Мероприятия на тему Қош бол, құтты Әліппем

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Қош бол , құтты Әліппем !

Сабақтың мақсаты : 1 . Оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру, балалардың икем - дағдыларын көрсету .

2 .Сөйлеу , ойлау дағдыларын дамыту .

3. Оқушыларды эстетикалық талғампаздыққа , білімпаздыққа баулу .

Әдіс - тәсілдер : сұрақ - жауап , көрнекілік , қызықтыру сәті , әдеби - монтаж .

Құрал - жабдықтар : шарлармен безендіру , ғажайып сандық , шырша ойыншықтары , құттықтау ашық хаты ,сиқырлы шаршылар .

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру .

Кіріспе сөз : Құрметті қонақтар ,оқушылар ! Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолдарыңа ұстаған «Әліппенің» барлық 42 әрібімен таныстыңдар .Енді сонымен қоштасып , « Әліппемізге » үлкен рахметімізді айтайық .

Диас : Ең алғаш қолға алғанда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді ,

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың ,

Ұстазым маған кілтін алып берді .

Айназ : Үйретіп алғаш бізге Әліппені ,

Мұғалім ғылымға жол салып берді ,

Адамның ой арманы мақсаттары ,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Азат : Әліппемен қош айтысып қаламыз ,

Енді қолға басқа кітап аламыз ,

Ата- ана қуанышқа ортақ бол ,

Сауатты боп шықты міне балаңыз .

Нұрсая : Бар кітапқа бас болған ,

Әліппе ғылым анасы ,

Әліппеден басталған ,

Даналықтың данасы .

Хор : Қош бол , құтты Әліппем !

Көп нәрсені үйреттің ,

Таныстырып әріппен ,

Тақылдатып сөйлеттің .

  • Алфавитте неше әріп бар , солар туралы айтып берейік .

Мероприятия на тему Қош бол, құтты Әліппем

Айназ : Алфавиттің «А» тұрады басында ,

Әрқашанда «Ә » тұрады қасында ,

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші ?

Диас ; «А » деген ол - аналар ғой ардақты .

Азат : «Ә » деген ол - әкелер ғой салмақты .

Нұрсая : « Б» деген ол - балалар ғой әдемі .

Айназ : Біздің елде үшеуі де кәделі ,

Алшақ кетпей сондықтан да расында ,

Тұрады олар алфавиттің басында .

  • Енді «Әліппемізге » арнап бір ән айтып берейік .

Хор : ән «Әліппе»

Психологиялық тренинг - жаттығу «Қолдағы жазу »

Балалар бір -бірінің алақанына жазу жазады, екінші бала қай әріп екенін табады .

«Сиқырлы шаршы » - Балалар , қазір мына сиқырлы шаршылардың артында не жасырынып тұрғанын табайық .Сендерге сұрақ қоямын ,дұрыс жауап берсеңдер шаршылар ашылады .

1) Алфавитте неше әріп бар , 42 ме 45 пе ?

2) 5+5мәні 10 ба ,9 ба ?

3) Бауырымен жорғалаушы түлкі ме, әлде жылан ба ?

4) «Сегіз аяқ» өлеңінің авторы Абай ма , әлде Ыбырай ма ?

5) Бетін адам ашады , білім нұрын шашады . Жұмбақтың шешуі кітап па , дәптер ме ?

6) Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланды ма , 30 жылыдғы ма ?

Сиқырлы шаршылар ашылып А . Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі бойынша салынған сурет ашылады .

Мероприятия на тему Қош бол, құтты Әліппем

  • Біз оқыған қай өлеңнің мазмұны бойынша салынған сурет , өлеңде не туралы айтылып еді ? / балалар өлең мазмұнын айтып береді /

« Ғажайып сандық »- Балалар , мына ғажайып сандықты аша алмай тұрмын ,сендер маған көмектесіңдерші,ол үшін менің айтқан нұсқауларымды орындасаңдар , сандық ашылады .

/ тор көздерді санай отырып , кілттің суретін салады /

  • Ал енді осы кілтпен мына сандықты ашайық , ішінде не бар екен ?

/ Сандық ашылады ішінен «Ана тілі » кітабы шығады , балаларға таратып беремін.

  • Әліппеден кейін енді осы «Ана тілі » кітабын оқимыз .Ахмет Жұбанов аталарың «Әр халықтың ана тілі білімнің кілті .Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын » деген екен .Бұл сөздерді сендерге арнап айтып отыр ,ана тілін оқи отырып сендер көп нәрсені үйренесіңдер , білімдерің молаяды .Ана тілін жақсы оқысаңдар , басқа сабақтарды да жақсы оқисыңдар .

  • Сендер Әліппені оқыған кезде баға қойған жоқ едік , енді ана тілін оқығаннан бастап сендерге баға қойылады .Қандай баға алғыларың келеді ?

Көрініс «Бес алдым »

Азат - баласы, Диас - әкесі.

Диас : Кәкен, сабағыңнан неше алдың ?

Азат : Міне ,бес алдым .

