Етістік. Етістік туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:26.02.15

Сыныбы: 2 «А»

Пәні: қазақ тілі

Мұғалім: Мурзагалиева К.Ж

Әдіскер: Жұматаева З.Ж

Машықкер: Жылқайдарова М.Б

Тақырыбы: Етістік.

Мақсаты:

Білімділігі: Етістік туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.

Дамытушылығы: Сөйлеу тілін, ой-өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетін дамыту. Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету
Тәрбелілігі:Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тәртіптілікке, шап-шаңдыққа тәрбиелеу.

Типі:Бекіту

Түрі: Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмала, салыстыру-ажырату.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет

Көрнекілігі:иллюстрация, демонстрация,

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық



Үй тапсырмасын тексеру



Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту.












Үйге тапсырма:


Қорытындылау


Бағалау

- Сәлеметсіңдер ме,балалар!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Олай болса, сабағымызды мына өлең жолдарын айтайық.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!

-Жарайсыңдар,оқушылар.

-Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасын тексеру:

  • 369-жаттығуды тексеру

  • Ереже сұрау

  • Жарайсыңдар!

  • Барлықтарың үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер!

Кіріспе:

  1. Өлеңмен жұмыс

  2. Диалогпен жұмыс

  3. Кластермен жұмыс

  4. Суретпен жұмыс

  5. Ребуспен жұмыс

Өлеңмен жұмыс:

  • Балалар, тақтада не көріп тұрсыңдар?

  • Қазір, мен сендерге осы өлеңді жақсылап оқып беремін, ал сендер мұқият тыңдаңдар!

Әже

Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам, асырып.

Маған сақтап жүреді,

Тәттіні де жасырып.

Тосып тәттіт дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін, әндерін.

Біздің үйде осындай,

Әжетайм бар менің.

  • Ал, осы өлеңнен не түсіндіңдер?

  • Бұл өлең кім жайында болды?

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • Яғни, ақ жаулықта әжелер жайында айтылған.

Монологпен жұмыс:

  • Кімнің әжесі бар?

  • Ал, олай болса, кім маған өз әжесі жайында монолог айтады?

  • Монолог не екенін білесіңдер ме?

  • «Монолог» дегеніміз, бір адамның тіл қатып сөйлесуі, бір нәрсені қара сөзбен немесе өлең жолдарымен баяндауы.

  • Шығып айта ғой! (тақтаға бір-екі баланы шыңарып, өз әжелері жайында сұрап өтемін)

  • Жарайсың!

  • Орныңа отыра ғой!

  • Сендер, өз әжелерің жайында жақсылап баяндап бердіңдер!

Диалогпен жұмыс:

  • Ал, енді кімдер маған ортаға шығып, диалог құрып береді.

  • Диалог не екенін білесіңдер ме?

  • «Диалог» дегеніміз, екі адамның бір-бірімен тіл табысып, сөйлесуін айтамыз.

Мысалы:

  • Сәлем Айнұр!

  • Сәлем, Динара

  • Қалың қалай?

  • Жақсы.

  • Өзіңнің қал жағдайың қалай?.....т.б. сол сияқты жалғасып кете береді.

  • Ал, енді кімдер тақтаға шығып әже жайында диалог құрайды?

  • Жарайсыңдар!

  • Ортаға шығып, әже жайында диалогтарыңда бастаңдар!

  • Өте жақсы, диалогты жақсы құрадыңдар.

  • Орындарыңа отырыңдар!

Кластермен жұмыс:

  • Енді, балалар тақтаға назар аударыңдаршы!

  • Тақтада сендереге кластер берілген, сендер сол кластерге өз әжелерің сендер үшін қандай екендігі жайында жазасыңдар.

МЕтістік. Етістік туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.ейірімді, ақ жаулықты ана

Қамқор сәби

Ақылды, кеңесші

  • Жарайсыңдар!

  • Әже, сендер үшін қандай екенін білдім.

  • Ал,енді дәптерімізді, ашып бүгінгі күнді жазып қоямыз.

Суретпен жұмыс:

  • Тақтаға назар аударыңдаршы!

  • Тақтада кімді көріп тұрсыңдар?

  • Дрыс айтасыңдар!

  • Тақтада ақ хаулықты әженің суреті бейнеленген.

  • Ендеше қазір біз, суретке қарап сөйлем құраймыз.

  • Сөйлем қрап болдыңдар ма?

  • Олай болса, бір-бірден ортаға шығып жазған әңгімелеріңді оқи ғойыңдар!

  • Жарайсыңдар, жақсы жазыпсыңдар!

Тақтамен жұмыс:

  • Енді 371-жаттығуды тақтаға шығып орындаймыз.

  • Қазір тақтаға бір-бір оқушыдан шығып, орындаймыз.

Сұрақтардың орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемді көшіріп жазыңдар.

Гүлнұр үйді (не істеді?). Әжем жүнді ұршықпен (не істеді?). Жанат гүлге су (не істеді?)

Керекті сөздер: жинады, иірді, құйды

  • Жарайсыңдар!

  • Тапсырманы жақсы орындадыңдар!

  • Осы құрған сөйлемдеріңнің ішінен етістікті тауып, астын сызыңдар!

  • Болдыңдар ма?

  • Сызған етістіктеріңді оқыңдаршы!

  • Жарайсыңдар, дұрыс тауып сызыпсыңда.

  • Жинады, иірді, құйды деген сөздердің етістік екенін қайдан білдіңдар?

  • Өте жақсы!

  • Яғни, етістік не істеді? Не қылды? Қайтты? деген сұрақарға жауап береді.

Сергіту:

  • Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

  • Енді, көздеріңді ашыңдар!

  • Ал, енді арықарай сабағымыздыжалғастырайық.

Ребуспен жұмыс:

  • Балалар, қазір ребус шешеміз.

  • Сендер ребус қалай шешу керектігін ұмытып қалған жоқсыңдар ма?

(тақтада иттің, кірпінің, -ші жұрнағы, инеліктің, көздің, бір санының суреттері ілініп тұрады.)

  • Міне, ребісті шешіп болдық!

  • Қандай сөз шықты?

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • «Тіршілік көзі» деген бір сөз шықты.

  • Енді, сендер осы сөздерді қатыстырып, екі-үш сөйлем құрап жазыңдар!

  • Болдыңдар ма?

  • Болғандарымыз, тақтаға шығып, жазған сөйлемімізді оқимыз.

  • Жарайсыңдар!

  • Яғни, адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың үні жоқ екен.

  • Балалар, алдымызда қандай мерекелер келе жатыр?

  • Дұрыс айтасыңдар, алдымызда

  • 8-наурыз аналар күні және 22-наурыз қазақтың жаңа жылы келе жатыр.

  • Олай болса, ақ жаулықты әжелерімізге арнап өлең жолдарын айтып сабағымызды қорытындылайық.

  • Жарайсыңдар!

Үйге тапсырама:

- Күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар!

1. жан-жануарлардың дыбысталуын жазу

2. Ереже жаттау.

  • Сұрақ-жауап:

  1. Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

  2. Қандай тапсырмалар орындадық?

  3. Етістік дегеніміз не?

  4. Етістік қанадй сұрақтарға жауап береді?

Бағалау:

-Бүгін сабаққа барлықтарың жақсы орындадыңдар! Барлықтарыңа «5»

- Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!



© 2010-2022