«Біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі өзгерістер, іс-тәжірибелер, жаңашылдық»

1Кіріспе 2Негізгі бөлім а)Білім әлемінің сұранысы-білікті педагог ә)Біліктілікті арттыру курстары-шеберлікті шыңдаудың негізгі көзі б)Озат тәжірибе-оң нәтиже 3.Қорытынды Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына адамзат қоғамын алға  апаратын құдіретті күші тек білімге ғана тән .Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын құру қажеттігі туып отыр. Елбасының халыққа жолдауында  бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет деген....
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Педагогикалық шеберхана: «Біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі өзгерістер, іс-тәжірибелер, жаңашылдық»

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы

Казталов аудандық білім беру бөлімінің

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Аткешова Райгүл Айболатовна

Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Білім әлемінің сұранысы - білікті педагог.
ә) Біліктілікті арттыру курстары- шеберлікті шыңдаудың негізгі көзі.
б) Озат тәжірибе - оң нәтиже.
III. Қорытынды.

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күші тек білімге ғана тән. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын құру қажеттігі туып отыр.

Елбасының халыққа Жолдауында:... «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деген. Бұл ұлағатты сөздер қазіргі таңда жеке адамның дамуына үлкен мән беру дегені. Ел болашағы - тәжірибелі, дамыған тұлғаның қолында.

Елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру стратегиясы» атты еліміздің нақты бәсекеге қабілеттілікке жетудегі республикалық білім жүйесінің негізі бойынша көптеген жұмыстар өтіп жатқаны белгілі. Білім беру ұйымдарының осы кездегі қол жеткен жетістіктері және келешекте атқаратын істері де мол. Сондықтан басты мақсат сапалы білім беру. «Жиырма бірінші ғасыр - білім-ғылым ғасыры» деп Елбасы атап өткендей, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде алда тұрған міндетте зор. Осы бағытта «Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру , олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.

Біліктілікті арттыру - қызметкерлерді оқытудың кәсіби түрі, олардың теориялық білім деңгейін арттыру, практикалық дағдылары мен мамандықтарын жетілдіру.

Біліктілікті арттыру білім сапасын көтереді. «Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жү­йесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қа­жетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ха­лық­аралық ғаламдық коммуника­ция­лық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қа­жет етеді. Білікті ұстаз ғана шәкіртін бі­лім нәрімен сусындата алады. Біліктілікті арттыру жолдарының бірі,

  1. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруда әдістемелік тақырыбымен жұмыстандыру;

  2. Оқытудың жаңа технологияларын әдістемелік семинарларда іс-тәжірибе алмасу;

  3. Мұғалімдердің шығармашылығын дамыту;

  4. санаттарын көтеруге жағдай жасау;

  5. Мұғалімдердің сандық, сапалық құрамын көтеру;

  6. Олимпиада, семинар, байқауларға қатыстыру;

  7. Сабақтастық жұмысы (Пәндік, әкімшілік)

Біліктілік арттыру жұмыстарын жоспарлау:

  1. Ұйымдастыру отырысы (қыркүйек)

Оқу бағдарламасының орындалуы

Нақтылау отырысы (қыркүйек)

2. Жоспарды бекіту.

Келесі жылға пәндік талдау.

Олимпиада, семинар, байқау қорытындылары.

Жаңа оқу жылына тапсырма.

Жаңа оқу жылына жоспар бекіту.

  1. Әдістемелік жаңалық (қараша)

Басылымға жариялау.

Сабақтастықты оқыту.

Семинар, конференция, педагогикалық оқу және басқа курсаралық біліктілікті арттыру іс-шараларында сөйлеуге қатысу, білім беру үрдісінде инновациялық технологиялар ендіру, басылым беттеріне шығару, олимпиада байқау т.б.

Сайттарға іс-тәжірибелерді жариялау, жаңа инновациялық жаңалықтармен үнемі бөлісіп отыру,

4. Әдістемелік іс-тәжірибемен бөлісу (желтоқсан)

1.І тоқсан, І жартыжылдық қорытындысы.

