - «Жорға »тест тапсырмаларын орындау. Тестте 11 сұрақ.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

VI айналым- Математикалық өлең- есептерді шешу. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі? Кәне, кім тез шешеді? ( 5 қаз)

  2. Алшаға кеп күнара, Қонушы еді бір ара. Бүгін тоғыз туысын Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгін алшаға Келіп қонды қанша ара? (10 ара)

  3. Он асықтың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? (7 асық)

  4. Бір-бірімен жарысқан, Төрт аю,екі арыстан, Екі қоян, бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді? (9)

  5. Екі аяқ пен екі қол Бір ауыз бен бір тілің... Нешеу болды кәне,бол, Санап шығар кім бұрын? (6)

  6. Екі көз бен қос құлақ
    Бір бас пенен бір мұрын
    Нешеу болды кәне,бол,
    Санап шығар кім бұрын?! (6)

  7. 6 аламаның 2-ін
    Досың сұрап алады.
    Айтшы сонда нешеуі
    Өз қолыңда қалады. (4)

  8. Көлден ұшты 8 қаз,
    Қайтып қонды 2 қаз
    Қонбады оның нешеуі,
    Қане кім тез шешеді? (6 қаз)

  9. Қолымда 10 алма
    4-уін бердім апама,
    4-уін бердім атама,
    Нешеуі қалды өзімде? (2 алма)

Әділ-қазылар ұпай санын есептегенше «Релаксация» музыкасын тыңдау

Оқушыларды мақтау қағаздарымен мараппаттау. Бүгінгі жеңімпазды анықтау.

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып) «Көкпар» сайысының тапсырмасы

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып) Тест тапсырмасын орындауы

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып)«Тапқырлық» логикалық тапсырманың орындауы

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып)Көрермендер

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып)

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып)«Архимедтің ізбасары сайысында бас жүлдені жеңіп алған Жақсыбай Қаныбек

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Архимедтің ізбасарлары интеллектуалдық сайысы. (1 сынып)Сайысқа қатысқан сайыскерлер

© 2010-2022