Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы

«Қайнар бұлақ» Бағдарламасы тәрбиенің кешенді бағдарламасына сәйкес құрастырылған және 1 – 4 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама мектептегі тәрбиені дамытудың мазмұны мен негізгі жолдарын анықтайды, отбасылық – қоғамдық тәрбиеге және балалардың бойында рухани – адамгершілік қасиеттерін дарытуға бағытталған. Бағдарлама педагогикалық – отбасылық тәрбие ықпалының мазмұнын, түрлерін, әдістері мен тәсілдерін қамтиды. Бағдарлама білім беру мен тәрбие ортасының бірлігі,  дамыта отырып тәрбиелеу, тұ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек.

Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы,

ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі».


Әбу Насыр Әл-Фараби


Түсінік хат



«Қайнар бұлақ» Бағдарламасы тәрбиенің кешенді бағдарламасына сәйкес құрастырылған және 1 - 4 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама мектептегі тәрбиені дамытудың мазмұны мен негізгі жолдарын анықтайды, отбасылық - қоғамдық тәрбиеге және балалардың бойында рухани - адамгершілік қасиеттерін дарытуға бағытталған.

Бағдарлама педагогикалық - отбасылық тәрбие ықпалының мазмұнын,

түрлерін, әдістері мен тәсілдерін қамтиды.

Бағдарлама білім беру мен тәрбие ортасының бірлігі, дамыта отырып тәрбиелеу, тұлға мен ұжымның өзара әрекетінің, әлеуметтік белсенділік пен даралану қағидаларына сүйенеді.

Отбасылық - қоғамдық тәрбие беру Бағдарламасы бір қатар тәрбиелік және әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады.







Бастауыш мектептегі

отбасылық-қоғамдық тәрбиенің көкейкестілігі

Соңғы кездегі нормативтік-құқықтық және ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде білім беру мекемелеріңде тәрбие қызметін күшейтудің өзектілігі жиі айтылуда. Мұндай тенденция аясында білім беру мазмұнының негізін қалаушы ұстаным ретінде отбасылық-қоғамдық тәрбие басшылыққа алынуда.

Тәрбиенің осы бағытын, яғни отбасылық-қоғамдық бағытын алудың көкейкестілігі неде? Осы сұраққа жауап беріп көрейік. Әрине, тұлғаны тәрбиелеу ең алдымен отбасында бастау алады. Отбасы-бала дамуының және өмірінің басты ортасы. Бала өмірінің қай жағын алсақ та, оның жасының қай кезеңіне тоқталсақ та оның нәтижелілігінде басты рөлді отбасы алып отыр. Кез келген отбасы, оның әлеуметтік жағдайына қарамастан қоғамда өмір сүреді. Отбасының өзі кішкене қоғам болып табылады. Сондықтан да отбасылық немесе қоғамдық тәрбие деп бөлмей- ақ отбасылық- қоғамдық тәрбие деп қарастырғанымыз жөн болады.

Бүгінгі таңда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің нығайюы көптеген жағдайда еліміздің азаматтарынан, отбасылық тәрбие мен қоғамшылдығынан басталады. Қазіргі заманда Қазақстан азаматының мемлекетпен және қоғаммен қарым-қатынастары түбегейлі өзгеріп отыр. Мұндай жағдайда отбасылық- қоғамдық тәрбие маңызды құндылық болып табылады. Әрине, отбасылық-қоғамдық тәрбие арқылы еліміздің болашақ азаматтары тек әлеуметтік қырынан ғана емес сонымен қатар рухани адамгершілік, пайымдаушылық, мәдени-тарихи, әскери-патриоттық және т.б. қырларынан жетіледі.

Азаматтық-қоғамдық және құқықтық мемлекет жағдайларында жаңашылдыққа, өз өмірі мен қызметін, қоғамның даму деңгейін, елінің болашағын ойлап, оның істерін басқара алатын, жанашитын, ұлт мәдениетіне өзінің үлесін қоса алатын ұстынды, жаңа, бұқарашыл түрдегі тұлғаны тәрбиелеуді жүзеге асыру қажетті. Мұндай азаматтық тұлғаны қалыптастыруда салмақты үлесті мектеп енгізу керек.

