Демократиялық жаңғыру күні тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Демократиялық жаңару күні»

№80 топ желтоқсан 2014 жыл

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу, бойларына адамгершілік ізгілік қаситтерін дамыту.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі. Электрондық оқулық. Слайдтар.

Барысы. Топ жетекшісінің кіріспе сөзі.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!

1986 жылы 16-желтосанда қазақ елінің көктемі үшін солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтерген ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз. Ол оқиғаны ұмытуы мүмкін емес: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты азаматтарды еске ала отырып,олардың ерлігін, не үшін алаңға шыққанын көпшілік алдында айта кетсек артық болмас.

Тарих пәнінен электрондық оқулықтан КСРО-ның құрамындағы Қазақ КСР-ның экономикалық, әлеуметтік жағдайы туралы , оның Желтоқсан оқиғасына ұласуы мен барысы туралы мәліметтер беремін.

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.

Түн.Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатігездікті көрген, оларға араша түсем деп, жүргендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді.

«Міне, өздерің естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ. Өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде қайғы-қасіреттен әбден жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым. Сол себептен 20 жыл бойы өз-өзімді қинағым келмейді.»

Оқушы:

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым

Мойныма алып жаланы

Мен болайын құрбаның.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін,не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген, қош бол таңдарым.

Көре алмай мен өтермін.

Оқушы:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді. Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Оқушы:
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

Жібердік еркін ат басын

Қиянат жанға батпасын

Тоқырау таңын күйреттік

Деп « Теңдік күні батпасын!»

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Жасайық басты бауырлар

Жанайық жансақ маздап біз.

Рас, досым, 86 есімде

16 желтоқсанның кешінде,

Намыс кернеп, шықтық біздер алаңға,

Шындық үшін «тар жол, тайғақ кешуге»

Біз отанды қаралауға бармадық.

Сол үшін де қолға қару алмадық.

Қайта қолда қаруымыз сөз болып

Біз отандық Әділетті қорғадық.

Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің.

Жүргізуші: Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылып, желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясының төрағасы Мұхтар Шаханов жастарға арнаған жалынды өлеңін оқыды.

17-желтоқсан Республикалық демократиялық жаңару күні деп жарияланады.

Ой бөлісу. - Осы қыздар мен жігіттердің орнында сен болсаң қандай әрекет жасар едің?

Олардың бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсың?

- Сен ер жігіттің бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсың?

- Өз бойыңдағы ең жақсы қасиетің қандай? /Бұл мәліметтер түрлі-түсті қағаз қиындыларына жазылып, түсіндіріледі.

Топ жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, аяқтайды.

Топ жетекшісі: Г. Матниязова


© 2010-2022