Диас : Мынау тұрған «үш» делік ,

Ал мынауың «екілік».

«5» алдым деп бүгін сен , неге айтасың өтірік ?

Азат : Ой, папатай есепті білмеуіңді қарашы ,

«3»-ке қоссаң «2»- ні , «5» болмай ма санашы .

  • Біз қандай бес аламыз ?

Ойын «Бестік құрау» Кім көп бес алады екен , қағаз қиындыларынан бес құрау .Бес алатын оңай емес екен , көп оқу керек , сонда ғана жақсы баға аласыңдар .

  • Алдымызда қандай мейрам келе жатыр , ендеше жасыл шыршаны мекендейік./ шырша ойыншықтарына жазылған мақал - мәтелдерді оқи отырып безендіреді .

Қорытынды . - Алфавиттік жұмбақтарды жасыру .

Құттықтау ашық хаттарын тапсыру

Мероприятия на тему Қош бол, құтты Әліппем





Бастауыш класпен қоштасу ертеңгілігі .

Сабақтың тақырыбы : Бастауышым - балбұлағым .

Сабақтың мақсаты :

1. Бастауыш кластан жоғары класқа өтулері туралы түсінік

беру ,оқушылардың үйренген білім , білік, дағдыларын көрсету .

2. Сөйлеу , пікір айту дағдыларын дамыту .

3. Білім алуға қызығушылықтарын арттыру ,ұстаз еңбегін бағалай

білуге ,өзіне, жолдастарына , ата-аналарына жақсы тілек білдіруге баулу.

Көрнекілік : құмыра , гүлдер , мозаика , құттықтау ашық хаттары , дипломдар

Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру бөлімі :

- Құрметті қонақтар. « Бастауышым - балбұлағым » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер ! Бүгінгі жас ұлан - кешегі сәби балдырған . 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап , әліппе үйренген балалар , білімнің бір баспалдағына шығып отыр .Тойларың құтты болсын .

Сұлтан : Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар !

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар .

Данара : Алдарыңызда жауқазындай құлпырған ,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар .

Ерасыл : Қош келіпсіз , өр тұлғалы әкелер !

Қыран құстай балапанын мәпелер .

Олжас : Бүгін ,міне,бастауышпен қоштасар ,

Азамат боп кешегі сәби еркелер .

ІІ. Ойын « Ассоциация » - Әліппе деген сөзді естігенде ойымызға не түседі ?

ТМероприятия на тему Қош бол, құтты ӘліппемМероприятия на тему Қош бол, құтты ӘліппемМероприятия на тему Қош бол, құтты ӘліппемМероприятия на тему Қош бол, құтты Әліппемоптастыру стартегиясы

Мероприятия на тему Қош бол, құтты Әліппем

Мероприятия на тему Қош бол, құтты ӘліппемМероприятия на тему Қош бол, құтты Әліппем

Балалардың жауаптары : әріптер , жазу үлгісі , алғашқы ұстаз , оқулық , алғаш рет әріптерді танып , оқығанымыз ,ата- анамыздың әліппені оқытқаны т.б

Ең алғаш әліппені оқытқан ұстазымызға алғысымызды білдірейік .

Данара : Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны ,

Айқара есік ашып тастағаны ,

Бір мереке думан боп осы маңда ,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны .

Енді, міне сағымдай боп өте шықты ,

Төрт жыл уақыт аз ба екен , кім біліпті .

Олжас : Үйретіп бізге алғаш Әліппені ,

Ұстазым ғылымға жол салып берді .

Адамның ой арманы - міндеттері ,

Оқудың сәулесімен жарық көрді .

Сұлтан : Шәкірттердің тыңдап жауап ,сұрағын .

Жас санаға төгіп білім шуағын .

Хат танытып , жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан мұғалім .

Ерасыл : Жүзің жылы , құшағың кең ,

Сенен түлеп ұшамын мен .

Өзің берген біліміңмен ,

Биіктерге ұшамын мен .

Мейрам : Ақылшы асыл ұстазым ,

Өзіңе мен де ұқсармын .

Жеткенше қайрат төзімім,

Биікке самғап ұшармын .

ІІІ бөлім : Жылы жүрек - жақсы тілек .

Мұғалім : Сендерге бастауыш сыныпта білім берген басқа да пән мұғалімдері бар , сендердің білім алуларыңа көмектескен ата -аналарың бар , сол жандарға алғысымызды , жақсы тілегімізді білдірейік .

Ол үшін мына гүлдерге тілегімізді жазып , құмыраға салайық .

Оқытқан пән мұғалімдеріне құттықтау ашық хаттарын тапсыру :

1/ Алғашқы ұстазымыз Әсем Бөленханқызына :

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған,

Ұстазым Әсем апай қымбат маған ,

Сабырлы да , салмақты қалпыменен

Қажымай үйретуден бір талмаған .

Айтамыз ,апай , сізге көп -көп алғыс .

