Шағын жинақты мектеп мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы М.Шыманұлы аулы

Сарықамыс негізгі мектебі





Баяндама тақырыбы:

Шағын жинақтақты мектеп мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру



Дайындаған: Қожабергенова Ә.Р






2015 - 2016 ж.ж

Шағын жинақты мектеп мұғалімінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру

Әсем Қожабергенова Раскелдіқызы

Сарықамыс негізгі мектебі

Сынып жетекші

Бүгінде Қазақстанның ауыл мектептерінде көбі шағын жинақталған мектептерге айналуда. Республикада әлеуметтік - экономикалық жағдайдың қалыптасуы, қала халқының өсуі, көшіп-қонудың артуы, туудың төмендеуі шағын жинақталған мектептердің өсуіне әсерін тигізеді.

Шағын жинақталған мектептің жұмысы және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру - қазіргі заманның әлеуметтік - экономикалық және педагогикалық проблемасы болып саналады. Республикада шағын жинақталған мектептерде - 379319 оқушы білім алады және 51796 мұғалім жұмыс істейді.

Теория мен тәжірибеде шағын жинақталған мектептің айрықша ерекшелігі айқындалды.Олар:

-мектепте және сыныпта оқушылар санының аздығы;

-бір мұғалімнің жетекшілігімен бір кабинетте екі (үш, төрт) сынып оқушыларымен бір уақытта сабақ өткізілуі, басқаша айтқанда, комплектінің бар болуы;

-материалдық базаның нашарлығы;

-негізгі және орта мектептегі көппәнділік.

Сонымен бірге шағын жинақталған мектептерде кездесетін қиыншылықтарға мыналарды да жатқызамыз:

- ШЖМ - ке арналған ғылыми - әдістемелік әдебиеттердің жетіспеушілігі;

  • әртүрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеудің қиындығы;

  • оқушы мен мұғалімге түсетін психо-эмоциональдық жүктеменің ауырлығы;

  • шағын жинақталған мектептердің тірек мектептерден алға орналасуына байланысты мұғалімдердің тәжірибе алмасуының жеткіліксіздігі;

  • балабақшаларының жабылуына байланысты балаларды мектепке даярлау жұмысының жүргізілмеуі.

Шағын жинақталған мектеп проблемаларын шешу - құқықтық - нормативтік базамен, қаржыландыру, ұйымдастыру, басқару, кадр және материалдық проблемаларды шешумен байланысты. Көптеген педагогтардың зертхана зерттеулерінің нәтижесінде жоғарыда айтылған проблемаларды шешуге мынадай шаралар қолдану қажет деп есептейміз:

1. "Мектеп - балабақша", "мектеп - спорт орталығы", "мектеп - мәдени орталық", мектеп - ауылшаруашылық кешен", "мектеп - студия - парк" т.б. жаңа моделдерден ұсыну.

2. Оқу жоспарында аймақтық компонентті күшейту (мысалы, тарихи-өлкетану оқу материалдары, мәдени және ауылшаруашылық оқу пәндерін енгізу т.б.)

3. Оқыту процесінде тиімді технологияларды пайдалану (блок - модульді оқыту, ұжымдық оқыту (КСО), саралап оқыту, жүйелеп оқыту, дистанционалды оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, т.б.).

4. Жоғарғы педагогикалық оқу орындарында шағын жинақталған мектептерге мамандар дайындауды жетілдіру.

5. Мұғалімдердің қайта даярлығын жетілдіру.

6. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің жалақысын көтеру.

Білім беру проблемаларына байланысты шағын жинақталған мектептердің оқушыларын оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ал шағын мектептер ерекше мән беретін білім ордалары. Шағын мектептерге көңіл бөлу, оларға жәрдем беру арқылы болашағымызды бәсекелестікке лайықты тәрбиелеп, білім беріп дамытамыз, «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды. Халқымызда ұлы мұраты жастарға халықаралық деңгейде білім беру, ол мұратқа жетудің алғашқы баспалдағы мектеп, соның бәрі шағын мектепте өркен жаяды.

Шағын мектептердің мұғалімдеріне қойылатын талаптар:

  • өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу;

  • шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімдеу, оқу үрдісін сапаландыру;

  • әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;

  • оқушылардың бірін-бірі өзара білім алуды сапаландыру бағытын дамыту;

  • оқушылардың бір отбасы балалары сияқты болып, өзін-өзі басқара білуін ұйымдастыру;

  • оқушылар арасындағы бір-біріне деген сенімділігін және сыйластықтарын арттыру;

  • оқушылардың ата-аналарын қоғамдық-педагогикалық жұмыстарға қатыстыру;

  • бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның рөлін орынды пайдалану.