Мектеп қүрделі жүйе бола отырып қоғамның сипатын, мәселелері мен қайшылықтарын айқын көрсетеді және маңызды дәрежеде өзінің тәрбиелік әлеуметтілігіне сүйене отырып нақты тұлға бағдарын анықтайды, тұлғаның әлеуметтендірілуіне жауап беріп өз елінің, өмір сүріп отырған қоғамының нағыз ұлтжанды азаматын тәрбиелеуде маңызды құрал болып табылады. Оқушыларды әлеуметтік, қоғамдық және отбасылық қызметке белсенді тарта отырып және оған саналы түрде қатыстыру, бастауыш мектеп жасынан бастап тәрбиелеу арқылы ғана бұл бағытта табыстарға жетуге болады.

Қазіргі жағдайда отбасылық-қоғамдық тәрбие - өзін-өзі жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастырады, ата-ана мәртебесін көтереді, отбасын нығайтады, өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуына өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне еркін ойлау сүйіспеншілігін арттыруға зор үлесін қосатын үрдіс.

Бағдарламаның

мақсаттары мен міндеттері



Мақсаты: Балалардың жеке бас абыройын сыйлауға және сүйіспеншілікке негізделген отбасылық және қоғамдық құндылықтарына сәйкес мүмкіндіктерін есепке ала отырып бала тұлғасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының ұлтжанды, көпшіл, қоғамшыл азаматтарын тәрбиелеу.

Берілген мақсат тәрбиеленушілердің сабақтан тыс өмірін және оқу сабақтарын біріктіреді, барлық құрылымдардан өтіп педагогикалық үрдісті, сонымен қатар қызметінің әр алуан түрлерін қамтиды. Оған келесі міндеттерді шешу арқылы жетуге болады:


  • ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру;

  • ата-аналарды педагогикалық білімдер және біліктіліктермен қаруландыру;

  • баланың әлеуметтенуіне екі жақты ат салысу;

  • тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, қабілеттері мен шығармашылығын, бейімділіктерін дамыту;

  • балаларды қоғамдық, отбасылық, мектепішілік істер мен шараларға үнемі қатыстыру;

  • Отанына, мектебіне, отбасына деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныштарын тәрбиелеу.


Бағдарламаны қамтамасыз ету қоры

І топ: Әкімшілік - үйлестіруші

Қызметі:

Жалпы бақылауды және басқаруды іске асыру.

Ұжым қызметінің жетекшісі.

Ахуалдарды талдау және түзетулер енгізу.

Топ құрамы:

Мектеп директоры.

Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша әдістемелік бірлестіктер.

ІІ топ: Кеңестік, ғылыми - әдістемелік.

Қызметі:

Бағдарламаны үйлестіру.

Кеңес беру сабақтарын өткізу.

Әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу және шығару.

Топ құрамы:

Директордың оқу- тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.

Әдістеме бірлестігінің жетекшісі.

Бастауыш сынып мұғалімдері.

Ата-аналар комитетінің мүшелері.

ІІІ топ: Бастауыш сынып мұғалімдері.

Қызметі:

Бағдарламаны тәрбие жұмысы жүйесінде жүзеге асыру.

Жаңа педагогикалық тәрбие технологияларын қолдану.

Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өткізу.

Топ құрамы:

Сынып жетекшілері.

Ата-аналар.

Қоғамдық мекемелер.

ІҮ топ: Мектеппен ынтымақтастық жасайтын мамандар.

Қызметі:

Ұстаздарға және ата-аналарға кәсіби көмек ұйымдастыру.

Ата-аналар жиналыстарын, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу.

Диагностикалау.

Мектептік және қоғамдық жұмыстарға қатысу.

Топ құрамы:

Әдіскерлер.

Сынып жетекшілері.

