Тәрбие сағаты: Маңғыстау туған мекенім! /11 сынып/

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Маңғыстау туған мекенім!!!

Сабақтың мақсаты : Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа тек пайдалы

қазбаларға ғана емес , сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген қазақтардың тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, кітаптар көрмесі , слайд (презинтация)

Сабақтың барысы :

Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер !

Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер !

Ғашықтар бірін-бірі өпкен жер!

Сарылып сал-серілер кеткен жер!

Бас иіп, иіскеп топырағына

Тағзым етпей өтпеңдер

Маңғыстау . . . Бұл атауды естігенде соңғы кездері көп адамдардың санасында ашылып , игеріліп жатқан мұнай мен газ кен орындары ғана тұрады . Ал, осынау ежелгі мекен тек пайдалы қазбаларға ғана емес , сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген Кіші жүз қазақтарының тарихына да бай.

Біз бүгінгі «Маңғыстау туған мекенім!!!» атты тәрбие сағатымызда , өлкенің еркін дала аптап жартылай шөлдің , ежелгі таулар мен ойпаттарды , сорлар мен әсем борлы жартастардың өлкесі екендігін , тарихи ескерткіштер мен аңыздарға бай өлке екендігін айтып өтеміз.

Сандуғаш: «Пірі- Бекет, жырым-зекет» Сабыр Адай

Қайран елдің қабағында мұңы бар,

Перзент керек жан жарасын жазатын.

Ей, қарағым бұл сөзімді ұғып ал :

Онсыз енді, күнің- тозақ, аза-түн.

Ай тербеген аспан еді-бесігім,

«Іңгәлаған» ұлтым қайда, ұланым!

Құлағымнан кетпей қойды есіл үн,

«Бұрынғыдан сәл өзгерек бұл әнім»

Жылап айсам , көз жасыма тұншығып ,-

Өртер ме екен өзегіңді жалыным?

Қауыз жарды өлең атты-бүр шыбық,

Самал желмен , сар даланың зарымын.

Пірім-Бекет, жырым-Зекет тараттым,

Жүрегіңде , орын бар ма , мөлдірім?

Жыр-астарын, жатыр дейсің , қарап кім ?

Бекіреден жұлдыз шашып , өлді күн.

Бекет қолдап , Әулиелер дем бермей ,

Біздің ұрпақ қайран қылып жарытпас .

Жерден- Мәді, көктен - Айса келгендей ,-

Сордан құтқар ?!..Сорлы елді алып қаш!

Жаным Бекет , не айтайын , Пір Бабам!

Қолтығымнан өзің деме , намыс бер !

Ұлы көште Ұлт бақытын ұрлаған,

Сол қарақшы , қалтаманшыл «Таныс Төр!..»

Жасберен:

  • Бекет атаның мешіттерінің саны төртеу. Біріншісі-Оғаландыда, екіншісі - Ескі Бейнеуде, үшіншісі-Жем өзені бойнда Ақмешітте , төртіншісі- Арал теізіні жағасындағы Баялыда .

Бекет Мырзағұлұлы - Маңғыстау , Үстірт , Атырауды мекендеген адай тегінен шыққан . Туған жері қазіргі Атырау обылысының Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылы , Жас кезінде қолына қару алып , көршілес қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасып , халқының егемендігін қорғаған Бекет батырлығын танытып , ел аузында «Ер Бекет» атанады.

Бекет Ата Қарақия ауданы , Оғланды жеріндегі жерасты мешітінде жерленген.

Көрніс : «Бекет ата»

Мусабек:

  • ОТПАН ТАУ- тарихи - мәдени кешен , кесене . 2007 жылы 25-қазанда ашылды. Кешен Сабыр Адайдың бастамасымен 2004 жылы қолға алынған . Әулиелі кешен жобасына байқау жарияланып , оған бірнеше үміткерлер қатысты ; сарапшылар ұйғарымымен К. Демесіновтың жобасы бойынша Отпантаудың басына салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп , ол алтынмен апталады. Үш құпытастың ортасындағысының қас беті алтын әріппен «АДАЙ АТА » деп жазылады.

Еламан:

«Отпан» Сабыр Адаев

Қадіріңді Хақ білер,

Халалдан болған Ақ білер ,

Ақ білмесе , жат білер.

Қаратауда-

Қалың Ел

Ұрандап алау жақты дер.

«Адай» деген бір сөзге

Алтынан күмбез салдырып,

Арулап белгі қалдырып,

Аспанға моншақ тақты дер.

Бала тілек- бал қылық ,

Баба тірек - арлы үміт.

Көк төрінен нұр ұрттап,

Көкбөрісін ұлықтап,

Қыранш қанат қақты дер,

Батасы бірге Алашты,

Атасы бірге Алшынды

Отпан таудың басында ,

Адайдың ұлы асында,

Ордалы жұрт күтті дер.

Ақмарал:

«Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әнін орындайды.

Айдос :

«Маңғыстау» Сайын Назарбекұлы

Көз суарар ну да жоқ есің кетіп ,

Мәуеде жоқ талмайтын несіп етіп .

Ғажап …қалай таңдаған әулиелер-

Маңғыстауды мәңгілік бесік етіп ?…

Болды ма екен нәрлілеу дәмі бөлек?

Әлде аққулар арманды әнін елеп?-

Риза ма қу шөлді қорғады деп,

Батыр елді жатыр ма желеп-жебеп?…

Тапшы жусан күймеген көні бір түп,

Жаның жар , Маңғыстау , тәнің тыртық .

Сан ғасырлар ет жыртып , тер төккенмен,

Аруыңның иіні әлі жыртық .

Смағұл:

  • Маңғыстау өлкесі өткен ғасырларды әртүрлі құрамды болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық- әкімшілік бөліктрге бөлінген.

Бұл күндері Маңғыстау облысы әкімшілік жағынан екі қалалық мәслихатқа және төрт әкімшілік ауданға бөлінеді:



© 2010-2022