2.Олимпиада, семинар, байқаулар қорытынды.

3. Пәндік, әкімшілік іс-тәжірибе.

ІІ.Мұғалімдердің біліктілік арттыру жұмысын талдау.

ІІІ. Мұғалімдердің біліктілік арттыру жұмысы.

Жоспарлы семинар мен курстарға қатысы.

Біліктілік арттыру курсына қатысып келген мұғалімдер есебі, кері байланыс парағын толтыру.

Өзіндік білім көтеру журналы.

5. Сыныптан тыс шара пәндік бойынша талдау.

Интеллектуалдық марафон, байқауларға қатысы.

Байқау қорытындылары.

Мұғалімдер

Оқушылар

6. Тапсырмалар:

Жаңа технологияны сабаққа ендіру,

Интерактивті технологиямен сапалы білім беру.

Қазақстанда педагог кадр­лар­дың біліктілігін арттыру жүйесі 60 жылдан астам уақыттан бері жұ­мыс жасайды. Осы жылдар ара­­сында аталған жүйе білім беруді дамытуға және оның сапа­сын арттыруға айтарлықтай үле­сін қосты. Қазір де білім саласына біршама өз­ге­рі­с­­тер енгізілуде. Атап айт­қан­да, білім беру ұйымдары бас­шы­ла­ры­ның біліктілігін арттыру­дың нор­мативтік-құқықтық құ­жат­­та­ры, оқу бағдарламалары, білім берудің жа­ңа мазмұны құрылуда.

Бүгінгі таңда дамыған елдерде педагогтарды дайындау және біліктілігін арттыруды жергілікті жер­де білім ұйымдарында өткізу тиімді деп есептелінеді. Сондық­тан бұл елдерде педагогтардың сынақтан өтуі үздік мектептерде, соның ішінде жоғары оқу орын­дары және біліктілікті арттыру инс­титуттары жанында ұйым­дас­ты­ры­лады.

Осы бағытта Казталовка аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жүйесіне тоқталатын болсақ, Казталов аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңымен басқада салаға қатысты заңнамалардың және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді қамтамасыз етуге, 12 жылдық жалпы білім беруге көшуге дайындықты жалғастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталды.

Бүгінгі таңда аудандағы 44 білім беру мекемелеріндегі 1055 педагог қызметкерлердің 828-і , ( 78% -ы) жоғары білімді, 227-сі, (22%-ы) арнаулы орта білімді мамандар.

Жоғарғы және І санатты педагогтардың үлесі 40% -ды құрап отыр. Бұл көрсеткіш былтырғы 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2%-ға артып отыр.

Жоғарғы санатты педагогтар саны 65 (6 %), І санатты педагогтар саны 354 ( 33%). Жоғарғы санатты педагогтар саны былтырғы 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 3%-ға артып отыр.

Әдістемелік кабинет жоспарында педагогтардың кәсіби шеберліктерін шыңдау арқылы, білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдерді біліктілік арттыру курстарына жіберу бірінші орынға қойылған.

Осы орайда соңғы 3 жылда аудандағы барлық мұғалімдердің 62% -ы біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Соның ішінде 2011-2012 оқу жылында біліктілікті арттыру курстарын­ан жоспарланған 238 педагогтың 146-сы (61%-ы), 2012-2013 оқу жылында біліктілікті арттыру курстарын­ан жоспарланған 307 педагогтың 198-і (64%-ы), 2013-2014 оқу жылында біліктілікті арттыру курстарын­ан жоспарланған 265 педагогтың 198-і (74%-ы) , 2014-2015 оқу жылында біліктілікті арттыру курстарын­ан жоспарланған 187 педагогтың 27-сі (14%-ы), қысқа мерзімді курстарда, 2012-2013 оқу жылында ІІ деңгей бойынша 4 педагог, ІІІ деңгей бойынша 25 педагог, , 2013-2014 оқу жылында І деңгей бойынша 6 педагог, ІІ деңгей бойынша 4 педагог, ІІІ деңгей бойынша 42 педагог, 2014-2015 оқу жылында І деңгей бойынша 7 педагог, ІІ деңгей бойынша 9 педагог, ІІІ деңгей бойынша 27 педагог, аудан бойынша барлығы 124 педагог үш айлық курста біліктілігін арттыр­ды.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда ын­тымақтастық негізіндегі мүм­кін­дік­тердің рөлі үлкен. Мұндай өз­ара байланыстың кеңеюі: бә­се­кеге қабілеттілікті арттыруға, оны да­мы­туға, басқа білім ұйым­дары­мен бірлікте педагог­тар­дың біліктілігін жетілдіруге білім беру қызметі бойынша тәжірибе алма­су­ға мүмкіндік береді.

