Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы

Жангелдин ауданы

Торғай селосы

«Ш.Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» ММ

Биология пәнінің мұғалімі Смайлова Рсалды Кадиржановна

Сыныбы: 6 «А»

Тәрбие сағаты: «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл».

«Дүниеде күллі қазақ ұлтын жер бетінен жойдыруға, құдыреті жетер күш болған емес».

Н.Ә.Назарбаев.

Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, оқушыларды бірлікке, ынтымаққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Мұғалім тарихи кештің мақсатымен қысқаша таныстырып өтеді.

1-жүргізуші: Исмағұлова Зарина

Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни қазақ хандығының құрылығанына 550 жыл.

2-жүргізуші: Серік Гүлжазира

Этносаяси жағдайындағы әлем тарихының қойнауында 15-16 ғасыр Еуразия кеңістігіндегі аймақтар үшін қайта түлеу ретінде қалды. Өйткені сол кезеңде көптеген түркі мемлекеттері Қазан, Астрахан, Қырым, Сібір хандығы мен Ноғай ордасы құрылып қалыптасты.

1-жүргізуші: Исмағұлова Зарина

Міне қазақ хандығының құрылуы мен оның ірі державалардың біріне айналуы және әлемнің саяси картасынан ойып тұрып орын алуы осы кезеңдермен тұспа-тұс келді.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

2-жүргізуші: Серік Гүлжазира

Оның негізін қалаушылар ұлы монғол Шыңғыс ханның тікелей тұқымынан тарайтын сұлтандар болды. Олардың әрқайсысы түркі шежіресі сол шығысқа барып тірелетін. Мәселен, Жәнібек хан Барақ ханның тікелей тақ мұрагері болды.

1-жүргізуші: Исмағұлова Зарина

Ал, Керейхан болса Тоқтақия ханның немересі. Бұл екеуінің ата тегі Шыңғыс ханның Бөртеден туған ортаншы ұлы Жошы ханға барып тіреледі. Сондықтан да түбі туыс, әрі әріптес ағайындылар өз өмірлеріндегі басты армандарын ақиқатқа айналдыруды ұзақ уақыт ойластырды.Дегенмен екеуі де 40 тың қырқасына шыққан кезеңдерде соңғы шешімдерін қабылдап, көшпенді халық арасында хандық құруды қолға алды.

2-жүргізуші: Серік Гүлжазира

Алайда хандықты құрудың алдында көптеген мәселелер туындады. Соның бірі әрине ішкі саяси жағдайлардың шиеленісуі болды. Атап айтқанда жеке мемлекет құруға ұмтылуда шаруашылық,тілдің және мәдени қатынастардағы қиындықтар болса, тағы бірі сыртқы себептер.

1-жүргізуші: Исмағұлова Зарина

Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болшағы үшін алысып өткен хандар мен билер, батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған, ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылды.

Көрініс: «Төлебидің жауабы»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

2-жүргізуші: Серік Гүлжазира

Қазақ хандығы- біздің елдігіміздің түп-тамыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырдық арманын ақиқатқа айналдырды.

Би: «Қара жорға»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

1-жүргізуші: Исмағұлова Зарина

Сонымен керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.

1-оқушы: Жанмұрат Құндыз

Мұхаммед бен Уәли былай деді: «Әбілқайыр хан Дешті қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып отанынан кетіп қалғанды жөн көрді.Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғалстанға апаратын жолды таңдап алды».

2-оқушы: Қылышбек Айзат

М.Х.Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы окургін берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек-қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталды. Бәрін де Алла біледі».

3-оқушы: Жанмұрат Жұлдыз

Қазақ хандығының құрылу себептері:

Біріншіден: Керей мен Жәнібек сұлтандардың қазақ хандығын құруға ұмтылуы;

Екіншіден: Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі;

Үшіншіден: Алым-салықтың көбеюі;

Төртіншіден: Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

2-жүргізуші: Серік Гүлжазира

Би: Қазақ биі «белес»

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

4-оқушы: Тойшыбек Аяулым

1465 -1466 жылдары Керей мен Жәнібектің батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлтты туын тігіп, Орда құруы ең алдымен көшпенді қазақтарды ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітті жүзеге асырды.

5-оқушы: Ақансеріқызы Ақерке

Екіншіден суы мол, топырағы құнарлы жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақташына айналды.

6-оқушы: Қуанышбек Аружан

Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» деген екен.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

1-жүргізуші: Исмағұлова Зарина

Қазақстан- бүгінде жұдырықтай жұмылған, босағасы берік, керегесі кең, терезесі жат елдермен тең, шаңырағы биік азат ел.Осы азаттықтың жолында сан мыңдаған баһадүр бабаларымыздың басы кетті, қаны судай ақты. Десе де олар өкінбеді.

2-жүргізуші: Серік Гүлжазира

«Бірлік түбі- тірлік» дегендей қиын қыстау кезде де бір жеңнен қол бір жағадан бас шығара білді. Бірлігіміз берік болды. Соның арқасында жолбарыстай жоңғарды, қабыландай қалмақты жер жастандырды.

1-жүргізуші: Исмағұлова Зарина

Ал, қазақтың би-шешендері жаудың бетін жалындаған жырларымен, өткір де орақты тілімен тоқтатты.

Көрініс: «Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға баруы».

Автор: Қазақтың қабырғалы үш биінің бірі қаздауысты қазыбек 1742 жылы ойраттың қолына түскен абылай сұлтанды құтқарып алу үшін елшілікке барады. Қонтажының қоңыр ордасының қақ төрінде отырып, былай дейді:

Қазыбек би:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,дәм-тұсымызды ақтай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса күн боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз,

Сен темір болсаң, біз-көмір, еріткелі келгенбіз.

Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз,

Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз.

Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз.

Сен қабылан болсаң, мен- арсытан алысқалы келгенбіз.

Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз,

Тұтқыр сары желіммін жабысқалы келгенбіз.

Берсең жөндеп бітім айт,не тұрысатын жеріңді айт,-

Қалмақ ханы: «Даусын қаздың дауысындай екен. Бұдан былай атын қаз дауысты Қазыбек болсын» депті.

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

2-жүргізуші: Серік Гүлжазира

Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Асыл елім жан жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, байтақ елім Қазақстан!

Хор: «Сары жайлау».

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Тәрбие сағатынан көріністер

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылҚазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

© 2010-2022