Қоғамдық мекемелер мамандары.

Ата-аналар, оқушылар.

Бағдарламаның мазмұны


Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:

  1. Мен және мен

Мақсаты: Қоршаған дүниені және өзінің ондағы рөлін тану, өзінің болашағын болжай білу.

Міндеттері:

  1. Қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде өзін-өзі тану әдістерін үйрету

  2. Кіші қоғамда өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру.

  3. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету.

  4. Ұйымдастыру қызметінің тәсілдерін үйрету.

  5. Адам мен табиғаттың өзара тығыз байланысын көре білу.

  6. Қойған мақсаттарға жете білу.

  7. Өзі және өзінің мүмкіндіктері жайлы түсініктерін кеңейту.

Жұмыс түрлері:

  1. Тәрбиелік деңгейін анықтау бойынша сауалнама.

  2. Оқушы портфолиосы.

  3. Тақырыптық викториналар, ойындар және байқаулар.

  4. Шығармашылық топ: «Кішкентай сиқыршылар».

  5. Қызықты адамдармен кездесу.

  6. Жеке әңгімелер.

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасыОтбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы


  1. Мен және отбасым

Мақсаты:

Тәрбиеленушілерге, отбасы - маңызды өмірлік құндылық ретінде

сезіндіру. Ата-аналарын сыйлауға, қадірлеуге, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Үлкендерге- құрмет, кішілерге-ізет білдіруге дағдыландыру.

Міндеттері:

  1. Отбасылық қарым-қатынас мәдениетін, жағымды отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу.

  2. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық құзыреттіліктерін жоғарлату.

  3. Ата-аналар мен мектептің тығыз байланысын жасау.

  4. Ата-аналарға тәрбие үрдісіне қатысуға жағдайлар жасау.

Жұмыс түрлері:

  1. Ата-аналар жиналыстары.

  2. Конференциялар.

  3. Дәрістер.

  4. Сауалнамалар.

  5. Педагогикалық білімдер университеті.

  6. Тәжірибелік сабақтар.

  7. Ашық сабақтар.

  8. Сыныптан тыс жұмыстар.

  9. Отбасылық мерекелер.

  10. Жеке әңгімелесулер.

  11. Ауылымыздың «Үлгілі отбасы» атты сынып байқаулары.

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасыОтбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы


  1. Мен және достарым.

Мақсаты:

Адамдар арасындағы негізгі қарым-қатынастар және оларды жасау құралдары туралы түсінік қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту және қоғам игілігіне қолдануға ынталандыру.

Міндеттері:

  1. Табиғи мүмкіндіктерін зерделеу.

  2. Өзінің және достарының бойында қызығушылықтарын мен қабілеттерін, жағымды қасиеттерді ашуға мүмкіндік туғызу.

  3. Адамдардың қабілеттерін ашу және олардың даралықтарын сыйлау.

  4. Кіші және үлкен құрамдағы топтарда жұмыс істей білуге үйрету.

  5. Өзіне деген жауапкершіліктерін сезімдерін және өзінің қылықтары қоғам мүшелеріне қандай әсер ететінін сездіру.

  6. Әр түрлі жағдайда адамдармен қарым-қатынас жасай алу біліктіліктерін дамыту.

  7. Қоршаған адамдарға қуаныш әкелу, достарымен болған сәттерін бағалай білу.

Жұмыс түрлері:

  1. Ұжымдық шығармашылық жұмыстар.

  2. Қызықты адамдармен кездесулер.

  3. Бірлескен мерекелер.

  4. Жорықтар, экскурсиялар. Серуендер.

  5. Өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі ұсыну бойынша сабақтар.

  6. Қоғамдық жұмыстарды достарымен бірлесе орындау.

  7. Мектепішілік іс-шараларға қатысу.

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасыОтбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасыОтбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы

  1. Мен және кіші Отаным

Мақсаты:

Туған өлкесін өзінің кішкентай Отанына теңестіре отырып,

сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Туған өлкесінің тарихын оқып, зерделеу.

