Разработка классного часа на тему Мен-қазақ патриотымын

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Сынып сағаты



Мен-Қазақстан патриотымын



5 Ә сыныбы














Сынып жетекшісі:Кабдулова А.С







Мен - Қазақстан патриотымын!

Тәрбие сағатының мақсаты: балалардың туған жері, елі туралы білімдерін кеңейту. Өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, көрнекілік , сұрақ - жауап әдістері арқылы оқушылардың өз ойын жетік жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: куәлік үлгісі, төл құжат, тіл туралы заң, конституция кітаптары.

Қолданылған әдіс - тәсілдер: Көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Психолгиялық тренинг.

Бір - біріне қалам беру арқылы, жылы сөздер айтқызу.

Ортаға екі бала шығады. Айдана мен Райымбек

( бір ұл, бір қыз бала)

Райымбек : Алмагүл Мыңжасар қызы, бүгінгі сабақты Айдана екеумізге жүргізуге рұқсат етіңізші.

Алмагүл Мыңжасаровна: Жарайды Райымбек рұқсат.

Айдана: Райымбек мен бірінші бастасам сен қарсы емессің ғой?

Р. Әрине Айдана бастай ғой.

А. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Балалардың жауабы.

Р. Бәрекелді тамаша, ал қандай ай ?

А. Дұрыс балалар, сауалымызды әрі қарай жалғастырайық аптаның қай күні?

Р. Өте жақсы, біз қай республикада тұрамыз?

А. Рахмет, бас қаламызды атаңдаршы?

Р. Дұрыс, келесі сұрақ Елбасымыз кім?

Сендер қай қалада тұрасыңдар?

А. Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?

Р. Балалар , Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме? Рәміздерді атаңдаршы.

А. Райымбек осы біздің ақын ағаларымыз мен апаларымыздың еліміз және біздің республикамыздың рәміздері туралы жазған өлеңдері көп қой.

Р. Әрине, ал достар кім Қазақстан рәміздері жайлы тақпақтар айтып береді?


Қазақстан туы. ( С. Қалиұлы).

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен - тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті - алтын күн,

Асқақ арман - қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі мақтаны.

Елтаңбасы елімнің ( С. Қалиұлы).

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада - аспан әлемі.

Құт береке - шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

А. - Жарайсыңдар енді Қазақстан, Отан туралы тақпақты кім айтып бере алады?

Отан - атам, Отан - әжем,

Осы сөзім қате ме екен.

Қате болса неге біздер,

Дейміз оны атамекен.

Отан менің ата - анам,

Отан досым, бауырым.

Отан өлкем астанам,

Отан аудан, ауылым

Көк байрақ, көк аспан,

Алтын күн нұр шашқан.

Әлемге танылған,

Тәуелсіз Қазақстан!

Сюжетті рөлдік ойын

( қатысушылар :)

«Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімге келеді»

Әке мен ана

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Баланың аты - жөні кім?

  • Алиев Әсет

  • Әкесінің аты - жөні кім?

  • Алиев Айдар

  • Анасының аты - жөні кім?

  • Алиева Самал

  • Баланың туған жылы, айы, күні

  • 1- ші желтоқсан 2010 жылы

  • Рахмет.

Ерасыл: бүгіннен бастап Алиев Әсет Айдарұлы Қазақстан Республикасының азаматы болды. Құттықтаймы!

Рахмет. Сау болыңыз.

Олжас: 16 жасқа толған кезде мынадай жеке куәлік аласыңдар ( төл құжатты көрсету) Әркім өзін Қазақстан азаматымын деп санаса, ол азамат білімді болуы керек.

Р. Кім ана тілі туралы тақпақ айтып береді?

Бақыт құсы қонды ғой,

Менің туған жеріме.

Тіліміз бен дініміз

Қайта келді еліме.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Достар, менің қолымда тұрған еліміздің конституциясы.

