План урока по воспитательному работу на тему Топтың жүрегі

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Топтың жүрегі

Мақсаты:

- Оқушыларға шаттана, қуана білу туралы түсінік беру;

- Адамның денсаулығы мықты болу үшін, көңіл-күйдің әсері жайлы білімдерін қалыптастыру;

- Оқушыларды үнемі ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға, күнделікті өмірде осы қасиеттерді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Типі: Тренинг.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбері. Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады:

-Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы біздің шаттық шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар (шеңбер бойымен алдын-ала дайындалған айналар қойылған)

-Әрқайсыларың өз айналарыңды алып, артына қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.

Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе-қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе-жақсы ықыласпен сәлемдесейік, жүрек бейнеленсе-құшақтасайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Өзіңмен өзің.

Балалар, қазір бәріміз көзіміздіжұмайық, ақ,көк,сары,қызыл,күлгін шарлар мен күлкі әлеміне саяхатқа барамыз. Күлкі әлемінде көптеген аңдарбар, олардың бәрі мейрімді екен, сол мейрімді аңдардың ішінде бір көңілді Жолбарыс өмір сүріпті. Өзі кішкентай ғана сүйкімді екен. Ол өмірдегі барлық жақсылыққа қуанатын, жарығы мен жылуын берген күнге, самал желге, достарымен кездескенге, ол теңіз жағасындағы серуенге шаттанатын. Тіпті бұлттар төніп, қатты жауын жауып тұрғанда да, ол мұңаймайтын. Кішкентай Жолбарыс қандай жағдай болсын, шаттанып, қуанышты болып жүретін. Өйткені, бұлттар сейіліп, жаңбыр тоқтап, аспан кемпірқосақпен әшекейленіп, ал достары болса тағы да мейірімді де жарық күннің астында ойнауға келетінін ол жақсы біледі.

Тыңдайық-ойланайық.

-Қуаныш, шаттық дегеніміз не?

-Не үшін қуана білу керек?

-Қуаныш, шаттық неден басталады?

-Неліктен адамдар күлкіні жақсы көреді?

-Ал неге адамдар қуанып жүруді ұнатады?

Тапсырма: Қуанышқа бөленген кездерің тулалы әңгімелеп беріңдер.

«Күлкі түрлері» ойыны.

Балалар қазір барлығымыз екі топқа бөлінеміз.

1-топ. Көңілді түр жасаймыз.

2-топ. Көңілсіз түр жасаймыз.

Енді балалар қараңдаршы бізге қай топ көбірек ұнайды?

Дұрыс айтасыңдар, бірінші көңілді топ.

Енді балалар бәріміз бір-бірімізге қарап «күлкі түрлерін» көрсетейік.

Дәйексөз. Қуаныш-өмір шаттығы. (Халық нақылы)

Тапсырма. Геометриялық фигуралардың ішіне (төртбұрыш, дөңгелек, ұшбұрыштарға) адамның көңілді бет бейнесінің суретін салу.

Суретті тест.

Ең алдымен қатысушыларға жүрекшелер таратылады.Сол жүрекшелерге тренингтен алған әсерін,бір-біріне тілектерін жазады.

Жүректен-жүрекке. Балалар шеңбер бойына жиналып, төмендегі өлең жолдарын бәріміз қосылып айтып, бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлап, амандық тілеп қоштасайық.

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.











© 2010-2022