Шаттығы бар баланың, Бақыты ол ананың

Армысыздар ардақты аналар,ару қыздар және аяулы ұстаздар.    Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі «Халықаралық әйелдер» мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерді құттықтай отырып,  мереке қарсаңында  №228 орта мектептің 8-сынып оқушыларының арнайы ұйымдастыруымен өтетін «Шаттығы бар баланың – Бақыты ол ананың«атты тарбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.      Бүгінгі біздің тарбие сағатымыз 3 кезеңнен тұрады.               1.Тебірентші жүректі.                2. «Жігіттер» сыйлайды                3.Мерекелік тарту        Ия, «Ана» десе тебіренбейтін жүрек жоқ шығар сірә. Бүгін міне осындай тамаша сәтті пайдаланып барлығыда осында отырған аналарына жүрек жарды жылы лебізді,ақ тілектерді жүректен шыққан жыр шумақтарымен жеткізіп, бір сәт болса да баланың шаттығы ананың бақыты екенін сездірсек деп едік дейтін оқушылардың «тебірентші жүректі» атты кезеңін  тамашалаңыздар.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Шаттығы бар баланың,

Бақыты ол ананың

Мақсаты: Аналарды аялап, ардақ тұтуға, қыздарды қадірлей білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:оқушылардың анасының суреті жапсырылған плокат,құттықтау қабырға газеті,мақал - мәтел, нақыл сөздер,шарлар

Өтілетін орны: ауылдық мәдениет үйі

Сырлы дүние тек анамен жаңарар,

Ана-тірлік анаға ұлы баға бар,

Қатар келген көктем наурыз күнімен

Төл мерекең құтты болсын,Аналар.

Армысыздар ардақты аналар,ару қыздар және аяулы ұстаздар.

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі «Халықаралық әйелдер» мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерді құттықтай отырып, мереке қарсаңында №228 орта мектептің 8-сынып оқушыларының арнайы ұйымдастыруымен өтетін «Шаттығы бар баланың - Бақыты ол ананың»атты тарбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүгінгі біздің тарбие сағатымыз 3 кезеңнен тұрады.

1.Тебірентші жүректі.

2. «Жігіттер» сыйлайды

3.Мерекелік тарту

Ия, «Ана» десе тебіренбейтін жүрек жоқ шығар сірә. Бүгін міне осындай тамаша сәтті пайдаланып барлығыда осында отырған аналарына жүрек жарды жылы лебізді,ақ тілектерді жүректен шыққан жыр шумақтарымен жеткізіп, бір сәт болса да баланың шаттығы ананың бақыты екенін сездірсек деп едік дейтін оқушылардың «тебірентші жүректі» атты кезеңін тамашалаңыздар.

1.Сүйіпбаев Нұрсұлтан.(шығармашылығы)

2.Әбішбекова Ажар.(шығармашылығы)

3.Айтжігіт Динара.(Эссе)

4.Ілиясов Абылай

Осы бүгінгі кешіміз көп нәрселерге мүмкіншілік беріп отыр.Осындай мүмкіншілікті пайдаланып мен өзімнің алғашқы ұстазымды келе жатқан мейрамымен құттықтаймын.

Құттықтай отырып, мынадай өлең шумағын арнаймын:

Гүлнар апай ұстазым менің алғашқы,

Білім нәрмен сусындатып,көзді ашты.

Парызым сол ақ тілекті тілейін,

Құрметтейік үйде ана,мектептегі ұзтазды.

5 Сүйіпбаев Нұрсұлтан

Мен сынып жетекшімді жақсы көремін. Менің сынып жетекшім Нұргүл апай. Ол қазақ тілінен және әдебиет пәнінен сабақ береді.Ұcтазымның әр сабағы мен үшін ерекше. Сабақты өте жақсы түсіндіреді.Мен сізді бүгінгі мейрамыңызбен құттықтаймын!

Тілейді бар оқушы сізге бақыт,

Шашсын да табиғатта шуақ шаттық.

Ардақтым менің Нұргүл апай,

Мейіріміңіз нұр себер ол бір жақұт.

6 Қыздар- ай,қыздар - ай,болмасын шөл десем,

Жарықты көрер мем сендерді көрмесем

Жетер ме теңеуім ай десем,күн десем

Сендерге ешкім жоқ теңесер!

Ілясов Абылайхан : Қыздар -ай!

7 Эссе: Кенжеғұлова Гүлнұр:Қыз - өмірдің қызғалдағы.

8 О,Аналар,құдіретім, аяулым,

Жандарыңа түспесінші қаяу - мұң.

Ана деген қасиетті сөз үшін.

Оты жанып, жыр жазамын жанардың.