Бұл заңда адамдардың тең құқықтылығы, бас бостандығы, бір - бірінің намысына тимеу туралы жан - жақты жазылған ( Конституцияны көрсету) Бұл ең басты құжат.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

А. - Ал енді бір ойын ойнап жіберейік, Біз Райымбек екеуміз Отан туралы, тіл туралы, батырлар туралы мақал бастаймыз ал сендер оны одан әрі қарай жалғастырасыңдар.

18. Даниял Отан оттан да .... ( ыстық)

19. А. Бекзат Отан үшін отқа түс күймейсің

( Арың үшін алыссаң өлмейсің)

20. Айдина Отансыз адам... ( ормансыз бұлбұл)

21. Алишер Ердің көркі елімен

( Отан көркі жерімен)

22. Нұргүл Ер жігіт елі үшін туады

( Ел үшін өледі)

Расул Туған тілді білу парыз, туған жерді сүю парыз.

Райымбек - Сендер тағы азаматтық туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Қазақстан Республикасы

Ол менің - Отаным,

Ол менің тілім, отбасым, туған өлкем

Ал мынау біздің байтақ жеріміз деп картаны көрсетеді.

Ата жолын сақтаумен,

Өсті әке - шешеміз.

Ел сенімін ақтаумен,

Азамат боп өсеміз.

Жақсы адам елге ісімен танылады.

Ал жаман адам сөзден әркез жаңылады

Ертең - ақ азамат боп ер жетермін,

Қолдаса ата - бабам аруағы.

М -м:

Әрине сендер күні ертең - ақ азамат боп ер жетесіңдер. Балалалар бүгін сабағымыз не туралы болды? Азамат болу үшін не істеу керек? Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл толғалы тұр? Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

У. Бекзат

Ән ұраным - жан ұраным,

Айтар әнім - сөйлер сөзім.

Туған жерім - сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады.

Ән ұраным - менің Қазақстаным

Ән ұранды хормен орындау

Сюжетті рөлдік ойын

( қатысушылар : 10. Айжан, 11. Арыстанбек, 12. Ерасыл, 13.Олжас )

«Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімге келеді»

Әке ( Арыстанбек) мен ана ( Айжан )

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Баланың аты - жөні кім?

  • Алиев Әсет

  • Әкесінің аты - жөні кім?

  • Алиев Айдар

  • Анасының аты - жөні кім?

  • Алиева Самал

  • Баланың туған жылы, айы, күні

  • 1- ші желтоқсан 2010 жылы

  • Рахмет.

Ерасыл: бүгіннен бастап Алиев Әсет Айдарұлы Қазақстан Республикасының азаматы болды. Құттықтаймы!

Рахмет. Сау болыңыз.

Олжас: 16 жасқа толған кезде мынадай жеке куәлік аласыңдар ( төл құжатты көрсету) Әркім өзін Қазақстан азаматымын деп санаса, ол азамат білімді болуы керек.

Келесі кезекте қазақтың кешегісі мен бүгінгі өмірінен көрініс:

Кеше

- Уа кімсің?

  • Қазақпын .

  • Қанша елсің?

  • 10 миллионнан астам

  • Қайдан келесің?

  • Мәскеуден келемін.

Съезге барып, делегат болдым, айтқанын істейін деп қол қойдым.

Бүгіні

  • Уа кімсің?

  • Қазақ деген елмін, байтақпын кеңмін.

  • Қанша елсің?

  • 16 миллион, бұл күнге мың өліп, мың тіріліп келгенмін.

  • Өнімің қайда?

  • Өзімде қызығын көріп жүрмін, қалғанын шет елге долларға сатып жатырмын.

  • Қандай елсің?

  • Егеменді, бәрінде жеңгем енді.

  • Тілің қандай?

  • Қазақ тілі.

  • Жарайсың. Ілгері елден қалып қоймай жан - жағыңа қарарсың.

© 2010-2022