Внеклассное мероприятие Қыз сыны

Раздел Классному руководителю
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыз сыны

Категориясы: Бастауыш сынып

«Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2014 байқауының жүру барысы.
1 - жүргізуші: Армысыздар, абзал аналар, ақ жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар.
2 - жүргізуші: Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 22- наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
1 - жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, Наурыз мерекесіне арналып өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2014 байқауын тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Арулар - аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.
1 - жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін - өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Көктем гүлі жас ару қыздар жайлы.
1 - жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аруларды құрметтеп
Ән маржанын шашайық - деп ән жолдаймыз.
Ән:-------------------------------
Орындайтын: ---------------------------
2 - жүргізуші:
Құрметті қауым: Бүгінгі өткелі отырған «Қыздар! Көктем гүлі» атты Қыз сыны 2014 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Байқаудың мақсаты: Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қыздардың табиғат берген көркемділік - әдемілігімен, сұлулығына тәу ету.
1 - жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Кішкентай қыз - инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
1 - жүргізуші:
1 - Тіл байланып қалатындай көргенде,
2 - Сұлулықты соған ғана берген бе!
3 - Кімде болса бас иеді мойындап,
4 - Қарсы алдына ару қызы келгенде - дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
1 - жүргізуші:
1 - № 1 аруымыз----

№ 2 аруымыз---

№3 аруымыз----1 -

№ 4 аруымыз----1 -

№ 5 аруымыз----1 -

№ 6 аруымыз----1 -

№ 7аруымыз----
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға - деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасының төрағасы Сагунбаева Ә.Ш.
2 - жүргізуші; Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
1 - жүргізуші:
І - бөлім: «Сәлемдесу»- деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ - бөлім «Өз өнері» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)


ІІІ - бөлім: «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған бұйым немесе зат, картина дайындап әкелу тапсырылған болатын.

ІV бөлім: «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.

V бөлім: «Қол өнері» - деп аталады. Бұл бөлімді сайыскерлеріміз қазақтың ұлттық ою - өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып, бетке жабыстырады.


VI «Сән үлгісі»-деп аталады. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі.
2 - жүргізуші.
Құтты болсын бұл мейрамы көктемнің
Қуанышын баршамызға сепкен күн
Сіздер үшін бүгінгі орындаулар
Билері мен ән-жырлары кештердің - деп сіздерге арнап ән жолдаймыз.
Ән:
Орындайтын:
1 - жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
қыз деген ол - әдепті де әдемі
қыз деген ол - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.- дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесуі» бойынша аруларымызды өзін - өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар.
№ 1 аруымыз ----------- Қарсы алыңыздар
2 - жүргізуші:
№ 2 аруымыз -----------
Қазылар алқасы І бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз.
Ән:
Орындайтын:
2 - жүргізуші
ІІ бөлім:»Өз өнері»
Аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының*- деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
№ 1 аруымыз: -------
2 - жүргізуші
Қазылар алқасы ІІ бөлімнің бағасын шығарғанша бір әдемі би тамашалаңыздар Қарсыалыңыздар
1 - жүргізуші
2 - жүргізуші
ІІІ бөлім « Үй тапсырмасы»
Бұл бөлімде аруларымыздың үйден дайындап әкелген бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады. Қол соғып аруларымызды ортаға шақырамыз.
Қазақ биі
Орындайтын 4 - сынып қыздары
1 - жүргізуші
IV бөлім «Сұрақ - жауап» Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Білім құйған бойына
Қанын өмір жайына
Салт дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына - деп сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші
V бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
1 - жүргізуші
Қыз деген ол - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз
№ 1 аруымыз.
2 - жүргізуші:
1 - жүргізуш
VI бөлім «Қол өнері»
Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
Шеше көрген тон пішер дегені рас
Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі. Бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Қазылар алқасы VI бөлімнің бағасын шығарғанша бір әсем ән жолдаймыз
Ән: ---------
Орындайтын: -------
1 - жүргізуші
Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының отанның берекесі
О, қош жарқырап ортамызға
Жұпар кеуде адамның мерекесі - дей келе апа қарындастарымызға мерекелік сәлем жолдаймыз.
Ән:-------
Орындайтын:----------
2 - жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
1 - жүргізуші
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
2 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері - күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.
1 - жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті - ай
Ес еркінді әкеткен барымталап.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыздар! Көктем гүлі - 2014» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.



© 2010-2022