Тақырып: Елбасы мұраты - ел бақыты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Елбасы мұраты - ел бақыты

Күні: 25.11.2013ж.

Мақсаты:
1. Қазақ елінің ұлы тұлғаларының бірі , Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ еліне сіңірген ерен еңбектері туралы оқушыларға түсінік бере отырып, елін сүйген азамат екендігі туралы ұғым қалыптастыру.
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, еске сақтау қабілеттерін, тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Н.Ә.Назарбаевтың бейбіт кезеңдегі ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын сүйетін азамат, тұлға болып өсулеріне ықпал ету.
Түрі: Әңгіме.
Құралдар: интерактивті тақта, газет материалдары, Н.Назарбаев: «Бейбітшілік кіндігі», Г.И.Толмачев: «Елбасы».Сөзжұмбақ жазылған ватман қағаз.


Жұмбақ шеш.- Оңға, солға мейлің мың
Оқысаң да еліңмін.
Қ-дан бастап, қанеки,
Атымды атар менің кім? (қазақ)

- Балалар, қазақ елі небір қилы заманды басынан өткерді. Осы қиындыққа төзе біліп, қазақ халқын соңынан ертіп, бүгінгі тәуелсіздікке дейін қол жетуімізге бар күштерін салып, ерен еңбек еткен тұлғаларымыз аз емес.
Осы ата-бабаларымыздың ерлік істерімен біз пән сабақтарында, көркем әдебиет, газет - журналдардан оқып - біліп, танысып жүрміз.
● Жақсы - ай мен күндей, Әлемге бірдей.
● Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.
● Жақсы келді дегенше, Жарық келді десейші.
Жақсылықтың уытын, Алып келді десейші, - деген мақалдар тегін айтылмаған.
Өз елі, жерін қорғап, жанындай сүйген адамдарды жақсы адамдар, айтулы тұлғалар деп те айтуға болады. Мұндай адамдардың істері бүгінгі күнге дейін ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа дейін жалғасып келіп отыр.Біз бүгінгі сынып сағатымызда осындай тұлғаларымыз жайлы сөз етпекпіз.

Солардың бірі біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев:

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген.
Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.
1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
1969 - 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 - 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 - 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 - 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 - 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан - сәуір) болды.
Қазақстанның қайта құрылуы
Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі - 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.

Өлең оқу «Аман жүрші, атамыз»

Қорытынды: Өз елі, жерін қорғап, жанындай сүйген адамдарды жақсы адамдар, айтулы тұлғалар деп те айтуға болады. Мұндай адамдардың істері бүгінгі күнге дейін ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа дейін жалғасып келіп отыр.Біз бүгінгі сынып сағатымызда осындай тұлғаларымыз аман болсын демекпіз.



© 2010-2022