Разработка по теме Табиғатты қорғай біл

Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қаситті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.     Табиғатты қорғау үшін қандай іс-шаралар өткізу керек?                     Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,                     Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.                   Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,      ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өтілетін күні: 26.01. 2015 жыл

Өтілетін орны: 23 В кабинет

Сыныбы: 8 "А" сынып

Сабақтың тақырыбы: "Табиғатты қорғай біл."

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы білімдерін дамыту.

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы мен ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір - біріне байланыстылығы, оның ішінде» адам - қоғам - табиғат» байланыстылығын білуге үйрету, оқушылардың ұжымдасып жұмыс істеуі, басқаларды тыңдауы, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай білу біліктіліктерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың экология курсынан алған білімдерін пайдаға асырып өздігінен әрекет ете алатын, өмірлік жағдайға қолдана білетін жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген өзіндік көзқарасы бар, Отанын сүйетін азамат атануына үлкен әсерін тигізеді.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды пайдалану, ойлау қабілетін дамыту. Қоршаған ортаның сапасын жақсартуды қарастыру, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, мақал - мәтелдер, Қазақстанның физикалық картасы, ақындардың табиғатты аялауға шақырған өлеңдер.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс

Сабақтың типі: тәрбие сабағы, диспут сайыс түрінде.

Сабақтың өтілу барысы:

Мұғалім сөзі:

Экологиялық тәрбие беруге мемлекеттік деңгейде мән беріліп, елбасы Н. Ә. Назарбаев « Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында және « Қазақстан эканомикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты республика халқына жолдауында ерекше экологиялық ұстанымдарын көрсетті. Экологиялық ұғымдарды әрбір ұстаз бен тәрбиеші, отбасындағы ата - ана күнделікті өздерінің өнегелі іздерімен байланыстырып отыруы абзал. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламеннті мен үкіметі "Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау" Заңын (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі "тұжырымдамасы (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.

Ерекше қорғауға алынған териториялар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр.Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап,оларды болдырмауға мүмкіндік туады. Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері

Қазақстанның Қызыл кітабы - Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат.

Жүргізуші.

Жер - ана, адамдарды көмекке шақырады!

Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ!

Досың - жер, су, ауа, өсімдік.

Ала жүріп осылардың силығын,

Осыларды қорлау деген не сұмдық?!

Жер ешкімге жазбайды деп арыз да,

Барын сарқып ала беру парыз ба?

Жоқ, замандас! Әр ұрпаққа туған жер!

Не берсе де, беретіні - қарызға! -

Деп Хамит Ерғалиев ағамыз жырлағандай, «Табиғатты қорғай біл» атты тақырыптағы интеллектуалдық - экологиялық диспутымызды бастайық.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады:

1. «Таныстыру

2. Баяндама қорғау

3. «Ойланып тауып көр

4. . «Табиғаттың хатына жауап...» постер қорғау

5. «Ойлы болсаң шешіп көр»

6. «Проблемалық жағдай...»

7. «Өнерпаз болсаң»

8.«Жедел сұрақ»

Диспутқа 8 "А" сынып оқушыларынан құрылған

2 топ қатысады.

1-топ- "Жасыл ел"

2-топ- "Жас эколог" топтары.

Диспут сайыс түрінде өткізіліп, бағалау балдық көрсеткішпен бағаланады.

І кезең. «Таныстыру».

Әр бір топ топ басшы сайлап, өзінің атын , ұранын қорғайды (5 ұпай ) және топ басшылары жарысқа түседі.

"Мақалдың жалғасын табу"

Әр басшыға 1 минутта 5 сұрақтан қойылады (әр дұрыс жауап 1 ұпай).

Мақалды аяқта. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама.....» (деп тағы өсір)

1 - топ. «Жасыл ел»

1. Бір тал кессең, ( он тал ек)

2. Бұлақ көрсең көзін аш, (Құдық көрсең шегенде)

3. Тау бұлағымен көрікті( бұлақ құрағымен көрікті)

4. Сулы жер (Нулы жер)

5. Арманымен ер сұлу (Орманымен жер сұлу)

2 - топ «Жас эколог»

1. Орман - ел дәулеті (Жер сәулеті)

2. Атаңнан мал қалғанша ( Тал қалсын)

3. Сулы жер құрақсыз болмас (тау бұлақсыз болмас)

4. Ер - елдің көркі, (орман - тоғай - жердің көркі)

5. Дала көркі - мал, ( өзен көркі - тал)

ІІ кезең. Баяндама

" Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі" тақырыбында

"Қоршаған ортаны қорғай біл"тақырыбында

Адам - табибғаттың ажырамас бөлігі

ІІІ кезең. «Ойланып тауып көр!» (3 - минут уақыт беріледі).