Оңтайланған педагогикалық жүйе мәнін көрсететін білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы ынтымақтасу педагогикасы идеясын жүзеге асырады. Бұл ауылдық жердегі шағын комплектілі мектептегі басты қиындықтың бірі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында кездесетін қиыншылықты жояды. Оқыту үрдісі тек психологиялық жағынан ғана емес, сыныптағы дәстүрлі сабақ жүйесін айрықшалап ұйымдастырылуы да өзгеріске ұшырады. Оқыту үрдісін өзгертуде ғылыми көзқарастарға ерекше мән беріледі. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері пайдаланатын техналогиялар негізіне ақыл-ойдың дамуын сатылы қалыптастыру, проблемалық оқыту, дамыта оқыту сияқты психологиялық - дидактикалық теориялар т.б. жатады.

Шағын комплектілі мектеп жағдайын ескеріп, ғалымдар оқу үрдісіне айырмаланған оқыту, бейімдеп оқыту, ойын технологиялары, белсенді ізденіс оқыту технологияларын шығарып, оқыту үрдісіне енгізуде шағын комплектілі мектеп жағдайында қалыптасқан әлеуметтік ортаның ерекшелігі, демографиялық, материалдық-техникалық, мәдени т.б. айғақтар ерекшелігі бейімдеп оқыту жүйесін құру мәселесін қойды. Бейімделу ішкі - сыртқы орта жағдайына икемделу үрдісі болып табылады. Жеке адамның жаңа әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделуін, топ пен оған кіретін жеке адам мақсаты мен құндылық бағдарының жақындасуын білдіреді.

Оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістер ішінара іздеу, оқу диалогы, проблемелық оқыту әдістері т.б. болып табылады.

Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімеде жүзеге асады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы талқыланатын сұрақтарды ой елегінен енгізіп, жауап береді. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері оқу диалогын өз тәжірибелерінде сәтті қолданады.

Диалог - оқу материалының мазмұнына негізделеді. Бірақ мұндай диалог сөздерін жоспарлау сабақ басталмастан бұрын өтеді де, ол оқушының тапсырманы игеру дәрежесіне немесе дайындығына бағытталуы керек. Себебі, жоспарланған диалог мәтіні мұғалімге белгілі болғанымен, оқушыларға белгісіз болады. Диалог сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады. Сондықтан оқу мазмұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен - өзі диалог құрады.

Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама - қарсы шешу жолдарын көрсетеді, көзқарас күресін тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді.

Шағын комплектілі мектепте сондай-ақ ойын әдістері амалдары мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар), қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ) өткізіледі. Ойын кезінде бала қимыл субъектісі. Демек, ол ойын нәтижесін көздейді. Оқушылар рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Костюм мен модельдері бар рөлдік ойындар оқу үрдісін белсенді ететін маңызды дидактикалық құрал болып табылады.

Ауылдағы шағын комплектілі мектепте бала тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік - экономикалық және мәдени - тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты - өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араласып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, болашақта үлкен ортаға бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Шағын жинақты мектептегі әр сынып жетекшісі - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға .Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік -саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Тұлғаны қалыптастыру үшін мүғалімнің кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек деген ой туады. Мүғалімнің кәсіби қүзіреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. "Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне не жатады?" деген сұрақ жиі туындайды. Кәсіби құзіреттілік - жеке тулғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Кәсіби құзіреттілік ұғымына мұғалімге тән болуы тиіс барлык қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мүғалімнің білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б жатқызамыз.

Мұғалімнің құзіреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді ескергендері дұрыс: - өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты,айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу; - оқушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз; - оқушылардың сөзін белмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, оқушының жауабы дүрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан; -тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мұғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт; - сабақ барысында оқушылардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса, тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдарды пайдалану, оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылықтарын қадағалап отыру; - сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, тәрбиелік ақыл-кеңесті ұзақ уақыт айтып тұрудың қажеттілігі аз; - оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;

- сабақтың өткізілу темпі интенсивті, бірақ оқу мате-риалдарын оқушылар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт; - оқушылардың жауабын мақүлдап, ынтапандырып, қоштап отыру қажет.

