Разработка на 22 марта Наурызым-мерекем

Восточный жалпы орта білім беретін мектебі 6 «А» сыныбының Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым-мерекем» атты ашық тәрбие сағатының желісі.     Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушыларға қазақтың салт-дәстүрі, ойындарын, наурыз нақыштарымен әрлей түсіп білімдерін кеңейту, ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Восточный жалпы орта білім беретін мектебі 6 «А» сыныбының Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым-мерекем» атты ашық тәрбие сағатының желісі.

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушыларға қазақтың салт-дәстүрі, ойындарын, наурыз нақыштарымен әрлей түсіп білімдерін кеңейту, өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әсемдікке, эстетикалық талғамдарын дамыту

Көрнекілігі: домбыра,бесік,қамшы, сырмақ, шабадан, кірбоқшалар, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, шарлар, оюлар.

(Сахнада ақырындап Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» ойналып тұрады)

Мұғалім. Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! Қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар! 6 «А» сыныбының ұйымдастыруымен өтетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым-мерекем» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

(сонымен қатар концерттік бағдарламаның мақсаты қоса айтылады)

Фанфар дыбысы.

Ортаға екі жүргізуші шығады.

Нұрсұлтан. Армысыздар, ағайын, бармысыздар! Есігімізді айқара ашып келген қой жылы, наурыз мерекесі құтты болсын!

Айтолқын. Ұлыс оң, ақ мол болсын! Тәуелсіз еліміздің көк байрағы аспанымызда емін-еркін желбіреп, құт-береке дарытсын!

Нұрсұлтан. Бұл көктемнің алғашқы жаршысы ән менен сән мерекесі.

Айтолқын. Бұл достық пен татулықтың, бірлік пен ынтымақтың мерекесі!

Нұрсұлтан. Тілек - достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі.

Айтолқын. Көк тәңірі нұрыңды аяма,

Жер тәңірі ырысыңды аяма,

Әділ жанды тағынан тайдырма,

Әз халықты бағынан айырма! - демекші әр басшы шын ниетпен, пәк көңілмен тілек тілейді. Қонақтарға Наурыз тілегін арнауға мектебіміздің басшысы Досанова Айгүл Исманқызын ортаға шақырамыз.

Нұрсұлтан. Қашанда құт-береке дарысын деп,

Тойларда шашу шашу-салты елімнің

Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

Айтолқын. Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай көк аспаннан селдеп жаңбыр

Уа, жамағат, теріп ал несібеңді,

Жаңа жылда ризығың болсын көл-көсір!

(екі жүргізуші оқып жатқанда шашу шашылады)

Айтолқын.

Қазақ сынды дана да дара халыққаАлла бақ берсін! Биылғы қой жылы елімізге тек қана жақсылық әкеліп, дәулетімізді арттырып, құт-береке дарытсын!

Нұрсұлтан. Қамбаларыңыз дәнге, қазандарыңыз дәмге, шаңырақтарыңыз әнге толсын! Егіндеріңіз бітік шығып, қораларыңыз малға, ұяларыңыз жанға толсын! «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші , ортаға мұсылман қауымның пейілі кең, тілеуқор бабасы, жақсылықтың жаршысы Қыдыр атаны шақырып, бата тілейік.

(қобыз сарыны беріліп, Қыдыр ата шығады)

Қыдыр ата:

Көл жиналып тамшыдан,

Теңіз толсын қаңсыған,

Құт - береке кетпесін,

Диқан менен малшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын,

Пәле жала қазақты

Іздесе де таппасын.

Бүлдіршіндер көбейіп

Өркендей берсін жеріміз,

Батыр туған ерлермен

Көркейе түссін еліміз. Әумин.

Айтолқын. Қыдыр ата, айтқаныңыз келсін! Періштенің құлағына шалынып, мынау ұрпағыңа Алла бақ берсін!

Нұрсұлтан. Жыл сайын осындай қуанышта, қызықта, бірлік пенен тірлікте кездесуге нәсіп етсін!

Нұрсұлтан.

Жүріңдер «Наурыз» тойға бастан аяқ

Қалыс адам болмасын некен-саяқ!

Ән шырқап, би билейік, қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

Айтолқын. Сең жүреді көктемде астаң - кестең,

Ақ ботаның бауырын арқан кескен.

Ұлы күні ұлыстың бас қосқанда,

Өлеңіңді айт, құрбыжан қатар өскен.