Осы орайда әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарында әр ай сайын озат тәжірибені насихаттау, тәжірибе алмасу арқылы педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында семинар - практикум өткізу енгізілген.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Білім беруді дамыту­дың 2011-2020 жылдарға арнал­ған мем­лекеттік бағдарламасын жү­зеге асыру жағдайында педа­го­ги­калық кадрлардың біліктілігін арт­тыру сапасын қамтамасыз ету» та­қы­рыбында семинар өт­кізілді.

Онда педагог кадрлар біліктілігін арттыру мәселелері жан-жақ­ты талқыланып, оны жетіл­діру­дің міндеттері мен жолдары анықталды.

Біріншіден, барлық і білім беру ұйымдарының басшылары мен пән мұға­лім­дерінің біліктілігін арттыру­дың қажетті деңгейін қамтама­сыз ету үшін озат тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжіри­бе­лерін насихаттау,тарату; педагог кадрлардың біліктілігін арт­тыру санатын көтеру.

Екіншіден, біліктілікті арт­ты­ру нәтижесінде өнімді еңбек ету талабын қою мен сапаға баса назар аудару.

Үшіншіден, білім берудің бар­лық деңгейлерінде біліктілікті арт­тыру үдерісіне инновациялық тех­но­логияларды ендіру қажет­ті­лігін ескере отырып, біліктілікті арт­тырудың бағдарламаларын жа­ңар­ту, білім беру мекемесінің бас­шылары мен мұғалімдерінің ж­а­ңаша ой­лауын қалыптастыруға ба­ғыттал ған инновациялық бағ­дар­лама­лар­­ды басшылыққа алу міндеттері алға қойылды.

2011-2012 оқу жылында аудандағы барлық педагогтың аудан көлеміндегі семинарға 27%-ы, облыс көлеміндегі семинарға 12%-ы қатысса, 2012-2013 оқу жылында аудан көлеміндегі семинарға 29%-ы, облыс көлеміндегі семинарға 14%-ы , 2013-2014 оқу жылында аудан көлеміндегі семинарға 32%-ы, облыс көлеміндегі семинарға17%-ы қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес жоспарланған оқушылармен, педагог қызметкерлермен өткізілетін бұқаралық-көпшілік іс-шаралар өткізілді

2013-2014 оқу жылы математика, физика, информатика пәні мұғалімдеріне І деңгейлі курсан өткен шығармашылық топтың семинары, бастауыш сынып мұғалімдеріне ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 24 маусымдағы №832 қаулысымен бекітілген «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2013 жылдарғап арналған ұлттық іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында «Бастауыш сыныптарда функцоиналдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы, мектеп кітапханашыларына «Білім жүйесіндегі кітапхана мен кітапханашының қызметі» тақырыбында семинарлар, жаратылыстану пәні бойынша мұғалімдерге «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша облыстық олимпиада есептерін және ҰБТ-да кездесетін күрделілігі жоғары тақырыптарды талдау», тарих пәні мұғалімдеріне «Қазақстан тарихынан оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» семинар-практикумдары және мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне «Мектепке дейінгі тербиелеу мен оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен оны жобалау ерекшеліктері» шеберлік класс - семинары өткізілді.

