«Тіл тағдыры-ел тағдыры» сыныптан тыс шара

Жүргізуші: Қайырлы күн, Тіл мерекесіне жиналған құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар. Тіл  мерекесіне  орай өткізгелі отырған 6-сыныптың мерекелік ұландар жиынына қош келдіңіздер. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы – туған тілі болып саналады. Ән: Атамекен Жүргізуші: Қазақ тілі –ұлт тілі. Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Лилия: Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Жігер: Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Милана: Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Азамат: Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Жүргізуші: Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін Ашатын жан сарайын білімдердің Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан Тіліне зер салыңдар бұрынғының. Асылжан: Тілім менің тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің?! Өз халқына жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің. Дана: Тілім  менің қуатым, күшім менің, Күшім кетсе не болар ісім менің?! Тілсіз өмір бар десе түсінбедім, Тілімменен тірлікті мүсіндедім. Милана: Ана тілім, аяулы үнім, ардақтым, Өзіңменен күллі әлемге тіл қаттым, Бабалардың көзіндей боп сақталған Қазыналы туған тілім қымбатсың. Перизат: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда. Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Би: «Хорезм» Еділхан:  Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім. Жарқынай: Тілім менің – қазынам, қасиетім, Қасиетім – бар әлем бас иетін. Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ, Бола көрме, ана тіл, қасіретім. Нұржан: Туған тілім – қасиетті байлығым, Сенсіз менің құдіретті айбыным. Сенсіз менің кім екенім белгісіз. Сенсіз тіпті бұлыңғырлау ай-күнім. Лунара: Ана тілім – тірегім, ар-намысым Бар қазақтың қастерлер ардағысың Әр жүректе ұран болып жырланар, Жарқырап шыға тұғын таңда нұрсың. Азамат: Тілім менің байлығым Көрмесе екен қайғы мұң Қазақ тілі өлмейді Аман тұрса ай күнім Лилия: Ана тілім айбыным Баға жетпес байлығым Сырын сенен ұғамын Қуаныш пен қайғының Тілім деп сені сүйемін Күнім деп сені білемін Мәртебең осы ғасырда Биік болсын деп тіледім. Гүлсезім: Тілім арым ол менің мақтанышым Ризамын жүрекке от жаққаны үшін Тіл адамның қаруы, қазынасын Туғанбыз соны баста сақтау үшін. Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар Әсем ән мен тәтті күй Көңілге сырлы ой салар Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік Ән: Анамның тілі-аяулы үні Әсел: Туған тілім – бабам тілі өз тілім Туған тілім – анам тілім өз тілім Туған тілім – далам тілім өз тілім Туған тілім – адам тілі өз тілім. Жүрсін: Туған тілім киелі, Домбырамның тиегі. Пернелерін басқанда, Жүрегіме от тиеді. Лапылдаймын жанамын, Сөздің ыстық жалыны. Тілім қару-жарағым, Күшті оның арыны Гүлден: Тілім барда менің де өшпес үнім Алыстан қайта оралған мен бұлбұлың Жетелеген тура жолға түсіріп, Аман болсын әрқашан ана тілім. Ботагөз: Асқақ арман асқарына жетемін, Танытамын қазақтың ел екенін Ең бірінші сүйікті өз тілімді, Биік биік шыңдардан көрсетемін Жігер: Әр пенде өз тілімен мақтанады Туған тіл бесігіңнен басталады Ана тіл менсінбей, білмей өтсең Намысың қара жерге тапталады. Назерке: Ердің сөзі екі ауыз Сөзбен шешкен ұлы тіл Жатпасам десен көміліп Намыстың үрле төрінен Би: «Орыс биі» Жүргізуші: Ана тілім- өзгелерден бөлексің, Бала жүрек саған арнап жыр төксін. Қай асылға теңдесемде жарасар, Ана тілім –баға жетпес өнерсің. Нұржігіт: Туған тілім –тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Гұлжайна: Ана тілім, бал тілім Шабыттандым шалқыдым, Жүрек тербер ән тыңдап, Сөздеріңе балқыдым. Данагүл: Тарихта жазды даналар, Тілдесті өзіңмен бабалар. Тағдырыңа бүгінгі, Жауапты біздей балалар Жүргізуші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім Тату еткен ел мен елдің бірлігін. Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім, Туған тілде алып жүрміз біз білім. Ән: Балдәурен Жүргізуші: Тілім менің! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім. Арманыммен, арыммен қатар қойып, Тілді қорғау парызым бүгін менің. Туған тілде сыры терең жаным бар Туған тілде әнім менен сәнім бар Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. Осымен құрметті қонақтар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ұландар жиынымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тіл тағдыры - ел тағдыры ».

