Әдет-ғұрпымыз – жазылмаған заңымыз

қазіргі заманда саналы, тәрбиелі тұлға қалыптастыруда қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін үйренудің маңызы зор. әдет-ғұрпымызды сақтау, саналы да дана сөздерділу болашақ ұрпақтың еншісінде. Саналы да даналы сөздерін қазақ халқы асылындай сақтаған. Сәлем беруден бастап, бастаңғы, ерулік, шашу т.б. әдет-ғұрыптарды оқушының санасына сіңіріп өсірген абзал. сол мақсатта олар туралы қысқаша тоқталып, таныстырып өтеміз. Қазақтың тілі сөзге бай, соған орай мақал-мәтел түрлері де баршылық. сәлемдесу барысын...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты

5-сынып

Әдет-ғұрпымыз - жазылмаған заңымыз

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру; баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету; ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, әзірленген дастархан.

Мұғалім: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, ұлттық құндылықтарымызды асыл қоймасындай сақтады. Өнерлі халық - өміршең халық. Қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған «Әдет-ғұрпымыз - жазылмаған заңымыз» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Тәрбие сағаты «Бастаңғы» салт-дәстүрімен басталады.

Әжесі немересімен әңгімелесіп отырады.

Немересі? Әже, осы әкемнің атын не себепті «Жолдыбай»деп қойғансыз?

Әже: Е-е, балам, ертеректе адамның есімін ырымдап, қай уақытта туылса, сол мезгілге лайықтап қойған. Ол кезде тауға көшіп жатқан кезіміз еді. Сол жолда келе жатып өмірге келгеннен кейін осылай деп қойғанбыз.Ондай есімдер көп қой.

Немересі: Әже,бүгін әкем мен анамның қыдырып кеткенін пайдаланып балаларға бастаңғы жасап жіберейікші.

Әже: (Әжесі ойланып отырып рұқсат береді)

Жарайды, балам, шақырсаң шақыра ғой, тек шуламай тәртіпті өткізіңдер.

Немересі жүгіріп кетіп құрбыларын шақырып келеді. Барлығының қолдарында тағамдары бар. Дастарханға қойылады.

1-жүргізуші: Нан- тіршілік нәрі. Нан барлық тағамнан үлкен, сондықтан дастарханға бірінші нан қойылады. Нан бар жерде ән бар.

2-жүргізуші: (Бауырмал,туысшыл,жақыншыл деген мағынаны білдіреді) деп бауырсақ қойылады.

Қымыз, айран, сүзбе, саумал шұбаты,

Қатық, тосап, жент адамның қуаты.

Қаймақ, көже, ақ ірімшік, сүт, уыз-

Қазағымның сүт тамағы, бұл атты.

Ания:

Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші! Сүйінші!» деп келеді мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл - шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

Марат:

Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келегенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілермен, күміс тиындармен әйел адамдар шашу шашады.

Бек:

Қонақасы - халқымыздың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайындағы ерекше қымбат дәстүрі. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып қонақасы беру - жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.

Әдемі:

Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.

Алтынай:

Жеті ата. Әр адам өзінің жеті атасын білуі - көрегенділік пен білімділігі. Білмесе, жеті атасын білмегенді «жетесіз» деп сөккен.

Сабина:

Сәлем беру. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру - қалыптасқан дәстүріміз.

Меруерт:

Енші. Балалары ер жетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған дүние-мүлік, мал беріп, отау тігіп, жеке шығарады. Бұны «Енші » деп атайды. Ал қызға берілетін дүние «жасау» деп аталады.

Оңғар:

Аманат - бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақта, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды.

Ания:

Қалау. Біреудің жақсы малына, затына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп. Қалағанын орындап қайтаруға тиіс.

Айжүз:

Сонар - бұл аңшылар үшін өте қызықты сәттердің бірі. Қыстың тынық күні ұлпа қар жерге түскенде жүрген аңның ізі тайға таңба басқандай анық көрініп жатады.

Марат:

Сыбаға. Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «сыбаға » деп аталады.

Бек:

Кекіл. Жас балалардың шашын әдейі тегістеп ұстарамен алып тастайды да, бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп, қиып қояды.

Әдемі:

Кеусен - бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Егін пісіп мол өнім алғанда егіншілер туған-туысқандарына, ауылдастарына астық береді.

Меруерт:

Бесікке салу - жаңа туған бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік - қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Сабина:

Ат қою. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып, батасын алған.

Меруерт:

Қырқынан шығару. Баланың туғанына 40 күн толған соң ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады.

Әдемі:

Тілашар. Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді.

Сабина:

Тұсаукесер - балаға қатысты рәсімнің бірі. Бұл бала жүре бастағанда жасалатын ырым.

Тұсаукесер рәсімінен көрініс көрейік.

1-жүргізуші:

Баталы құл арымас

Батасыз құл жарымас

Батамен ел көгереді

Жауынмен жер көгереді.

2-жүргізуші:

Бүгінгі тәрбие сағатымызда «Сөздің көркі - мақал» деп, мақалдап сөйлеу жарысына кезек берейік.

Бек пен Марат:

Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем бередідеп, сәлем беруге келдім.

Амансың ба, достым? Қуыс үйден құр шықпа деген, дәм ауыз ти.

Сыйлап берген су сатып алған балдан артық, деп жайғасайық.

Сыйға сый, сыраға бал демекші, өздеріңізге риза болып қайтайық

Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер?!

Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар.

Бірлік түбі - тірлік деген

Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады демекші, көңіліміз марқайып қалды ғой.

Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер, демекші, мал келетін уақыт болды, қайтайық.

Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар, деген, әлі кездесерміз сау бол.

1-жүргізуші:

Қарап отырсақ, қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі шұрайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ақ көз жеткізген боларсыздар.

Мұғалім сөзі.

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Осымен тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.






Бек пен Марат:

Бек: Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем бередідеп, сәлем беруге келдім.

Марат: Амансың ба, достым? Қуыс үйден құр шықпа деген, дәм ауыз ти.

Бек: Сыйлап берген су сатып алған балдан артық, деп жайғасайық.

Марат:Сыйға сый, сыраға бал демекші, өздеріңізге риза болып қайтайық

Бек: Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер?!

Марат: Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар.

Бек: Бірлік түбі - тірлік деген

Марат: Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады демекші, көңіліміз марқайып қалды ғой.

Бек: Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер, демекші, мал келетін уақыт болды, қайтайық.

Марат:Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар, деген, әлі кездесерміз сау бол.











































© 2010-2022