Тәрбие сағатының жоспары Тілі басқа -тілегі бір

Тілі басқа-тілегі бір Тұратын ел алуан ұлттан –ұлыстан,Аман болсын даудан, алыс –жұлыстан. «Ырыс түбі – ынтымақ »деп жарасып,Қазақстан болсын жайнап Гүлстан.Нұртас ИсабаевМақсаты : Студенттерді Қазақстанда, әсіресе Рудный қаласында тұратын халықтардың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру арқылыұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу, зерттеу іскерліктерін дамыту.. Қатысушылар:редактор, жүргізуші, студенттер.Өту барысыЖүргізуші:Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бү...
Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тілі басқа-тілегі бір

Тұратын ел алуан ұлттан -ұлыстан,

Аман болсын даудан, алыс -жұлыстан.

«Ырыс түбі - ынтымақ »деп жарасып,

Қазақстан болсын жайнап Гүлстан.

Нұртас Исабаев

Мақсаты : Студенттерді Қазақстанда, әсіресе Рудный қаласында тұратын халықтардың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру арқылы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу, зерттеу іскерліктерін дамыту..

Қатысушылар : редактор, жүргізуші, студенттер.

Өту барысы

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінде еліміздің өмірінде дәстүрге айналып өткізіліп жатқан мерекелердің бірі «Қазақстан халықтарының Тілдер күні» мерекесі.Бұл халықтар арасындағы достықтың дәнекері болар, әрбір ұлттың өзін-өзі танып білуіне жол ашар. Тілдер күніне арналған «Тілі басқа-жүрегі бір» атты тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.

Редактор: Туған тілім-тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім -мен де бірге өшемін-демекші тіл-әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес осы жылдан бастап, қыркүйек айының 22-сі Қазақстан халқының Тілдер мерекесі ретінде аталып келеді.

Жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты мақсаты өзіміз оқып-білім алып жатқан Рудный қаласында тұратын халықтардың сәлемдесу салтын, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы материал жинап, зерттеушілік іскерлігімізді дамыту болса, екіншіден тілге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ұлтаралық мәдениетімізді дәріптеу. Тәрбие сағатының формасы: ауызша журнал.

Редактор:

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт-дәстүрлерін сақтай білген. Қазір өзге ұлт өкілдерінің тілінде сәлемдесу, салт-дәстүрден көрініс, ұлттық тағамдары туралы студенттердің жинақтаған мәліметтеріне құлақ түрсек.

Редактор: «Егер жер жүзіндегі халықтарға ең жақсы әдет-ғұрыпты таңдап алуға мүмкіндік берсе, онда әр халық оларды мұқият қарап, әркім өз халқының әдет-ғұрпын таңдаған болар еді», - деген екен біздің эрамызға дейін өмір сүрген «тарих атасы» Герадот.

Қазақ елі өзінің ертеден бері, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет -ғұрып, салт - дәстүрін жасқанбай жалтақтамай пайдаланып, іске асырып, ары қарай дамытып, заман талабына сай жүргізіп келеді.

Журналдың бірінші беті қазақ халқына арналады.

Редактор: Қазақ халқы бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі. Сөз «Қазақ еліне» беріледі.

  • «Сөз анасы-сәлем» Сәлемдесу

  • Салт-дәстүрден көрініс

  • «Өнерлі өрге жүзер» Өнері

  • «Ас -адамның арқауы» Ұлттық тағамдары

Журналдың екінші беті орыс халқының салт-дәстүріне арналады. Редактор:Тарихи жағдайлардың нәтижесінде екінші отандарын «Қазақстан» деп тапқан орыс халқы бүгінде республика тұрғындарының отыз пайызын құрайды. Сөз «Орыс халқына» беріледі.

  • «Сөз анасы-сәлем» Сәлемдесу

  • Салт-дәстүрден көрініс

  • «Өнерлі өрге жүзер» Өнері

  • «Ас -адамның арқауы» Ұлттық тағамдары

Журналдың үшінші беті «татар халқына» арналады.

Редактор : Журналдың бұл беті өздерінің мейірімді, ашық-жарқын, еңбекқор, білімге құштар халық-татар халқы.

Сөз «татар халқына» беріледі.

  • «Сөз анасы-сәлем» Сәлемдесу

  • Салт-дәстүрден көрініс

  • «Өнерлі өрге жүзер» Өнері

  • «Ас -адамның арқауы» Ұлттық тағамдары

Хормен: Тіліміз басқа болғанмен - жүрегіміз бір, ол тек қана Қазақстан, Бейбітшілік деп соғады!

Редактор: 130- дан астам ұлт пен ұлыстарды қанатының астына алып отырған киелі бесігіміз ешқашан шайқалмасын. Достығымыз, бірлігіміз мәңгілік жасасын !- дей отырып бүгінгі сынып сағатын аяқтаймыз. Сіздерге естелік ретінда «Қуыс үйден құр шықпа деп» шағын сыйлығымызды ұсынамыз.Қатысқандарыңызға рахмет!

Тіл құдіреті ауыз толтырарлықтай өте күшті. Тіл киелі, қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп сүюіміз керек. Тәрбие сағатымызды Б.Момышұлының мынадай сөзімен аяқтағым келеді:

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабаларымызды , тарихымызды ұмыту»




















Рудный,2013



© 2010-2022