Сахна төріне Маратова Жаниятты «Туған жер» әнімен шақырамыз! Қабыл алыңыздар!

Нұрсұлтан. Наурыз - көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі - біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.

Айтолқын. Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз - бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Нұрсұлтан. Ақ боз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің - көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

Наурызым!

Ортаға сыныбымыздың көркемсөз шеберлерін шақырамыз!

(ақырын музыка ойналып тұрады, оқушылар шеңбер құрып, осы шеңберді айнала отырып көркемсөз оқиды)

  1. оқушы. Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
    Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
    Шатырында үйлердің наурыз жүр,
    Мұз пердесін ақпанның лақтырып.

  2. оқушы. Наурыз қайтып оралды аты да аңыз,
    Сұраймыз алғыс та, ақы да біз.
    Үй дастарқан, думанымыз - сахнамыз
    Ұлы мейрам - наурызға шақырамыз

  3. оқушы. Наурыз жырын жырлаймыз,
    Онымен де тұрмаймыз.
    Шыңдалып жеткен бұл күнге
    Ел дәстүрін сыйлаймыз

  4. оқушы. Жаңғырар дәстүр салтымның,
    Көзделсін бұлақ жалғасы,
    Қастерлі менің халқымның
    Мереке наурыз жыл басы

  5. оқушы. Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмеңмен,шуағыңмен Күн - ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Құлпырған даламызда жасыл - желек

Қызғалдақ гүл оранған елден ерек

Мәуелі жеміс бағы, суы шипа

Тек қана біздің елде болса керек.

Нұрсұлтан. Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін. Биыл еліміз Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын тойлау үстінде.

Айтолқын. Наурыз - барша қазақстандықтардың ортақ той-думаны. Наурыз - достық пен еркіндіктің мерекесі. Соған орай Наурыз мерекесінде өзге ұлт өкілдерінің биін билеуді жөн көрдік.

Нұрсұлтан. Сахнада өзбек халқының ұлттық биі. Билейтін сыныбымыздың бишісі Маратова Жаният. Қарсы алыңыздар!

Айтолқын. Кел, балалар , келіңдер ,

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Ойынға әбден тойындар.

Қазақтың ұлттық ойыны «Асық атуды» сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

(Сынып оқушылары Ерқанат пен Дулат асық ережелерімен таныстырып, түрін-түсін айтып, асық ойнау ойынын көрсетеді)

Нұрсұлтан.

Кел, балалар ,ойнайық.

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Назарларыңызға жұмбақтар ұсынылады.

а) Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

( Дастархан)

ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.

( Сандық)

б) Шыр көбелек айланар

Беліне жіп байланар.

( Ұршық)

в) Арқауы бар қос қалта,

Ажыраса алмайды.

Анам қайда жол тартса,

Қанжығадан қалмайды.

( Қоржын)

Айтолқын. Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар. Сыныбымыздың әншісі Баярстан Дарханды «Ақ сиса» әнімен сахна төріне шақырамыз! Қошемет көрсетіңіздер!

Нұрсұлтан. Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.

Ортада үнді халқының биі. Билейтін сыныбымыздың бишісі Бекжанова Айтолқын. Қарсы алыңыздар!

Айтолқын. Сұлудай сылаңдайды мөлдір бұлақ,

Көрсетіп ерке қыздай еркіндігін.

Жамылып жасыл жібек атырабым,

Көңілімді қуанышқа батырамын.

Қарсалып Наурызды ақ пейілмен,

Ән-жырмен ақ таңымды атырамын. Сыныбымыздың әншісі Баярстан Дарханды «Егемен ел - Қазақстан» әнімен сахна төріне шақырамыз! Қошемет көрсете отырыңыздер!

Нұрсұлтан. Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай,

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

Сыныбымыздың жігіттері мен қыздарын ортаға «Қара жорға» биін билеуге шақырамыз.

Нұрсұлтан. Шайылғандай мұң , кірбің Наурыз тойда,

Жабықпайсын жанында көз ән барда.

Көру әже ойлайды екен ел салтын,

Наурыз көже қайнайды қазандарда.

Айтолқын. Шапағатын аямай бұл шақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ау, ағайын ,келіңдер, бүгін бізде

Наурыз көже құрт қатып,бұршақ қосқан

Мұғалім. Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні - наурыз мерекесімен тағы да құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз. 6 «А» сыныбында өткен «Наурызым-мерекем» атты концерттік бағдарлама өз мәресіне жетті. Баршаңызды тілеу көжеден, яғни, наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз!


© 2010-2022