План воспитательного урока на тему «Менің отаным -Қазақстан»

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығарма МЕНІҢ ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН».

Отаным десем,ойыма…

Түсер еске ақсақалды қариям,

Туған жерім - құт мекенім, дариям,

Егеменді, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұ«ям.

Түсер еске Махамбеттей батырлар,

Осы жолды аңсап еді ақындар

Отанымның өр намысты киесі -

Мен сүйетін қалың қазақ , халқым бар

Менің Отаным- Қазақстан.

Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азаматы асқақ сезіммен , мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер , асқақ арман жетегінде , отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл - қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп - өніп , мекен етіп , береке - бірлікте , достық қарым - қатынаста , тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жан -жақты ойлап , кемел ойлы , кемеңгер ата - бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл - парасатының , азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Біз ұлы ата - бабаларымыздың арқасында ғана тәуелсіздікке жеттік. Олар көптеген шайқастарға қатысып , қан төгіп , Отан үшін отқа түсті.

Өткен тарихымызды еске алсақ , қазақтар көп қиыншылықты басынан өткізді. Кедейлік , қиын өмір , Ұлы Отан соғысы , Сталиннің репрессиялары.

Сталинның репрессияларынын құғынымен барлық инғуштар Қазақстанға келді. Менің әжем де солардың арасында болды.

Уақыт өте қиын болғандықтан , қазақ халқы инғуштарды ашық , таза жүрекпен қарсы алып , өз қонақжайлығын көрсетті. Біртілім нанды бөліп жеді.

Мен бұл қиын уақыт туралы әжеме көп сұрақ қоятынмын. Бұл заман туралы әжем маған көп әңгіме айтты.

Әскерлер үйге кенет келіп , инғуш халқын тарихи Отанынан жер аударды. Қазақстанға келіп , қазақ елі оны қалай қарсы алатынын білмеді. Бірақ қазақ елі оны өз қонақжайлығымен таң қалдырды. Қазақ елі , қиыншылыққа , кедейлікке қарамай , оларды тастамай , ашық жүрекпен қарсы алды. Әжемнің отбасы үлкен болды. Оларды өзінің панасына алған бір қазақ отбасы туралы әжем көз жасын сүртіп , риза болғанын бізге айтып отырды. Сол отбасының иесі атам мен әжемнің жұмысқа орналасуына көмектесті. Әжем қазақ елін туған еліндей сүйді. Достарының көбі қазақтар болды. Әжем қазақтармен тату - тәтті тұрып , олар бір - біріне әрқашан көмек көрсетуге дайын болды.

Уақыт өткеннен соң , әжем қазақ елінің салт - дәстүрлерін үйреніп , қазақ тілін де жетік үйренді.

Менің әжем өз Отанының нағыз патриоты!

Қазір біз тату - тәтті , бірлікпен , ыңтымақпен тұрамыз. Ғасырлар бойы жасаған халқымыздың ерлік істері нәтижесіз емес! Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы он алтыншы желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздікке жетті. Дүние жүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәулсіз республика болып таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз , халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз , Елтаңбамыз бар.

Ал табиғаты қандай тамаша! Жасыл жайлау , төбесі көкке жететін таулар , терең теңіздер , көгілдір көлдер мен өзеңдер - бұның бәрі тек мен үшін жасалған. Ілияс Жансүгіров «Дала» деген өлеңінде:

Жүрегім , жырым сенікі ,

Келісті далам , кең далам

Тудым , өстім , есейдім ,

Ен далам -анам , мен - балаң ,-деп сүйсінген.

Тәуелсіздікпен , бірлікпен , татулықпен , рәміздерімен бірге Қазақстанда мемлекеттік тілі де бар.

Тіл - бағы жетпес мұра! Тіл бізді біріктіреді , достығымызды нығайтады. Бірде «мен өзіме , қазақ тілі не үшін керек?» - деп сұрақ қойдым. Менің ұлтым - инғуш. Бірақ мен Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілі - менің екінші ана тілім.

Ұлы қазақ жазушылары , ақындары ,күйшілерінің шығармалары , күйлері , поэмалары ұрпақтан -ұрпаққа жалғысып келеді. Осы баға жетпес құндылықтарды білу - менің парызым , мен қазақ тілі арқылы осы байлықты меңгеремін. Өзіме мынадай мақсат қойдым: болашақта қазақ тілді жетік біліп , елімнің мақтанышы боламын. Қазір менің тілегім орындалып жүр. Жақсы оқимын , көптеген қалалық , облыстық сайыстарға қатысып , жүлделі орынға ие болып жүрмін. Мен төрт тілді жақсы білемін. Олар: ана тілім - инғуш тілі , мемлекеттік тіл - қазақ тілі , орыс және ағылшын тілдерді білемін. Менің атам да , әжем де қазақ еліне құрмет етіп , өздері , балалары да қазақ тілін жақсы меңгерген.

Меніңше , осы тілдер арқылы менің жан дүнием кең және бай. Қазақ жері маған өте қымбат:

Қазақстан - көп ұлттың мекені;

Тату еліміз табысқан.

Қазақстан - бақ -станым!

Президентіміз айтқандай:

«Қазақстаның болашағы - қазақ тілде». Қазақ елінің салт - дәстүрлерін , тарихын , шығармаларын , тілін қастерлеймін. Қай жерде болсам да , өз Отанымды ешқашан ұмытпаймын , өйткені мен бұл жерде тудым , өстім , есейдім. Бұл жерде анам маған алғашқы бесік жырын айтты:

«Әлди- әлд ақ , бөпем…»

«Ел іші - алтын бесік», - деді қазақтар. Осымен толық келісемін. Тәуелсіз , дербес , егеменді мемлекетінде тұратынымды мақтан тұтамын.

Қазіргі кезде біз өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеру үшін өзіміз ыңталы болуымыз керек! Қазақ елінің ұлы ғұламаларының тілін білу біздің қазақ халқына деген зор құрметіміз болатындығын ұмытпаймыз!

Арманым жоқ десем , қанатсыз құс болар едім . Күнде бір нәрсе жайлы армандаймын. Әр жастағы адамның арманы бөлек. Бала өссем дейді , өскен соң балалы болсам дейді , балалы болған соң , соның қызығын көріп , өсірсем дейді. Меніңше , қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін бар күшімді салуым керек. Мектепті бітіргеннен соң , университетке түсу үшін дайындалып жүрмін.

Балашақта мен еліміздің қадірлі азаматы , мақтанышы боламын , деп сенемін!Елімнің ертеңі үшін аябай еңбек ету , оқу оқып , білім игеру , жас тәуелсіз мемлекетімнің ірге тасының беки түсуі , ұлттар а расындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызым деп түсінемін.

Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру біздің ардақты іс екенін жүрегіммен сезініп , мақтан етемін. Өз шығармамды Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен аяқтағым келеді:

«Еліннің ұлы болсан , Еліне жаның ашыса , азаматтық намысың болса , қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жалында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де , елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!



© 2010-2022