Ел деп өткен ер Сайын тақырыбындағы таным сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін «__»________

Маңғыстау АБҮО қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері

Д.Ж. Ақжанова _________

Ел деп өткен ер Сайын тақырыбындағы таным сағаты

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.

«Маңғыстаунама-2015»

облыстық үздік тәрбие сағаты байқауы

Бағыты: Рухани-адамгершілік тәрбие

Тақырыбы: Ел деп өткен ер Сайын

Өткізген: Шетпе лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Корганбаева Ардак Куанишовна







Ақтау, 2015 жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы: ЕЛ ДЕП ӨТКЕН ЕР САЙЫН

Тәрбие сағатының мақсаты: Саясаткер, қоғам қайраткері -Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың тұлғасын оқушыларға таныту; ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, ұлттың абыройын асыруға, ана тілді ардақтауға қызмет еткен аяулы азаматтың еңбек жолын үлгі ете отырып, оқушыларға рухани тәрбие беру. Өлкеміздің асылдарын таныту арқылы бойына азаматтық қасиет қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар қоғам қайраткері жайында ізденеді, бөліседі, ойларын ашық, еркін айтады.

Сабақтың түйіні: Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.

Тәрбие сағатының өткізу түрі: таным сабағы.

Тәрбие сағатын өткізу әдістері: АТК-ны қолдану, диалог, кластер әдісі, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Көрнекіліктері: слайд, буклет, қанатты сөздер, бейнероликтер

Қызығушылықты ояту. Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу. («Ер есімі - ел есінде», «Нар тәуекел - ер ісі», «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»)

Ой қозғау. (5минут)

  1. Мақал-мәтелдер не жайында?

  2. «Азамат», «ер» деген кім? Мақал-мәтел айтыңдар

  3. Ел есіндегі өлкеміздің қандай тұлғаларын білесіңдер?

«Маңғыстау» өлеңі Сабыр Адай

  1. Сондай-ақ биыл 2015 жыл еліміз үшін қандай тарихи жыл?

(Қазақ хандығына - 550 жыл, Ассамблеяға - 20 жыл, Ата Заңымызға - 20 жыл, Абайдың туғанына - 170, өлкемізде Пір Бекеттің туғанына 265 жыл және қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың 75 жылдығы) (бейнеролик )

  1. Сайын Шапағатов кім?

"Ол өзінің аз ғана өмірінде бүтін бір ұрпақтың жүрегінде өшпестей

із қалдырған, өз халқына қызмет етуде барлықжаңалықтар мен

жақсылықтар үшін үлгі болған үлкен тұлға".

Әбіш Кекілбаев

Қайраткер, көрнекті тұлға, ұлтшыл, демократ,халық қалаулысы Сайын Нәдірұлы Шапағатов (1940-1991) 1940 жылы Гурьев облысының Форт-Шевченко ауданына қарайтын Тельман аулында дүниеге келді. Бала - Сайын оқушы кезінен-ақ алғыр, қоғамдық істерге белсене араласып, болашағынан үлкен үміт күттірген шәкірт болды. Мектепті үздік бағамен бітірген соң, 1957 жылы Алматыдағы тау-кен институтына түсті. Институтта оқып жүргенінде ол өзінің білімдарлығымен, еңбекқорлығымен көзге түседі. Жаңа игеріліп жатқан Қазақстан тыңына барған кезіндегі жалын атқан жанқиярлық еңбегі жоғары бағаланатын, 1958 жылы тау-кен институтының 2-курс студенті Сайын Шапағатов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының Республика Министрлер Кеңесінің және Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің құрмет хатымен наградталды. 1962 жылы институтты бітіріп, Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен комбинатында жұмысқа кіріседі. Бұл шындығында да екінің біріне көрсетіле бермейтін зор құрмет еді. 1971 жылға дейін мұнай саласында оператор, жер асты жөндеу жұмыстарының шебері, учаске бастығы, Өзен, Жетібай кеніштерінде «Маңғышлақнефть» бірлестігінде инженерлік жұмыстарды болды. Мұнай саласының жетік маманы ретінде қалалық, облыстық дәрежедегі марапаттаулармен және КСРО Мұнай министрлігінің құрмет грамоталарымен наградталды. 1971 жылдан 1977 жылға дейін Жаңаөзен қалалық және Маңғыстау облыстық партия комитеттерінде өндірістік - транспорт бөлімдерінде істейді. 1977-1980 жылдар аралығында «Маңғышлақнефть» бірлестігінің партком хатшысы, 1980-84 жылдарда кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1984 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін осы бірлестіктің құпия бөлімін басқарды.

«Ассоциация» әдісі - С.Шапағатовтың бейнесін жасау. (10мин)

Сайын - күрескер, сасаткер, қоғам қайраткері, өнерпаз, өнертанушы, мұнайшы, ұлтшыл.

