Темекі - денсаулықтың жауы

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Темекі - денсаулықтың жауы

Мақсаты: 1) Оқушыларға шылым шегудің қауіптілігін түсіндіре отырып, одан аулақ болуға шақыру;

2) Темекінің зиянды тұстарын өздеріне ашып айтқызып, өлеңдер, сөздер, мақал­мәтелдер арқылы өз көзқарастарын қалыптастыру;

3) Топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, бір­бірін сыйлай білуге, адамгершілікке, тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Темекі - денсаулықтың жауы», «Темекі шеккенің, сорлағаны өкпенің» сөздері жазылған плакаттар, шарлар ілінеді, интерактивті тақта.

Барысы.

Мұғалім: Салауатты өмір салтына қиғаш келудің бір себебі - темекі тарту. Ол адамдардың дене мүшелерін күйретеді және рухани күйі мен психологиясына да кері ықпалын тигізеді. Сондықтан бұл, әсіресе, жастардың денсаулықтарының тым қысқа уақытта шегуіне себеп болуда. Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін, жаппай уланудың алдын алу әрекетіне жұмыла кірісу - өмір қажеттігі, заман талабы.

Оқушыларды топқа бөлу.

«Бірлік» тобы: Темекі өкпені улайды, насыбай ауызды былғайды,

«Бірлік» бұларды қолдамайды.

«Болашақ» тобы: Темекіден безгенің, саулықтың мәнін сезгенің,

Шеккен адам шылымды, көбейтеді шығынды.

«Достық» тобы: Темекі деген шөп, арақ ішетіндер көп,

«Достықтың» жауы, солардың бәрі.

Сұрақ­жауап.

Сұрақ: Темекі қалай пайда болды? Темекі - денсаулықтың жауы

Жауап: Америкадан келген Х.Колумбтың екінші экспаедициясынан кейін ΧV ғасырдың соңында (1496 ж.) Еуропа елдерінде адамдар темекі шегуді бастаған. Бұл өсімдіктің ұрығын испан монахы Ромак Пано деген алып келген. Үндістер оны «Кохоба» деп атаған. Испан саяхатшысы Гонзало Эрнандес де Овьедо, өзінің жазған кітабына «Гиспаньола аралығындағы үндістердің өте жаман әдет­ғұрпы бар екен. Олар шөпті тартып, оның түтінін мұрны арқылы жібереді екен. Олар бұл шөпті өте құрмет тұтып, оны биік жерлерде, бақтарда өсіреді екен». Темекі әуелгі кезде Еуропа елдеріне жәймен таратыла бастаса, кейін темекіге деген қызығушылық күрт өсіп, ол Бразилиядан Францияға әкелінген болатын.

Темекі - денсаулықтың жауыСұрақ: Темекінің адамдарға беретін зардабы қанша?

Жауап:

  1. Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.

  2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.

  3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.

  4. Өкпе және көмекей рагына ұшыратады.

  5. Қол­аяқ тамырлары бірте­бірте бітеледі.

  6. Миды қамтыйтын тамырларды да қатаю пайда болып, клеткалары өледі (орнына келмейді). Есте сақтау қабілеті азаяды.

  7. Жүрек ауруларына шалдығады.

  8. Адам тез қартайып, теріде әжім пайда бола бастайды.

  9. Бала емізген әйелдерге никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану, т.б. сырқаттарға ұшырайды.

Сұрақ: Темекі шегуді тастау әдісі бар ма? Темекі - денсаулықтың жауы

Жауап: Ашығын айтса, темекіні тастау жайлы ерекше бір әдіс жоқ. Темекі тартқан адамның мықты ниетіне, жігер­күшіне, сабыр­төзіміне көп байланысты. Адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт - Ораза ұстайтын қасиетті Рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартапағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, кештерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертіне құтылмауына ешбір себеп жоқ. Әр күн немесе күн аралатып темекі санын бір­бірлеп азайтып, соңында бүтіндей, біржолата құтылуға болады.

Сұрақ: Темекіні тастау үшін қандай шаралар қолдануға болады? Темекі - денсаулықтың жауы

Жауап:

  1. Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу.

  2. Темекі қорабының сыртына қатаң ескертулер жазу.

  3. Кәмелетке толмағандарға темекі сақтауды тоқтату.

  4. Қоғамдық және жұмыс орындарында темекі шеккізбеу. Темекі шегетіндерге қарсы әртүрлі шаралар қолдану.

Темекі - денсаулықтың жауы

« Миға шабуыл» стратегиясы. Әр топқа викториналық сұрақтар беріледі.

  1. Темекідегі денсаулыққа ең зиянды зат - никотин. (Ия, никотиннің улылығы ас қорытуға кері әсер етеді, тістің жиегін, ауыз ішін бүлдіреді, асқазанның былжыр қабығы ұшығын гастритке шалдықтырады.)

  2. Темемкіге әбден үйрен адамның өз өмірінде 1 кг­ға жуық никотин жұтатындығы рас па? (Ия, рас. Зерттеулер көрсеткендей, жолдастарының ықпалымен )

Темекі - денсаулықтың жауы

«Кім жүйрік?». «Темекі» сөзінің алғашқы әріптерінен басталатын мақал­мәтелдер айту керек. Қай топ тез жауап береді, сол жеңіске жетеді.

Т - Темекі шеккенің, сорлағаны өкпенің.

Е - Есірткі ішіп есірген, арылмайды кесірден.

М - Маскүнем арынан айрылады, жанжалдасып жарынан айрылады.

Е - Екі аяқтан әл кетсе, қарға адым жер мұң болар.

К - Көп ауырған ем табады, көп адасқан ел табады.

І - Ішкен адам бозаны, кетіреді мазаны.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Отбасы иелерінің шылымқорлығы - ертеңі күні оны эстафета ретінде болашақ ұрпағына табыс ету деген сөз. Осындай келеңсіз жағдайлардың ықпалы жастарымыздың ойлаған ойын жүзеге асыруға, күш-қайраты мен қиялына кедергі болады. Қорыта келе, бүкіл ұлт болып, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жеке адам темекі тартушыларға қарсы саналы әрекет жасауы қажет.

Тәрбие сағатына қатысқан мұғалімдерге сөз беріліп, қарастырылған мәселелер бойынша ойларын, пікірлерін ортаға салады. Жеңімпаздарға мақтау қағазы тапсырылады.

© 2010-2022