Ашық тәрбие сағаты Байтақ елім - Қазақстан

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Байтақ елім-Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.

Тәрбие сағатының әдісі: іздену, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекіліктері: компьютерлік слайдтар, рәміздер, елбасының суреттері,т.б.
Сабақтың барысы:

Қазақстан Әнұраны орындалады

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, қонақтар біздің мектебімізге келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республика атанғанымызға 21 жыл уақыт болыпты. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдініздер!

Данасымен батыры көп қазақпын,

Көрге талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсің, тәуелсіздік азат күн-

дей келе ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Мұғалім сөзі: - Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХҮ ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерut күн болған» лениндік саясат салмағын, Сталиндік ақтаңдақ азабын, Брежневтік тоқырау тоспасын, Горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңын қабылдау арқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата Заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ Әнұранымыз екенін өздеріңізде жақсы білесіздер.

«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.



Жүргізушілер: Ислам, Ақжелең
Ислам: Бастаймыз ба?
Аружан: Нені?
Ислам: Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды бастайық!
Аружан: Бастасақ бастайық.
Ислам: Алдымен амандасуды ұмытып кетпейік.
Аружан: - Жоқ, біз еш уақытта амандасуды ұмытпаймыз.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар!
5 «А»сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай «Байрақ елім - Қазақстан» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіз Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін тексеру. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді

1топ - «Жас Қыран», 2 топ - «Жас ұрпақ» Оларды Әділқазылар алқасы бағалайды Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең - Тарих беттері

2 кезең - Тәуелсіздік рәміздері

3 кезең - Мақал-мәтелдер.

4 кезең - Грамматика әлемінде

5 кезең - Қазақстанның басты қалалары

Ислам: Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 21 жыл да болып қалыпты

Аружан: Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.
Ислам: Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.
Аружан:Абылай заманы - батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.
Ислам: - Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
Аружан: - Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.
Ислам: - 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
Аружан: - Бұл - теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

Аружан:


Қазақстан арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.

Аңсаған азаттықты ұлы халық,

Бостан күнге жеткенді белі талып.

Бет түзеп өркениет ауылына,

Арманның алаулайды шамын жағып.

1992 жыл - Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.


-1993 жыл - 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
- 1994 жыл - мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
-1995 жыл- 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
- 1996 жыл- 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.
- 1997 жыл- «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды.
- 1998 жыл- 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
-1999 жыл- 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
- 2000 жыл- «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Түркістанға 1500 жыл толды.
- 2001 жыл - 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
- 2002 жыл. «Денсаулық жылы» жарияланды.
- 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» жарияланды.
- 2004 жыл- «Қазақстан - Ресей» жылы болды.
- 2005 жыл- Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
- 2006 жыл- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
- 2007 жыл- «Қазақ тілін қолдау» жылы.
- 2009 жыл- елімізде халық санағы ұйымдастырылды.

- 1999 жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы Астанада Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді.

- 2011 жыл қысқы АЗИАДА - болды. Киелі қазақ жері осындай атаулы оқиғалардың куәсі болып отыр.

-2012 жылы Лондон қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтті. Біздің спорт чемпиондарымыз бүкіл әлемге Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін танытты. «Бірлігі жарасқан еліміз тек биіктен көріне берсін! Алға, Қазақстан! Жаса, Қазақстан!»

1 кезең Тәуелсіздік рәміздері

10

20

30

40

10

20

30

40

10

20

30

40

1. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл) -20

2. Ән ұран авторы кімдер?(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов)-10

3. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу)- 30

4. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)-10

5. Байрақта не бейнеленген? (күн, қыран, өрнек) -20

6. Байрақ авторы кімдер? (Шәкен Ниязбеков)-10

7. Қай жылы тұңғыш Президент сайланды?(1 желтоқсан 1991 жыл) -30

8. Қай жылы Тіл туралы Заң қабылданды? (11шілде 1997)- 40

9 Қай жылы ҚР-ның Ата Заңы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)-20

10. ҚР Негізгі заңының 7 бабы не туралы? (мемлекеттік тіл туралы)-30

11 ҚР-нда қандай білімді міндетті түрде әр азамат алу керек? Бұл қай бап?- 40

12. ҚР Негізгі заңының 34 бабы не туралы? (Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.

Әркім ҚР рәміздерін құрметтеуге міндетті) - 40

2 кезең Слайд «Қазақстан бүгін»

Мақал мәтелдің бірінші бөлігін айтамын, сіздер екінші бөлігін табасыздар

1. Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

2. Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

3. Хан тірегі - ...(халық)

4. Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

5. Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

6. Батылдық - рухы күшті ...(адамдар қасиеті)

7. Күш - білімде, ...(білім - кітапта)

10. Есепсіз не... жоқ? (ақша)

11. Байлықтың атасы - ...(еңбек)

12. Әркімнің өз жері... (жұмақ)

3 кезең Грамматика әлемінде.

«Болашақ» және «Мақтаныш» сөзін септеп шығыңдар

4 кезең Қазақстанның басты қалалары

Суретпен жұмыс. Слайдта көрсетілген ғимарат қалай аталады және ол қай қалада орналасқан?

Суреттер: Ақорда, Бәйтерек, Кенесары ескерткіші, Медеу, Қазақ елі монументі, «Қазақстан» қонақ үйі, Әлия М. ескерткіші , Хан шатыры, Абылайхан ескерткіші (Көкшетау)

5 кезең Өнер Әр топ өз өнерін көрсетеді

Абай Құнанбаев «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»,

М. Мақатаев «Қазақ жері»

Аружан: Н.Назарбаев Әбішұлының сөзімен жазылған «Елім менің» атты әнін 5 «А» сыныбы орындайды.

Ислам:

Тұнық көл, сырнайлы өзен, пүліш жері,

Жасантқан ұрпағының күміс тері.

Елбасы Нұрсұлтандай бастап бүгін,

Үмітін үкілейді қазақ елі.

Айналдым, Қазақстан бостан елім,

Қашанда ашық болсын қыран көгің!

Алатын асқарларың тұғырлы боп,

Шыңдарға қонақтасын шығар шебің.

Намысы еліміздің берік болсын,

Сертке жанған сенімің серік болсын!

Мәңгілік баянды боп тәуелсіздік,

Қыдыр бағың басыңа келіп қонсын!



Қонақтар, ұстаздар,

ата-аналар, оқушылар!

Ел Тәуелсіздігінің 21 жылдық мерекесіне арналған «Байтақ елім-Қазақстан» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды.

Сайыс қорытындысы. Бағалау

Үйге тапсырма: Өз ауылыңыз туралы суреттеп жазыңыздар.








© 2010-2022