Даналық сөзден дән ізде. Мақал-мәтелдер. (2 минут)

Ой бөліс. Топтық жұмыс (7минут)

1 топ: Салиқалы азамат - Сайын Шапағатов («Парасат» қоғамының құрылу себептері мен алғышарттары)

2 топ: Ел қамын жеген ер - басшы. («Парасат» қоғамының алдына қойған негізгі мақсаттары)

3 топ: Ізет пен ізденістің шынары («Парасат» қоғамының атқарған жұмыстары)

Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды.

Туған жер мен өзіңмен өзектеспін, Ерсің қазақ деп соққан жүрегі.

.......................................................... .....................................................

Сайын хақында...

Айша Айтжанова: Қазақтың әйел-қыздарының сол митинг кезіндегі бір ерлігі - жастардың тыныштығын сақтады. Бұл Сайын ағаның ақылдылық, данышпандық қасиетін танытты. Жастар митингіге шығып, топталып тұрғанда әйел адамдар ту сыртынан қоршап, ана ретінде: «Балаларым, тентек болмаңдар, қателікке бармаңдар, ішпеңдер. Келеңсіз нәрсеге бармаңдар. Арандап қалмаңдар. Сонда ғана сендердің талап-тілектерің орындалады» деп әр ана жастарға келіп әлсін-әлсін хабарлап, сабырға шақырып тұрды.

Ақын Темірхан Медетбек: Мен Сайынды қазір ел-жұрты бағалап, ауыл, көше, мектеп пен балабақша атын беріп, ұлықтап жатқанына, елдің рухының өлмегеніне, асыл азаматты еш уақытта ұмытпайтынына қатты ризамын. Сайын Шапағатов - жалғыз Маңғыстаудың ғана емес, күллі қазақтың асыл перзенті. Өмірінің соңына дейін күреспен өткен адам. Сол Маңғыстауда көрсеткен күресі арқылы барлық басқа аймақтарға үлгі-өнеге бола білді. Өйткені «Парасат» қозғалысы құрылғанда басқа жерлерде ондайлар мүлде жоқ еді. Ол Тәуелсіздікті соншалықты аңсады. Бірақ оған санаулы күндер ғана қалғанда көз жұмды. Оған дейін аянбай, тынымсыз жұмыстар жүргізді. Сондықтан Сайын Шапағатов Қазақстанның есейіп, ұлттық рухының көтерілуіне көп еңбек еткен адам деп білемін. Тарихи тұлға!»

Жаздырхан Сейдәлиев

Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, ұлтының, Отанының патриоты, демократ Сайын Шапағатов туралы сұрай қалсақ кім-кімнің де рухтана, тебірене, күрсіне сөйлейтініне куә болдық. Сірә, ұлты ұлықтайтын ұлдар осындай болса керек...

Бүгінде Сайын ағаның есімімен өзі туып-өскен ауылы, ондағы жаңа мектеп және Ақтаудағы бір қазақ балалар бақшасы аталады. Бесіктен белі шыққан балалар мен оқушылар, жалпы ауыл халқының аузындағы абзал азамат күллі елінің есінде де ескерусіз қалмайды. Өйткені ол халқының Сайыны еді!

Ағлен Таласбаева

Кешегі оқиға - бүгінгі тарих. Біздің Тәуелсіздігіміз - сол сан ғасырлық тарихымыздағы толағай табысымыз. Барға - тәубе, өткенге - салауат. Сондықтан осы жолда есесі кеткен елдің еңсесін көтеру үшін «елім» деп еңіреп өткен есіл ерлердің есімдерін есімізде жаңғыртып отырмақ лазым.

Ойтолғаныс. Бүгінгі сабақта... Түйін. Ұсыныс

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазақстан демократиялық саяси ұйымдарының көшбасшы қайраткерлерінің ірі тұлғасы, «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының тұңғыш төрағасы - Сайын Нәдірұлы Шапағатов қысқа, қиын - мәнді өмірінде қарапайым мұнайшы-оператор, комсомол, кәсіподақ, партия қызмет жолдарынан өтіп, ірі саяси тұлға, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.

Ол бар болғаны 51 жыл өмір сүрді. Бірақ, оның жарқын бейнесі, тындырған істері, көтерген мәселелері ел азаматтарының, саяси серіктерінің, халқының есінде мәңгі сақталады деп анық та нық айтуға болады.













Сайыным сардар еді,
Толысып өскен кемелді,
Ақыл, парасат, кең ойлы,
Тілге шешен, беренді,
Елім ддеп өтті арадан,
Ел қамы кетпей санадан.
Қоғам құрып "Парасат",
Бастап халқын аламан,
Әділдік, теңдік орнатып.
Ел басшыларына қолдатып,
Ел есінен кетпестей,
Жол салып өтті сарадан.
Ақберен еді арынды,
Білімі терең дарынды.
Ел қамын көксеп езіле,
Кұш-жігер салып сабылды.
Тарихты жетік білгеннен,
Ел мұңын анық көргеннен,
Қамы үшін елдің қайыспай,
Қиюға жанын жөн көрген.
Азамат еді-ау ақиық,
Азап шегіп сенделген.







