Алтын кірпік, ай қабақты арулар

Тақырыбы: «Алтын кірпік, ай қабақты арулар» Мақсаты: Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу. Көрнекілік: Көрнекі жазылған тақырып, қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер, плакаттар, шарлар,үнтаспа, слайд. Барысы: «Қыздарға әсемдік жарасады» әні ойнап тұрады.  Жүргізуші ортаға шығады. Келді ғой көктем, құдірет біткен ғажайып. Құрметтеп оны жұмыла қарсы алайық. Ауылда, қырда, Қы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Алтын кірпік, ай қабақты арулар»
Мақсаты: Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көрнекі жазылған тақырып, қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздер, плакаттар, шарлар,үнтаспа, слайд.
Барысы: «Қыздарға әсемдік жарасады» әні ойнап тұрады. Жүргізуші
ортаға шығады.

Келді ғой көктем, құдірет біткен ғажайып.
Құрметтеп оны жұмыла қарсы алайық.
Ауылда, қырда, Қыз сыны тойы дүрілдеп,
Алаулатып біз бүгінгі кештің отын жағайық.

Құрметті қонақтар,ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар! Міне
көктем айы да келіп жетті.Көктемнің ең алғашқы айы аналары-
мыздың салтанатты мерекесімен басталады емес пе?
Ия, бұл күн тек аналардың мерекесі емес сонымен қоса өмірге нәр беретін, тал шыбықтай бұралған қыз-келіншектердің де мерекесі .
Қар астынан бәйшешек бой көтергенде көктемнің хабаршысындай болып,
8 наурыз мейрамы да келеді емес пе?


Ендеше көктемгі гүлдей жарқырап,күндей құлпырған мерекелеріңіз
құтты болсын!Бүгінгі «Ай қабақты , алтын кірпік арулар…» атты
қыз сыны байқауын тамашалауға келіп отырған барша қауымға қош келдіңіздер!

Ал,ендеше шалқытып ән салайық,
Өнерпаз аруларға тамсанайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,
Аруларды құрметтеп қарсы алайық!


Көңілін сыныптастын таба алатын

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіндей болса, шіркін, барлық шәкірт

Әсемнің өзі де, сөзі де алтын. Белиспай Әсем!!!

Мейірімі мол аққанат анасының

Бар мейрімді өзіңнен ақ табасын

Желкеніндей желбіреп ақ кеменің

Сұлу қыз Айнұрымызды қарсы аламыз! Темірхан Айнұр!!!

Бәйшешек гүл көктемде бүр жарады,

Көктем келіп, қыс үнсіз кетіп барады.

Бұл сайыста өз өнерін ортаға

Өнерлі қыз Жадыра аямай-ақ салады! Сағи Жадыра!!!

Жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі - дей келе алдымен біздің ару қыздарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріп-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.

Жүргізуші:
Барлығыңыз тыңдаңыздар,
Өнерлерін сыйлаңыздар.
Алға шыққан қыздарға
Әділ баға сыйлаңыздар,- деп арулардың өнері-білімін әділ бағалап, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.
Жүргізуші:
Байқау шарттары:
1.Сәлем- сөздің анасы (таныстыру)
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)

4. Жанкүйерлер сайысы
5. Қыздарға әсемдік жарасады (ұлттық киім үлгісі)
6. «Ас адамның арқауы»
( Үй тапсырмасы бойынша қатысушыларымыз дайындаған тағамдрын көрсетеді)
7. Жағдаяттардан шығу

Құрметті ару әсем қыздарымыз орындарыңызға бара берулеріңіз сұралады. Сіздерге сәттілік тілейміз!

Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші деп бүгінгі аруларға сәттілік тілей
отырып, сайысымызды бастамас бұрын аналар мерекесіне арнап «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар!

«Асыл ана» Темірхан Айнұр

Жүргізуші:
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
1. Сәлем- сөздің анасы (таныстыру) - деп аталады. Арулар бір-бірден шығып ортаға өздерін таныстырады.

Жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ару кезектесіп,
Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз.
2.Өнерлі өрге жүзер (өз өнері)-деп аталады. Бұл кезеңде арулар өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әр бір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап,сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
3.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)-деп аталады. Бұл кезеңде жылдамдықты талап етеді.

1. «Тәуелсіз демократиялы және құқықтық мемлекет» -деп жариялады . Қай жылы ,қай айда?(1991 жыл 16 желтоқсан)

2. Жиен ел болмайды,
Желке ас болмайды» деген мақалдаға «жиен» дегеніміз кім?

3 .Туғаннан «құлыным» деп аймалаған
Өзіңдей қамқор адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой.
Анасыз бұлбұл құста сайрамаған - деген өлең шумақты күліп,жылап, ұрысып жеткізу.
4.Төл теңгеміз қай жылы, қай айда дүниеге келді?(1993 жылы 12 қараша)
5. Ана туралы өлең шумағын айтып бер?
6. Қандай жілік қыз балаға берілмейді?(кәрі жілік)

7. Ана туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің?
8. «Төрт аяқтыдан бота тату,
Екі аяқтыдан «бажа» тату деген мақалдағы «бажа» дегеніміз кім?

Жүргізуші:
Жанкүйерлер сайысы. «Ана» туралы мақалдар немесе өлең шумақтарын айтып жарысады.

Жүргізуші:
Сымбатына сын киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларды қызығып қарасатын
Қыздарға әсемдік жарасатын бөлімінеде кезек келді.

Аруларымыз «Көктем-2014» сән үлгісін көрсетеді.

Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Ас пісіріп нан салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Арулар аянбай -ақ жан салыпты
5. Үй тапсырмасы. Бұл кезеңде арулар дайындаған тағамдарын таныстырады.

Жүргізуші:

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Сахнада көрсетеді әйел кейпін,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Жағдаяттардан шығу.


Әзіл -қазылар алқасы өз қорытындысын шығарамын дегенге дейін «Ана туралы жыр» әніне кезек береміз. Қабыл алыңыздар!
Қорытындылау : Қазылар алқасының қорытындысы.
Марапаттау

© 2010-2022