Атқарылып жатқан көмектердің жүзеге асып жатқандығын көру, ғылыми ізденісті жетілдіру негізіндегі жұмыстар барысында түрлі көрме, байқау, конкурстар оздырылды.

«Аудандық үздік әлеуметтік педагог» байқауында Бостандық ОЖББМ әеуметтік педагогы Р.Нугманова бас жүлдені иеленіп, облыстық «Үздік әлеуметтік» байқауынан «Креативті әлеуметтік педагог» номинациясымен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Тіл дамыту бағытындағы үздік авторлық бағдарлама» аудандық сырттай байқауы өткізіліп, 3 мұғалімнің үздік деп танылған жұмыстары облыстық байқаудан орындар алды. Сондай-ақ былтырғы 2013-2014 оқу жылында республикалық деңгейдегі бастауыш 3-4- сыныптарға арналған "Бастау" математикалық сайысына қатысқан Казталовка ОЖББ мектебінің оқушылары (жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Т.Р.Утешева) арнайы грамоталармен марапатталды.

Ақпан айында Қайыңды ОЖББМ базасында аудандық «Шағын жинақты мектеп және мен» байқауы өткізіліп, байқауға 18 шағын жинақты мектеп мұғалімдері қатысты, аудандық байқаудан Мирон НЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Омарова бас жүлдені иеленіп облыстық байқауданда бас жүлдені иеленіп, І Республикалық ШЖМ слеті-2014 «Мәңгілік елге - ақпараттық мектеп - шығармашыл педагог -бәсекелестікке қабілетті оқушы» І Республикалық слетіне қатысып, жұмысы жинаққа енгізілді.

Облыстық ҰБТ-ға дайындық сапасын дамыту барысында сәуір-мамыр айларында жоспарланған «On-line» 13 сабақ пен әр сабақтан екі реттен 18 сағат консультацияларға қатысып, аудан педагогы Ғ.Молдашев атындағы жоббм мектебінің Г.Сатыбалдиеваның іс-тәжірибесі облыс деңгейіне таратылып, іс -тәжірибе алмасылды.

Атқарылып жатқан көмектердің жүзеге асып жатқандығын көру, ғылыми ізденісті жетілдіру негізіндегі жұмыстар барысында түрлі көрме, байқау, конкурстар оздырылды.

Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыстануы - үздік, жоғары нәтиженің кепілі.

Жүргізілген жұмыстарды қорытындылай келе, аталған әдістемелік шаралар қорытынды рейтінгісінде аталған мектептер көрсеткіші білім сапасының көрсеткішінің деңгейімен сәйкестігін саралап көрсетеді. Әдістемелік жұмыстардың семинар, байқаулар, оқыту әдістерін жетілдіру мен озат іс-тәжірибелерді тарату, мұғалімдердің білім жетілдіру курстарынан уақтылы өтуі, мұғалімдердің өз біліктіліктерін көтеру жұмыстары білім сапасының қозғалысына өз әсерін тигізері сөзсіз.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында сертификатталған мұғалімдердің Бағдарламаның идеяларын тәжірибеге енгізуіне орай оқыту мен оқудағы проблемаларын анықтау, курстан кейінгі кәсіби шеберліктерінің дамуына ықпал ету мақсатымен оқушылар арасында жүргізілген сұрақ-жауап сауалнамасында: «Нағыз мұғалім қандай болу керек?» деген сұрақ болды. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар өз мұғалімдерінің адамгершілік қасиеттері мен жоғары кәсіби шеберліктерінің болуын қалайтыны анықталды.

Міне, бұл бүгінгі күні мұғалімдер педагогқа қажетті құзыреттілікті игеруі тиістілігін дәлелдейді.

Қорыта айтқанда, педагог мамандардың біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Білім арттырудың жемісін әр мұғалімнің білім сапасының нәтижесі мен ҰБТ қорытындысынан көрініс табады.

Қолданылған әдебиеттер:

1.ҚР Президенті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауынан-2013ж

2.Б.И.Иманбекова «Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс» Алматы-2003 жыл

© 2010-2022