Тілімнің тазалығы - келешегімнің кепілі

рассказывается о родном языке, государственный язык - это будущее, будущее в трех языках казахский, русский, английскийй. мы все должны владеть  тремя языками. название  поэтому и называется "тілімнің тазалығы - келешегімнің кепілі" . дети должны владеть  казахским языком,     за это материал я получила  номинацию "бас жулде"   Біз үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілі -  қазақ тілі руханиятымыздың, ұлттық болмысымыздың, мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып табылады. Бүгінде ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарлама жобасы ең алдымен мемлекеттік тілді алдағы он жыл ішінде дамытудың негізгі бағыт-бағдарына, мақсат-мүддесіне айналған. тілде сөйлейтін адамның беделді бейнесін қалыптастыру, мемлекеттік тілді әрбір отбасы дәстүрі ретінде көпшілікке таныту, саяси және замануи технологиялар арқылы қоғамдық санада қазақ тілін білушілердің артықшылықтарын мықтап орнықтыру міндеттерін іске асыру қажет.  
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілімнің тазалығы - келешегімнің кепілі...


Қазақша дұрыс сөйлеп, жазып,

оқып өсуді міндетім деп білмейтін

Қазақстан азаматына,

Қазақ азаматына қандай ат қояйық?!


Бүгінгі күнде заманымыздың елеусіз қалдыруға болмайтын мәселелерінің қатары күн сайын, сағат сайын «толығып», яғни, артып келеді. Олардың таусылмас талқылануы да, әр адамның әрқалай тұжырымдамалары мен табылған шешімдері

Халық - егемендігімен, тәуелсіздігімен, дінімен, тілімен, дәстүрімен халық. Қайғысына қайғы жамап жатқан кей мәселе халық атаулының тарих сахнасын тастап кетуге де мәжбүрлеп жатқан жайы бар. Тірлігінен айрылған ел - тілдігінен де айрылмасына кім кепіл?! Жер беті таршылық еткені үшін емес, халықтығын жоғалтқаны үшін елеп-ескерусіз қалатын кейбір сорлы халықтың деңгейіне түскеміз жоқ, әрине. Алайда, Ата-бабамыздың қанымен, көз жасымен келген жер де, тіл де өз қожалығымызда. Сондықтан, қолда бар алтынды бағаламасақ та, өзгеге беріп қоюға болмас. Жер құнынан да биік тұрар тіліміздің маңыздылығы бұл күнде жоғалып бара жатқан тәрізді. Ажары тайған тіліміздің тағдыры біздің, Қазақ жастарының қолында тұрғанын да ескере кеткен жөн сияқты.

Тіл - кез-келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын құбылыс. АҚШ Конгресінің кітапханасы халықаралық ISO-639 стандарты бойынша дәл қазіргі уақытта дүние жүзінде 7048 тіл барын анықтаған. Зерттеушілердің пайымдауынша, әрбір екі апта сайын жер бетінде бір тіл жойылып отырады екен. Дэвид Харисонның «Тілдер қалай өледі?» атты кітабында жер бетіндегі өсімдіктердің 8%-ы, сүт қоректілердің 18%-ы, ал тілдердің 40%-ы жойылу қаупінде екендігін атап көрсеткен. Тіл құбылысын зерттеуші ғалымдардың пікірінше, енді небәрі алдағы жүз жыл ішінде қазіргі тілдердің 3000-нан астамы біржола келмеске кетеді екен. Тілмен бірге оны дүниеге әкелген ұлт та бүкіл ұлттық болмысынан айрылып, біртіндеп тарих сахнасынан орын босатады.

Біз үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілі - қазақ тілі руханиятымыздың, ұлттық болмысымыздың, мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып табылады. Бүгінде ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарлама жобасы ең алдымен мемлекеттік тілді алдағы он жыл ішінде дамытудың негізгі бағыт-бағдарына, мақсат-мүддесіне айналған.

Мемлекеттік тілде сөйлейтін адамның беделді бейнесін қалыптастыру, мемлекеттік тілді әрбір отбасы дәстүрі ретінде көпшілікке таныту, саяси және замануи технологиялар арқылы қоғамдық санада қазақ тілін білушілердің артықшылықтарын мықтап орнықтыру міндеттерін іске асыру қажет.

Тіл - еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері талқыланып келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Айта кететін жағдай, қазақ тіліндегі мектептер саны 1991 жылмен салыстырғанда, қазақ тіліндегі мектептер саны 2901-ден бірден 3811-ге дейін көтерілген. Тілдің қоғамда дамуы, өмір сүруі тілді тікелей оқытумен байланысты. Бала үшін ең басты тәрбие - отбасыдан басталса, одан кейінгі тәрбие балабақшаға, ортасына байланысты. Өскелең ұрпақтың санасында да қазақ тілінің жайы, қазақша тәрбие болуы тиіс. Себебі, мемлекеттік тілдің дамуы немесе құрдымға кетуі ендігі келешектің қолында тұр.

Менің ойымша, тіліміздің одан әрі нығайып, халықтың таза қазақ тілінде сөйлеуі үшін мынадай талаптар мен белгілі бір жоспар болуы керек:

  1. Мемлекет болашағы өскелең ұрпақ қолында демекші, ең алдымен, Қазақстан мемлекетіндегі балабақшалар мен мектептердің 95%-ын қазақша білім беретін орта ету керек;

  2. Сонымен қатар, бала-бақшаларда, мектептерде, орташа және жоғарғы оқу орындарында өтілетін сабақтар қатарына, (өз тілімізді өзіміз үйренуіміз үшін мұндай пәннің болуы ұят, әрине) «Тіл тазалығы» деген пән қосылса жөн болар еді. Және де, бұл пән аптасына үш немесе төрт рет оқытылуы керек;

  3. «Тіл туралы заң» құрамына Қазақстан мемлекетінде тұрып жатқан әрбір азамат қазақ тілін меңгеруі керек деген қатаң талап енгізу қажет.

Мұндай жоспарларсыз да, әрбір қазақ ұрпағы өз ұлтына жанашырлық таныта отырып, өз болашағын, ұрпағының келешегін халқымен, тілімен байланыстыра алатын патриот азамат пен азаматшаларды тәрбиелеп шығару ұстаздардың, ата-ананың қолында.

Көкпекті ЖББОМ-нің кітапханашысы: Рахимкулова Г.А. 2014-2015 оқу жылы.

© 2010-2022