Сынып сағаты: Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз »

Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.

Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.

Қазақстанның болашығы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте - бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев

Бүгінде Республика халқының саны - 16 196 800 адам. Сондай - ақ елімізде 140 түрлі өзге ұлт бар. ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесі 63,6 пайызды, орыстар - 23,3, өзбектер - 2,9, украиндер - 2, ұйғырлар - 1,4, татарлар - 1,2, немістер - 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрайды. Сондай - ақ Қазақстан кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Бұл ұлт өкілдері бүгінде жер иесі - қазақтармен тату - тәтті, бірлікте және жарасымды тіршілік кешуде.

Ана тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,

Туған тілім - анам тілін - өз тілім.

Туған тілім - далам тілім - өз тілім,

Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге.


  • Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.

Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.

Туған тілді мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңірі - әрбір қазақ отбасының парызы.

Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

  • Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

Өнер алды қызыл тіл.

Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,

Тілімнен сүріндірме.

Тіл - буынсыз, ой түпсіз,

Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

Тіл қаруы - сөз,

Сөз қаруы - ой.

Тіл - шекер,

Бала - кетер,

Байлық - бекер.

Тіл жүйріктен де озады.

Анам берген туған тіл,

Атам берген құрал тілім.

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

Тіл буынсыз, ой түпсіз.

Ат жүйрігі асқа,

Тіл жүйрігі басқа.

Піл көтерменгенді,

Тіл көтереді.

Тіл қылыштан да өткір.

Туған ел - тұғырың,

Туған тіл - қыдырың.

Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

Ең тәтті де - тіл,

Ең ащы да - тіл,

Ең жұмсақ та - тіл,

Ең қатты да - тіл.

Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол!

Шет тіл мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.


© 2010-2022