Қашанда қасыңыздан табылармыз ,

« Бастауыш бар білімнің негізі » - деп ,

Біз сізді әрқашанда сағынармыз !

2/ Орыс тілі пәнінің мұғалімі Салтанат Молдағалиқызына :

«Үш тұғырлы тіл» біздің ұранымыз ,

Салтанат апайдан көп сұрарымыз .

Оры тілі мемлекеттік тілден кейін ,

Керек болар тіліміз , құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз .

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз ,

Тілейміз Салтанаттай апайларға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз .

3/ Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асқар Қадылбекұлына :

Кім білмейді біздің Асқар ағайды ,

Спорт десе жоқтан ол бар жасайды .

Қашанда балалардың жанынан табылатын ,

Жұрт оны денсаулыққа жаршы атайды .

Асқар ағай ұл -қызыңыз спортшы боп ,

Түссінші алшысынан асығыңыз ,

Қашанда биіктерден қол бұлғаңыз,

Азаматқа лайық кәсібіңіз !

4/ Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Лаура Асхатқызына :

Күтеміз ықыласпен бар сабағын ,

Еңбектеніп алғамыз әр бағаны ,

Еңбектің мәнін терең түсіндірген ,

Осы деп бұл заманның зор талабы .

Еңбекке баулу деген сөздің басы

Өрлесін еңбекпенен өрге тасың ,

Үйреткен түйме қадап , іс тігуді

Лаура апай ұзақ болсын өмір жасың !

5/Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Риза Жеңісханқызына :

Табиғат сыйлағанда сұлулығын ,

Дәл соны Риза апайдай ұғынды кім ?

Пейзаж , натюрморт , кескіндеме

Ешқайсысы таң емес маған бүгін .

Үйрендік бейнелеудің сырын сізден ,

Апайға тілеріміз көп қой бізідің ,

Қашанда арманыңыз алдамасын ,

Ызғарын сезбегейсіз өмір - күздің .

Хор : Ән « Ұстазым »

ІҮ . Тапсырма орындау : Өлең құрау

көлбеңдеп , жалғыз - жалғыз , көтеріле , заулайды , көк қояндар ,алмайды , көкқұтандар , ербеңдеп / орны ауысқан сөздерден өлең құрау және авторы кім екенін табу ./

Көкқұтандар көлбеңдеп ,

Көтеріле алмайды,

Жалғыз - жалғыз ербеңдеп

Көк қояндар заулайды. - Мұқағали Мақатаевтың «Қайран , Қарасазым-ай » өлеңінен үзінді шығады .

Ү . Поэзия минуты - Оқушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды . Данара - Арыз жазып кетейін .

Сұлтан - Автограф .

Олжас - Туады , туады әлі нағыз ақын .

ҮІ . « Әрі оқу , әрі ойын » бөлімі

-Екі топқа бөлу .

-Кім жылдам , мозаикадан ертегі сюжеттері бейнеленген суреттерді құрайды

ҮІІ . Сергіту бөлімі : Қазақ биі - орындайтын ұлдар тобы .

ҮІІІ . Оқушыларға бастауыш класты аяқтағаны туралы дипломдар табыс ету

Сұлтанға : Кішкентай өзі , ісі бар үлкен ,

Тәртібі жақсы талапты ,

Сұлтанды біз айтамыз жырымызда ,

Оқыған беске сабақты .

Данараға : Жақсы оқып үлгі көрсеткен ,

Жақсы баға алған дәйім еңбекпен ,

Данарадай өнерлі қыз бар бізде ,

Әр сабақта маңдай терін төккен .

Олжасқа : Әнді де айып , биді де билеп ,

Алдыңда өнер көрсетер ,

Олжас әркез мақтан боп жүрмек

Лайым солай жүрсе тек.

Ерасылға : Ерасыл атты ұлымыз бар .

Еңбекқор болу ойында ,

Қиындықта жол табады ,

Бәрінен ұзын бойы да .

Мейрамға : Орнын білген жақсы ұл бар ,

Мейрам соның біреуі ,

Айтылар оған жақсы тілек ,

Бәйгеден озып келеді .

ІХ. Қорытынды

Данара : Бастауышым - балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып , білім алып

Рахметімді жаудырамын .

Сұлтан : Бастауышым - балбұлағым

Лаулап жансын шамшырағың

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраның .

Олжас : Өтті сенде - қызық шағым ,

Бастауышым - балбұлағым .

Қоштасар күн жетті міне ,

Қимастықпен қол бұлғаймын .

Ерасыл : Біз бүгін бастауышпен қоштасамыз ,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз .

Білімнің бұлағымен сусындаған ,

Өнер - білім өзіңмен достасамыз .

Мейрам : Бастауышым - бастамам .

Білім жолын бастаған ,

Білім шыңы биікте ,

Беліңді бу, жас данам !

Хор : Мектеп анаң бүгінде ,

Мектеп алтын босағаң ,

Мектеп берген біліммен ,

Марқаясың жас ұлан !

Х . Құттықтау сөз ата- аналарға, мектеп басшыларына беріледі .









© 2010-2022