Сабақтың тақырыбы: Ауғанстан – жүректегі жара

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ауғанстан - жүректегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

"Ауған соғысы" - жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Отан, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер, слайдтар
Сабақ барысы:

  1. Майданда туған жыр /әдеби монтаж/

  2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама

  3. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

  4. Қорытынды


  • Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

  • Соғыс жан алып - жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25жыл толуына байланысты «Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

/Әнұран/

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіздер, жүрегінде халықтың!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып, 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз. Рахмет отырыңыздар!

/Әдеби монтаж/

1-оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған

Тұтқиылдап жау тиіп,

Бейбіт күнде басталған.

Отаным еркелеймін енді кімге

Өзіңмен нені болсам көрем бірге

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген кезде.

2-оқушы:Алысып қас дұшпанмен қасарысқан

Адалдықпен от кешті жас арыстан

Лайық бүгін жылдар жылжып өткен дағы

Жауынгерлер бар құрметпен алғысқа.

3-оқушы:Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,

Дұшпандар айдалада жатыр жайрап,

Қарайды аға батыр айналаға,

Бойынан лапылдайды жігер, қайрат.

Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардың ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайтын.

Тарихта аңыз болып қалары анық.

4-оқушы: Біліммен қашанда жақсы өлмесін

Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі елім.

Әркімнің көкірегінен көрем ылғи

Ауғанның батырының жас бейнесін

Ант етті осы сәтте күнге батқан.

Ант етті тау суына сыңғыр қаққан,

Ессіз жау сырттан бағып келе жатты

Отанын ,елін жерін бәрін сақтап.

5-оқушы: Еркіндікті аңсап өткен ер елім,

Меніңде бар әлі саған берерім

Ел боламыз ынтымақты бірлікті,

Болашаққа ойым таза сенемін.

Өзгелермен терезесі теңескен.

Өтіп кетті талай асу белестер.

Биіктерден әрқашанда көрініп,

Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.

6-оқушы: Ардагерлер!

Айтса ертек көгендері

Табандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

7-оқушы: Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!

8-оқушы: О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсен ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын.

1989 жылы ақпан айының 15-де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық-демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал "Парчам" тобын Б.Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық-демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұхара халықтың наразылық тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты,35 мың адам жараланды.Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ.1979 жылы 25 желтоқсанда басталып,110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты.Оның 780-і соғыста құрбан болды,22-сі із түссіз жоғалды.Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді.Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі деген сөзді растамасқа болмайды.

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ"

3-топ 1. Отан 2. Ана 3. Батыр

Жұмбақтар:

1. Белі бүкір, алысқа түкір. (мылтық)
2. Жылт-жылт еткен, жырғадан өткен. (мылтық оғы)
3. Тиіп кетсе тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған
Мерт қылады жақын келген нәрсені
Қастық қылса, жаудың жайы табылған. (бомба)
4. Сырты ағашпен қабатталған
Ілініп бір бөлшегі салақтаған,
Асылды ішіндегі алсаң тартып
Тіліндей сұр жыланның, жалақтаған. (қылыш)
5. Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сүйтсе де бірде танып кідірмейді
Күні-түні барады тынбай жүріп
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмей (өмір)
6. Өмір-өмір, өмірден
Жаққан оты көмірден
Шыңрау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден. (оқ, мылтық)

Сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Отан үшін отқа түскен боздақтардың өздері жоқ болса да, рухтары қасымызда мәңгі бірге,ұмытпайық! Олар ерлік жасады,бірақ кім үшін?

Б.Момышұлы айтқандай: «Отан үшін отқа түс-күймейсің», «Айбындылық аспаннан түспейді», «Анадан ешкім батыр болып тумайды». Халық қашан да қаһарман ұлдарын пана тұтқан.Қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтейік оқушылар!



© 2010-2022