9 Көрініс: «Ана қадірін кеш түсінген бала»

10Асыл анам мейірімді

Қайда табамын сендегі

Бір өзіңнен басталғандай

Жыр бұлақ та мендегі.

  • дейтін анасына ақ тілектерін жыр шумақтармен жеткізсе дейтін Бектұрған Өмірсерікті ортаға шақырайық.

Мұстафаев Қуаныш: Ана құрсағындағы баланың сөзі.

Дүниеде анадан қымбат, анадан мейірімді жан болмайтыны табиғат тілеген құдіретті күш.Бұл өзі бір қарапайым пенде болғандықтан, сезімді сөз құдіретіне айналдыра алар ақындарымыз:«Есейіп кетсем де мен саған сәбимін»,» Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»дегендей, бәрімізге ортақ лайықты лебіз табатынына тәнтіміз.

Баланың анаға сүйіспеншілігін жеткізу әдебиеттің аса қуатты әдісін кезінде Әлихан Бөкейханов пен Ілияс Жансүгіровте пайдаланып,бұл мақсат үшін ...... тәлкекті тағдырды таңдапты.Дәл солай екі қаламгердің де кейіпкері біреу - көз жанары жоқ бала..... Әлем жарығы мен ішкі түнегі арасындағы жалғыз алтын көпір - оның өз анасы.

Оралбаева Надира: Бір соқыр баланың арманы.

Мінекей,баланың анаға деген махаббатын осыдан - ақ білуге болады.Ақ дидарлы жүзінен тек қана күлкі кетпей, өңіне әжім түспей,әрқашан жадырап,жайнап, қартаймай жүре берсін деген тілек әр баланың жүрегінде жүретіні хақ.

Мұстафаев Қуаныш: Қимаймын ана қарттыққа.

Ана - сіз бақыттысыз. Бақытты болуға тиістісізде. Және біз сізді бақытты етеміз. Мүмкін дәл осы сәтте титтейде болса балаңыздың өнеріне тәнті болып, шаттығына шаттанып,өз бақытыңызды сезіпте отырған шығарсыз.

Міне,осымен бірінші кезеңіміз аяқталып, екінші «Жігіттер сыйлайды» кезеңіне аяқ бассақ.

14 Сұлулықтың пірі кім десеңдер,

Мен айтайын бірін білмесеңдер.

Табиғаттың көркі,махаббаттың өрті

Қыздарменен сұлу жер беті.

Яғни, бүгінгі қыздар, келешек аналарға арнап, КВН- нен үзінді « Жігіттер сыйлайды».

Ән арнаймын жүректен,

Би билеймін,көңілден.

Бәрі ана сен үшін,

Тек бақытты сезін сен.

  • дей отырып, үшінші «Мерекелік тарту» кезеңіне аяқ бассақ.

Ән:Бектұрған Өмірсерік

Ана керек! О,адамдар ана керек адамға

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда

Пікірімді ұнатпаған таптықта деп дананы

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

Ән:

Орындайтын:Сыздықов Еламан

Келесі кезекте тамашалайтындарыңыз би.

Ортада 8- сынып бишілері.

Мерекеңіз құтты болсын, анажан,

Бар тіршілік аналардан нәр алған.

Ұзақ өмір, аман - саулық тілеймін

Балаларыңыз өзіңізден таралған.

Ән:

Орындайтын:Бектұрған Өмірсерік

Ән : Сүйіпбаев Нұрсұлтан

Би: Валсь

Ән: Бектұрған Өмірсерік


  • Ей,перзентім, анаңды құрметтеу керек екенін ақыл - ой парасат тұғырынан ойлап білгейсің. Өйткені, әрбір перзенттің тегі ата- ана ғой . Сен не үшін ата- анаға құрмет жасаймын деп ойыңада алушы болма.Ей, перзенттер әр күн сайын анамыздың бақатты екенін сездірте білейік!

  • Асыл ана қадірін

Өтеу сенің парызың, екенін ешқашан ұмытпағын.

Келесі кезекте осында отырған ардақты аналар,ару қыздар және аяулы ұстаздарға сыйлық тапсыру рәсімі. 8-сынып жігіттерінің атынан сыйлығымызды қабыл алыңыздар!

Аналарым - ардағым

Арайлы болсын әр таңың

Бақыт нұрын сезініп,

Шаттанып жүр әрдайым!

Ардақты аналар, ұлағатты ұстаздар,ару қыздар!Осымен бүгінгі арнайы ұйымдастырылған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Төл мерекелеріңіз тағыда құтты болсын!

Үйлеріңізге бақыт құсы келіп қонсын!

Еңбектеріңіз табысты да мол болып,

Әрқашан да жайлы,шуақ күн болсын!

Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!





© 2010-2022