Мұғалім қызметінде өз кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттар-мен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақүлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пай-далана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Егер мұғалім жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мүғалім өз жүмысының
нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке түлғаны қалыптастыру үшін мүғалімнің кәсіби құзіреттілігі де сай болар еді.
Бүгінгі күні мұғалім - кәсіпкер, педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

  1. жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы.

  2. Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс- шаралары барысында олардын өзара ынтымақтастық қарым- қатынасының қалыптасуын ұжымдастыру.

  3. Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен олардың дамуын бақылаушы, тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы.

  4. Оқушының күнделікті өмірі менәрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік- экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсүнуде көмекші, кеңесші.

  5. Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып қажетті тәрбиелі ықпалдар жасаушы.

  6. Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп,отбасы,қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Мұғалім мен оқушының сезімдік қарым- қатынасының да ерекше мәні бар.Өйткені көңіл-күйдің үйлесімділігі тәрбиенің нәтижелі болуының себепшісі.Көп жағдайда мұғалім оқушының көңіл-күйін ескермей, өз көңіл-күйінің жетегінде кетіп, тәрбие жұмысының мақсатына жеткендей болады. Шын мәнінде оқушы мұғалімнен сезімдік жағынан үйлеспесе ол бетіне қарсы қарап отырып-ақ ойы басқа жақта болады.Осы жағдайды ескеріп тәрбиеші оқушының сезімдік үйлесімділігін оларға білдірпей байқайды.Мысалы, оқушының бет әлпеті, қимыл- қозғалысы, төтенше берілген сұраққа іле жауап беруі арқылы оның көңіл- күйіндегі үйлесімділікті анықтайты.Егер бұл жағдайды мұғалім ескермесе, оқушы біртіндеп өзін «далада отырғандай» сезінеді.Соңында оқушы мұғалімді тыңдамайтын, сыйламайтын болып шығады.Мұны болдырмас үшін мұғалім өз ісінің мазмұнына мән береді және оған оқушыны үнемі қызықтырып отырады.

Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым- қатынасында жетекші орын алады.Әдептілік- мұғалімінң жоғарғы шындық, қарапайымдылық, сабырлылық, көрсетуі, өзін- өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әртүрлі жағдайларда оқушылармен өзге адамдармен, қарым- қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі.Әдепті мұғалім- әр уақытта оқушылардың құрметті адамы.Олардың айтқанын шәкірттер мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады.

Сөзімнің соңында мен ұстаздарға арналған мынадай жиырма тоқтамға тоқталғым келіп тұр.

  1. Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.

  2. Баға құнды емес, бала құнды.

  3. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе: Ол- адамды жасаушы адам.

  4. Сабақ- ұстаз бен шәкірттің адами қарым- қатынасы.

  5. Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.

  6. Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды.

  7. Мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса баланың жанын ұға білсін.

  8. Әр баланың өмір тіршілігі- өзінше бір тағдыр.Баланың тағдырына ойланып қара:сабаққа келмесе, себебіне үңіл.Тентек болса, себебіне үңіл.Себебін алдымен өзіңнен ізде.

  9. Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл.

  10. Мұғалім мен баланың қарым-қатынасы қуанышты әрі пайдалы болсын.

  11. Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт.

  12. Баланы таңқалдыруды ұмытпа: «Даналыққа ұмтылу таңқалудан басталды»

  13. Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің.Жеңісін ізде.

  14. Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла.

  15. Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа.Сеніп айтқан сырын шашпа.

  16. Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады.

  17. Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақты қайта түсіндіруден баста.

  18. Импровизация- сабақтың жаны.

  19. Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.

  20. Әр бала- табиғаттың ғажайып құбылысы.Әр- бала Ханзада және Ханша!






























Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жаңа педагогикалық технологиялар - болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру құралы ретінде //Профессионал.- Алматы, 2008.- №3

2. Тәрбие болашақ жастардың тұлғалық қадір-қасиетін қалыптасты-ратын негізгі құралы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Алматы, 2008.- І том.

3. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты тұлғаны тәрбиелеу. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материлдары.- Көкшетау, 2008.- І том.

4. Әбенбаев С.Ш Тәрбие теориясы мен әдістемесі. - Алматы, 1987.

5. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі. - Алама-Ата, 1980


















© 2010-2022