Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге балу

А.Н.Леонтьев “Адам өзге адамдармен қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға болып қалыптасады”- деп жазды өзінің еңбектерінде.                                               Мінез-құлқы, көңіл-күйі,мақсаты,өмірлік бағыты,болмысы әр түрлі адамдарды тү-сіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді бола-ды.Қоғамда қалыпты өмір сүруді өз-геден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжі-рибесінен алынады.Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінд...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама тақырыбы: Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге балу.

А.Н.Леонтьев "Адам өзге адамдармен қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға болып қалыптасады"- деп жазды өзінің еңбектерінде. Мінез-құлқы, көңіл-күйі,мақсаты,өмірлік бағыты,болмысы әр түрлі адамдарды тү-сіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді бола-ды.Қоғамда қалыпты өмір сүруді өз-геден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжі-рибесінен алынады.Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде ал-уан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу- баға жетпес байлық. Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз - оны мәдениетке үйрету,білім беру,қарым-қа-тынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық про-цестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу. Өзін-өзі тәрбиелеу көзімен жұмыс істеуді бастаған оқушымен жұмыс атқарудағы күрделі үрдіс,осы жағдайда оқушыда сырттан көмек күту мәселесі пайда болады. Оқушы өзімен жұмыс атқаруда өзін тәрбиелеудің нәтижелілігі сырттан беретін көмекке, бағыттылыққа, ұйымдастыру-шылыққа тәуелді. Мұнда тәуелділік екі жақты.Тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеу үшін қажетті жағ-дайлар туғызады, ал өзін-өзі тәрбиелеу өз кезегінде тәрбиелеуді жетістікке әкеледі.Сондықтан бұл құбылыстар әрекеттесіп бір тұтастықпен дамиды. Дәл осыны ескеретін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырып басқаратын пе-дагог тәрбиеші белгілі нәтиже алады. Бұл жағдайда педагог тәрбиеші өз алдына оқушы-ларды тәрбиелеуге байланысты белгілі мақсат қоя отырып, дамудың жалпы мақсатымен жұмыстардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тәрбие-леу бойынша міндеттерді ұсынуы қажет.Көптеген психологиялық-педагогикалық эксперименттердің көрсеткіштері бойынша оқушылардың қабілеттерінің жемістілігі қаншалықты өзін-өзі басқару мүмкіндіктері мен құралдары терең қолданылса,соншалықты өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нәтижелі болады.Осы заңдылыққа сүйенсе,келесі принцип орын алады - диалекти-калық тұтастық және оқу үрдісіндегі педагог жетекшінің оқушының өзін-өзі басқаруына өту принципі, яғни оның негізінде тұлға қарқынды дамуға мүмкіндік алады. Осы принципті іске асыру ережелері: 1.Оқушылардың сырттың көмегінсіз орындай алатын іс-әрекеттерінің бәрін, өз бетінше орындаулары тиіс. 2. Іс-әрекеттерін психологиялық-педагогикалык басқару жүйесінде жанама және өрбітуші құралдары жетекші орында болуы тиіс, яғни педагог тікелей,оператавті құрал-дарды қолданса, оқушылардың екпінділігін және шығармашылығын тежейді. 3. Оқушылармен қарым-катынас стилі оқу-тәрбие үрдісінде демократиялық және қайыр-ымды болуы тиіс.Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге талаптандыру жеткіншектің қызығушы-лықтарын, ойларын, құштарлықтарын, психикалық ерекшеліктерін терең біл-ген кезде ғана мүмкін болады. Сондықтан педагог және тәрбиеші оқушыны жүйелі түр-де зерттеп танып, олардың дамуын мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап отыру қажет. Мұндай әрекет олардың мүмкіндік-терін нақты білуге, әсер етудің бағыттылығын анық-тауға және керек кезде көмек көрсетуге жағ-дай туғызады.Өзін-өзі тәрбиелеу сипаты жә-не пайда болуы тек әр түрлі жастағы оқушыларда ғана емес бірдей жастағы оқушыларда да бірдей болмайды,ол оқушының тек қазіргі уақыттағы өмір жағдайларына, оның іс-әрекетіне ғана тәуелді болмай, оның жалпы жеке басының даму деңгейіне де байланысты болатынын педагог ескеріп, ұмытпауы қажет.Жеткіншектер, жоғарғы сынып оқушы-ларына қарағанда өзін-өзі тәрбиелеуде сәтсіздік жағдайларда үмітін үзеді, сондық-тан үнемі айнала-сындағылардан қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ жеткіншектің сезімтал-дығын және осыдан шығатын тез ренжігіштігін, кінәмшылдығын және оның сұраныс-тарымен, талаптарымен санаспаған, оның ар-намысына тиген жағдайда мойындамауды ескеруге тиісті. Сондықтан педагогтың жеткіншек және жоғары сынып оқушысына қа-тынасы-тұлғаға мүмкіндігінше көбірек сый көрсету, мүмкіндігінше оған көбірек талап қою принципіне жауап беруі қажет.Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру және басқару кез-інде педагог үнемі оқушылардың жеке ерекшеліктерін және ұсыныстарын ескереді.Пе-дагог мүмкіндігінше әр оқушының алдында тұр-ған мәселелерді зерттеп және әдептілік сақтап оған өзін-өзі тәрбиелеудің дұрыс жолын таңдауға көмектесуі қа-жет. Өзімен жұ-мыс істеуге болатын негізгі элемент педагог жағынан оқушының коғамдық және оқу іс-әрекетінің бағасы болып табылады. Сондықтан жағымсыз баға, жағымды баға оқушының жұмысын қолдауы мүмкін. Педагогтың әр бағасы жеткіншекті жаңа жетістіктерге итер-мелейтін жағымды нәтижелер беруге бағытталады.Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің көп факторларының арасында ең негізгі бір орынды отбасы (жанұя) алады. Тарихи тә-жірибе және арнайы бақылау негізінде баланың туылған кезінен мектепке барғанша от-басы жетекші тәрбиелік күш болып табылады деуге болады.Қиын оқушы көбінесе ішім-дік ішетін, ұрыс-керіс және ата-ананың бір-біріне деген қатыгез отбасылар жағдайында өмір сүреді. Бұл жағдайлар балаға зиян келтіретіні айқын.Отбасында тәрбиелеудің өз қиыншылықтары мен артықшылықта-ры бар. Артықшылықтары, ол ата-анасы баласын өнегелік-еріктік, эмоционалдық және интеллектуалдық ерекшеліктерін және олардың пайда болу себептерін жақсы біледі. Сондай-ақ бала мектепке қарағанда өз ата-анасы алдында өзін шынайы ұстайды. Анасы және әкесі, баласына қа-рап байқап жүрген жағдайда қалыптасып келе жатқан тұлғаның ерекшеліктерін өңдеуге мүмкін-дік болады.Ал қиыншылықтарына келетін болсақ, ол бір жағынан ата-ананың отбасындағы ашық көрсететін мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты, екіншіден, көп ата-аналарда педаго-гикалық, психологиялық білімдердің және шеберліктердің жетіспеушілігіне бай-ланысты.Көбінесе ата-аналар балаларды өз басынан өткен тәжірибе негізінде тәрбие-лейді. Нәтижесінде дұрыс тәрбиелеудің орнына ісіне, көңіліне қарап еркелетумен шекте-леді немесе өте қатал талаптар қояды.Отбасында және мектепте осындай қатынастың нә-тижесі өзіне сенбеушілер және өзін кемтіп сезінуіне алып келеді. Өз қасиеттерін бағала-маған жеткіншек тұйық болады, немесе әдейі бе-тімен кетеді. Сондықтан отбасында бала-ны тәрбиелеуді бірінші орында ата-ананын үлгісі, олардың өнегелік бейнесі, бір-біріне және балалардың қатынасы тұруы керек. Психологиялық-педагогикалық бағалау және өзін-өзі бағалау принципінің іске асу ережелері төмендегідей: -мотивациялық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқу-шының тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет; -оқушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшы-лықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі болмауын анықтап,оны әрі қарай дамыту үшін зерттеу қажет.Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік се-зімнің дамуы байқалады.Өзін-өзі-тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен се-бептер: кемшіліктерді жойып, сыныптың, әлеуметтің сыйлы мүшесі болу жатады.Мұндай талап-тілектерді іске асыруға тек оқушының тілегі аз.Өзін тәрбиелейтін оқушыларды, мұ-ғалімдер,ата-аналар қолдап,тәрбиелеу тәсілдерін талдап,оларды іске асыруға өз үлестерін қосу қажет.Педагогикалық практикада оқу-шының даму деңгейіне байланысты жетістік-терді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда.Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгер-істердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский:«Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе,онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.Диагностика (грек сөзі: диа - ашық, айқын жəне гнозис - білу) - зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тə-сілі.Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей.Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістер-ің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға кел- тірудің жоспарына негіз береді.Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбеті зая етіп,алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл,оны асқындырып жібереді.Сондықтан да,даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды прак-тикалық іс.Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады.Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер,антропо-метриялық,əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет.Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапай-ым əдістерін үйреніп алу кəсіби педа-гогикалық дайындықтың аса маңызды шарты.Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер - оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық себеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру.



© 2010-2022