Тәрбие сағаты жол тәртібі

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс іс шараның тақырыбы: Жол ережесін есте сақта

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау. Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.

БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Балалар біз бүгін « Жол тәртібін жадыңда ұста » тақырыбында сыныптан тыс іс шараны өткіземіз.

Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды бастаймыз.

Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Алдымен беріледі сәлем деген.

Жол тәртібі кімге керек - бірге ойланып көрелік,

Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,

Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Ескерту белгі:

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Тыйым салу:

Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?

Анықтама:

Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Баратын сапардың қашығын, тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,

Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.

Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1-жұмбақ:

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ:

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ:

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Викториналық сұрақтар.

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ? Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ? Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

Көрнекіліктермен жұмыс.

А) жолда жүру ережесінің сақталуы

Ә) көлік түрлері

Б) жол белгілері

Жол ережесінің белгілерін ақ параққа түсіру.(ой толғау.)

Тәрбие сағаты жол тәртібіТәрбие сағаты жол тәртібі





© 2010-2022