  2. Тәрбиеленушілердің бойында «Мен және менің ауылым» тұғырын тәрбиелеу.

  3. Жаңаша қоғамдық ойлауды қалыптастыру.

Жұмыс түрлері:

  1. Ата-аналармен бірлескен экологиялық қозғалыс.

  2. Ата-аналар мен балалардың үндеухаттар мен газеттерді шығаруы.

  3. Ата-аналар мен оқушылардың «Жасыл ел» бағдарламасына қатысуы.

  4. Тақырыптық сынып сағаттары.

  5. Ауызша журналдар.

  6. Пән апталықтары.

  7. Ата-аналардың балалармен бірлескен ойындары, викториналары, марафондары.

  8. Сенбіліктер.






5. Мен және еңбек

Мақсаты:

Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіре отырып, қажеттілігін және құндылығын ұғындыру. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Еңбек адамдарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

  2. Басқалардың еңбегін бағалай білуге үйрету.

  3. Отбасылық, қоғамдық еңбекке белсенді қатысуға баулу.

  4. Балалар мен ата-аналардың бірлескен еңбектерін ұйымдастыру.

  5. Сыныптағы еңбекті өз еркімен істеуге дағдыландыру.

  6. Еңбек етуден ляззат ала білуге үйрету.

Жұмыс түрлері:

  1. Тақырыптық сынып сағаттар.

  2. Шығармашылық сабақтар мен әңгімелер.

  3. Өз ісінің шеберлерімен және еңбек ардагерлерімен кездесулер.

  4. «Пайдалы істер» күнделігін жүргізу.

  5. Ата-аналарды сынып бөлмесінің жөндеу жұмыстарына қатыстыру.

  6. Ата-аналармен бірлескен тақырыптық сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып отыру.

  7. «Гүлшілер» тобын құрап, жұмыс жоспарларын жасау.

Отбасылық-қоғамдық тәрбие бойынша Қайнар Бұлақ бағдарламасы





6. Мен және денсаулығым

Мақсаты:

Балалардың бойында салауатты өмір салтын қажетті туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Жеке денсаулық жағдайы мен ерекшелігі туралы білімдерін қалыптастыру.

  2. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы білімдерін қалыптастыру.

  3. Ата-аналардың отбасылық тәрбие беруде балалардың дене, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру.

  4. Ата-аналарға балалардың үйде күн тәртібін сақтау қажеттілігін ұғындыру және қатал түрде сақтауды қадағалап отырудың маңыздылығын жеткізу.

  5. Мектепте, үйде және мәдениет ошақтарында, соның ішінде спорткешенінде, Мәдениет үйінде спортпен шұғылдануға деген ұмтылыстарын дамыту.

Жұмыс түрлері:

  1. Сенің күн тәртібің-әңгіме.

  2. «Нағыз батыр қандай болу керек?» -сынып сағаты.

  3. Ата-аналардың және балалардың бірлесе өткізетін ертеңгіліктері.

  4. Салауатты өмір салтын насихаттайтын фильмдер мен мақалаларды талдау.

  5. «Мен өсіп келемін» бақылау күнделігін толтыру.

  6. «Жастар денсаулығы - ұлт тазалығы»- ата- аналарға арналған конференция.

  7. Емханаларға тақырыптық экскурсиялар.




Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын.

Мақсаты:

Отанына деген сүйіспеншілігі мен азаматтық сана сезімі негізінде өз еліне пайда келтіруге деген талпынысын, белсенді өмірлік тұғырын, тұлғаның азаматтық және құқықтық бағытын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Азаматтық тұғырдың айқындалу мәдениетін қалыптастыру.

  2. Өз Отанының тағдырына, оның өткеніне, бүгін мен болашағына өзінің қатысты екендігін сезіну қабілеттерін дамыту.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен бағалауға деген ұмтылысты қалыптастыру.

  4. Азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және оларды түсіндіре алуы.

  5. Түрлі саладағы қазақстандақтардың жетістіктеріне деген мақтаныштарын ояту.