Жүргізуші: Қайырлы күн, Тіл мерекесіне жиналған құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған 6-сыныптың мерекелік ұландар жиынына қош келдіңіздер. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы - туған тілі болып саналады.

Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. «Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!

Ән: Атамекен

Жүргізуші: Қазақ тілі -ұлт тілі. Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді.

Лилия: Тілдің иесі - кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ.

Жігер: Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік.

Милана: Тіл - халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы.

Азамат: Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.

Жүргізуші: Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу - қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.
Жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдердің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Асылжан: Тілім менің тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

Дана: Тілім менің қуатым, күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

Милана: Ана тілім, аяулы үнім, ардақтым,

Өзіңменен күллі әлемге тіл қаттым,

Бабалардың көзіндей боп сақталған

Қазыналы туған тілім қымбатсың.

Перизат: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Би: «Хорезм»

Еділхан: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

Жарқынай: Тілім менің - қазынам, қасиетім,

Қасиетім - бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, ана тіл, қасіретім.

Нұржан: Туған тілім - қасиетті байлығым,

Сенсіз менің құдіретті айбыным.

Сенсіз менің кім екенім белгісіз.

Сенсіз тіпті бұлыңғырлау ай-күнім.

Лунара: Ана тілім - тірегім, ар-намысым

Бар қазақтың қастерлер ардағысың

Әр жүректе ұран болып жырланар,

Жарқырап шыға тұғын таңда нұрсың.

Азамат: Тілім менің байлығым

Көрмесе екен қайғы мұң

Қазақ тілі өлмейді

Аман тұрса ай күнім

Лилия: Ана тілім айбыным

Баға жетпес байлығым

Сырын сенен ұғамын

Қуаныш пен қайғының

Тілім деп сені сүйемін

Күнім деп сені білемін

Мәртебең осы ғасырда

Биік болсын деп тіледім.

Гүлсезім: Тілім арым ол менің мақтанышым

Ризамын жүрекке от жаққаны үшін

Тіл адамның қаруы, қазынасын

Туғанбыз соны баста сақтау үшін.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән: Анамның тілі-аяулы үні

Әсел: Туған тілім - бабам тілі өз тілім
Туған тілім - анам тілім өз тілім
Туған тілім - далам тілім өз тілім
Туған тілім - адам тілі өз тілім.

Жүрсін: Туған тілім киелі,

Домбырамның тиегі.

Пернелерін басқанда,

Жүрегіме от тиеді.

Лапылдаймын жанамын,

Сөздің ыстық жалыны.

Тілім қару-жарағым,

Күшті оның арыны

Гүлден: Тілім барда менің де өшпес үнім

Алыстан қайта оралған мен бұлбұлың

Жетелеген тура жолға түсіріп,

Аман болсын әрқашан ана тілім.

Ботагөз: Асқақ арман асқарына жетемін,

Танытамын қазақтың ел екенін

Ең бірінші сүйікті өз тілімді,

Биік биік шыңдардан көрсетемін

Жігер: Әр пенде өз тілімен мақтанады

Туған тіл бесігіңнен басталады

Ана тіл менсінбей, білмей өтсең

Намысың қара жерге тапталады.

Назерке: Ердің сөзі екі ауыз

Сөзбен шешкен ұлы тіл

Жатпасам десен көміліп

Намыстың үрле төрінен

Би: «Орыс биі»
Жүргізуші:
Ана тілім- өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңдесемде жарасар,
Ана тілім -баға жетпес өнерсің.

Әдемі: Жыры естілер даламның

Арайланған нұр таңда,

Үні естілер бабамның

Туған тілім тұрғанда.

Сал серілер сайраған,

Сауық сайран құрғанда,

Біздің заман адамын

Аузын біреу буғанба?

Өгей етіп өз тілін

Өзге тілге кіріптар

Шүлдірлеген қазақта

Айтшы қандай білік бар?
Нұржігіт: Туған тілім -тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Гұлжайна: Ана тілім, бал тілім

Шабыттандым шалқыдым,

Жүрек тербер ән тыңдап,

Сөздеріңе балқыдым.

Данагүл:
Тарихта жазды даналар,

Тілдесті өзіңмен бабалар.

Тағдырыңа бүгінгі,

Жауапты біздей балалар

Жүргізуші:
Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.

Ән: Балдәурен

Жүргізуші:
Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Арманыммен, арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау парызым бүгін менің.

Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Осымен құрметті қонақтар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ұландар жиынымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!


© 2010-2022