Әр топқа Абай Құнанбаевтің өлеңдерін мінерлеп оқу тапсырылады. Ақын атамыз осы өлеңдерін жазғанда нені көкседі екен? (жалпы бес ұпай).

ІҮ кезең. «Табиғаттың хатына жауап...» постер қорғау

Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге хат жолдаған болса: «Ей, адамзат баласы!

Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға

жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым

лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты?

Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн көреді? » Әр топ мүшелері хатты оқып өздерінше жауапты постер қорғау арқылы түсіндіреді.

Сергіту сәті. Мұнда Қазақстан табиғаты туралы слайд көрсетіліп тұрады. Оқушылар табиғатқа тиесілі өлеңдер оқиды.

1-оқушы:

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертінді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да

Шуылдап желмен бірге бас ұрады...

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.

Ел қыстап күн көреді жаныбында,

Дәм болар алуан - алуан балығында...

Тас таста, алтын таста сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында.

Құдіретін құдайымның көресін бе?

Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...

Арыстан демалуға суға кірсе,

Балықтар шымшып ойнар терісіне...

2-оқушы:

Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің жиі еңсем.
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсың орманыңа жүгінсең
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын
3-оқушы:
Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Әл ФарабиТабиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер - Ана, көл, теңіздер

4-оқушы:

Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік -биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі
4 - оқушы:
Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.
5- оқушы:
Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!

6-оқушы:

Табиғаттың орны бөлек ғаламда

Тигізетін пайдасы зор адамға

Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар

Жойылмасын жасыл желек ормандар!

Болсын тек ауа таза , тұнық су

Басылмасын айдын көлде құстың шуы

Төңіректе кесілмесін тал терек

Араша түс табиғатта бәрі керек!

Тартылмасын теңіз көлдер су алып,

Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.

Қолда барда қадір тұтып сақтайық

Жаратқанның бергеніне қуанып.

т.б.

Ү кезең « Ойлы болсаң шешіп көр!?». (экологиялық есептер)

(5 ұпай)

1 - топ

Бір автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады.

Шешуі: 6• 20 = 120; 120 •30 =3600(кг)

2 - топ:

Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?

(365•350=127750 м (куб)

ҮІ кезең."Проблемалық жағдай..." Қызыл мия өсімдігі мен Шұбарсудағы "Майбұлақ" бұлағының суреттері беріледі.

ҮІІ «Өнерпаз болсаң...» (музыкалық сәлем) Әр топ табиғат тақырыбына арналған ән немесе көрініс орындайды ( 5 ұпай)

ҮІІІ кезең. «Жедел сұрақ» екі топқа сұрақтар қойылады, жылдам жауап беру керек (әр дұрыс жауап 1 ұпай)

І топ сұрақтары.

1. Қазақстанның "Жасыл ел " бағдарламасы қашан қабылданды? (5-наурыз 2005 ж).

2. «Экология» сөзінің аудармасы (баспана, үй, қоршаған орта

3. Қазақстанда қанша қорық бар? (10).

4. «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлыққа Н. Ә. Назарбаев қай жылы қол қойды? (29 тамыз, 1991 ж.)

5. Дүниежүзінің картасынан жоғалып баражатқан көл(Арал теңізі).

ІІ топ сұрақтары.

1. Қазақстанның «Экологиялық кодексі» қай жылы қабылданды? (2007 ж. 9 қаңтар).).

2.Қорғалжын қорығының көркі (Қоқиқаз)

3. ОҚО да Қазақстанда 2004 жылы ашылған қорық (Қаратау).

4. Семейде ядролық сынақ қашан басталды? (1949 жылы, 29 тамыз)..

5. Шұбарсу өңірінің ластану көздері( көмір түтіні, автомобиль)

Жүргізуші. Адамдар, Жер - сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тірліктің есігін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһанды аялап тұр алақаныңда

Деп белгілі ақын Ә. Нілібаев жырымен бүгінгі « Табиғаттықорғай біл» интеллектуалдық - экологиялық диспутымызыд аяқтаймыз.

Қорытынды сөз. Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі өткір мәселелердің бірі. Ол - еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

Бесінші маусым - Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты - табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен - көл мен таза ауа қалдыру - біздің қасиетті борышымыз.

Табиғат, Жер -Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қаситті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

Табиғатты қорғау үшін қандай іс-шаралар өткізу керек?( балалар өз ойларын ортаға салады).

Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің,

Айың анау, күнің анау, жерің мынау

Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!

Асырайды ол сені , мені, елді де!

Танымдық ойын соңында жеңген топтар марапатталады. Экологиялық білімдерін қалыптастыруға арналған мұндай сайыстар әр шәкірттің жүрегіне табиғатты аялау сезімін ұялатып, оқушыларды белсенділікке, ізденімпаздыққа баулиды.













© 2010-2022