Жұмыс түрлері:

  1. Тақырыптық әңгімелер.

  2. Ата-аналардың көмегімен мемлекеттік табиғи мұражайларына, курорттық аумақтарға экскурсияға шығу.

  3. Ата-аналар мен балалар арасында «Менің Қазақстаным» атты ойын-эстафетасын өткізу.

  4. Еліміздің геральдикасын насихаттау- дөнгелек үстелдер.

  5. Ата заңмен таныстыру.

  6. Балалар туралы конвенция.





Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері

І кезең: жобалау (1 жыл)

Мақсаты: отбасылық - қоғамдық тәрбие бойынша жүйені

құруға жағдайлар жасау.

Міндеттері:

  1. Нормативтік қорды зерделеу.

  2. Отбасылық - қоғамдық тәрбие бойынша бағдарламаны әзірлеу, талқылау және бекіту.

  3. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша педагогикалық, материалдық- техникалық жағдайларды сараптау.

  4. Бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша диагностикалық әдістемелерді таңдап алу.

ІІ кезең: тәжірибелік (2 жыл)

Мақсаты: «Қайнар бұлақ» отбасылық - қоғамдық тәрбие бойынша

Бағдарламаны жүзеге асыру.

Міндеттері:

  1. Тәрбиелік ықпалдың әсерлі түрлері мен әдістерін жасап алу.

  2. Отбасылық - қоғамдық тәрбиенің мазмұнын байыта түсу.

  3. Оқушылық және отбасылық өзін-өзі басқаруды дамыту.

  4. Әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу.

  5. Қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жасап, қатынастарды нығайту және кеңейту.

  6. Тәрбие жүйесіне барлық білім беру қызметінің, әлеуметтік орта субъектілерін тарту.

  7. Бағдарламаны жүзеге асырудың мониторингін жасап отыру.

ІІІ кезең: талдау кезеңі (1 жыл)

Мақсаты: бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелерін талдау.

Міндеттері:

  1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің және ата-аналарының жұмыстарын қорыту.

  2. Бағдарламаны жүзеге асырудағы қиындықтарды түзету.

  3. Келесі жылға жұмысты жоспарлау.




Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі

Қойылған міндеттерді шешу үшін барлық қоғамдық орындармен тығыз ынтымақтастық жасалады: спорттық секциялармен, мұражайлармен, кітапханалармен, Мәдениет үйімен, балабақшамен және т.б.

Тәрбие жұмысы бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылады. Жұмысты жоспарлау барысында мектептің, тұрғылықты жердің, ауданның, облыстың дәстүрлері және республикалық іс-шаралар, мектептің түрлі бағыттағы жобалау қызметі есепке алынып отырады.







Күтілетін нәтижелілік, оның әлеуметтік және тәрбиелік мәні



Бағдарламаны жүзеге асыру барысында күтілетін нәтиже

  • отбасылық - қоғамдық тәрбиенің бағдарламасын жасау;

  • тәрбие мазмұнын байыта түсу;

  • тәрбие жүйесіне барлық субъект өкілдерін (әкімшілік, білім беру орталықтары, мәдени ошақтары және т.б.) тарту;

  • балалардың рухани-адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру;

  • тәрбиеленушілердің өмірлік белсенділіктерін қалыптастыру;

  • еліміздің тағдырына жауапты екендерін сезіндіру, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей қатынастары үшін мақтаныштарын қалыптастыру;

  • өзін-өзі жүзеге асыра алу қабілеттілік;

  • бәсекеге төтеп беретін, тайсақтауды білмейтін азамат тәрбиелеу;

  • өмірдегі жоғары құндылықтарды, идеалдарды, бағдарды сезіндіру және оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Отбасылық - қоғамдық тәрбиенің соңғы нәтижесі - Қазақстан Республикасының болашақ азаматының тұлғасының негізі ретінде тәрбиеленушілердің белсенді азаматтық тұғыры және патриоттық сезімдері.


© 2010-2022