Ел едік көп түспеген жат құрығы,

Баянды болғайдағы Бақ-тұғыры.

Келеді Күй-керуеннің Туын ұстап,

Жасасын - Адай күйі, Ат дүбірі!

«Адай» күйі

Ұласқан ұрпақтарға өнегесі. (Сайын туралы естеліктер. Оқушыладың өз туындыларын оқуы) Сайын ағамыз ылғи да қоғамдық, саяси мәселелерде қандай да бір қолға алынған немесе орайлы орындалған алуан түрлі игі істердің басы-қасында жүрген. Ол халықтар достығы, өзге ұлттар өнері, оның дамуы үшін көп еңбектенген.

Маңғыстаулық ақындарының өлеңдері оқылады.

Ойтолғаныс. Бүгінгі сабақта... Түйін. Ұсыныс

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазақстан демократиялық саяси ұйымдарының көшбасшы қайраткерлерінің ірі тұлғасы, «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының тұңғыш төрағасы - Сайын Нәдірұлы Шапағатов қысқа, қиын - мәнді өмірінде қарапайым мұнайшы-оператор, комсомол, кәсіподақ, партия қызмет жолдарынан өтіп, ірі саяси тұлға, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.

Ол бар болғаны 51 жыл өмір сүрді. Бірақ, оның жарқын бейнесі, тындырған істері, көтерген мәселелері ел азаматтарының, саяси серіктерінің, халқының есінде мәңгі сақталады деп анық та нық айтуға болады.







Сайын хақында...

Совет ТАТАНБАЕВ: Өзен оқиғасы кезінде мен Шевченко қалалық атқару коммитетінің бастығымын. Ол жақтағы болып жатқан жағдайға байланысты әскерлер әкелінді, оның барлығы сонда Шевченко қаласы арқылы өтті. Содан облыс орталығына жан-жақтағы елді мекендерден келген адамдар жиналды. Шеруге шықпақшы болды. Сол кезде Сәкең (С.Шапағатов - Б.Ж.) менің тікелей телефонымды білетін, маған айтады: «Көріп тұрсың, халық жиналып жатыр. Сен бізге шеру ұйымдастыруға рұқсат бер?» Мен айтам: «Айналайындар-ау, мен қалай рұқсат беремін?! Оны Алматы да бере алмайды. Мәскеудің шаруасы. Оған он күн бұрын арыз беру керек...

Соған қарамастан ашуға мінген халық жинала бастады. Оған қоса Жетібай мен Құрықта да көтеріліс болып кетті, шынын айтқанда. Әр нәрсені енді өз атымен атау керек...»

Айша АЙТЖАНОВА: Қазақтың әйел-қыздарының сол митинг кезіндегі бір ерлігі - жастардың тыныштығын сақтады. Бұл Сайын ағаның ақылдылық, данышпандық қасиетін танытты. Жастар митингіге шығып, топталып тұрғанда әйел адамдар ту сыртынан қоршап, ана ретінде: «Балаларым, тентек болмаңдар, қателікке бармаңдар, ішпеңдер. Келеңсіз нәрсеге бармаңдар. Арандап қалмаңдар. Сонда ғана сендердің талап-тілектерің орындалады» деп әр ана жастарға келіп әлсін-әлсін хабарлап, сабырға шақырып тұрды.

Темірхан МЕДЕТБЕК, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

«Осы бір дүмпу, осы бір дүбіліс, осы оқиғадан кейін жаңа бір қоғамдық ойды арқалай алатын, халықтың сөзін айта алатын, халықпен бір екенін көрсете алатын, ондай азаматтардың зиялы қауымның да ішінде бар екенін дәлелдей алатын қоғамдық ұйым дүниеге келу керек болды. Оны Сайын Шапағатов алып келді, «Парасат» деп атады. Біз бұрын да бір-бірімізді білетінбіз, сәлемдесетінбіз, одан артық тығыз қарым-қатынасымыз жоқ болатын. Маған айтты «Бізге қосыласың ба? Келесің бе?» деп. «Неге бармаймын? Барамын» дедім. Содан бастап біз өте жақын жағдайда қарым-қатынаспен жұмыс жасадық. Қандай қоғамда да оқшау адамдар болады. Оқшау пікірдегі адамдар. Оқшау ойлай алатын, басқалардан түйсігі бөлек жандар болады. Ол сондай еді. Ал ондайларға еш уақытта да белгілі бір қалыпта, белгілі бір жүйеде жұмыс істей беру жақпайды. Оқшау адамның сөзі де, өзі де, ойы да, тіпті қимыл-әрекеттері де, талабы да, түсінігі де өзге. Олар қасаң қағидалы кісілерге тосын ғана емес, оғаш боп көрінетін. «Бүйректен сирақ шығарып» жүретін, бір бәле ойлайтын, көп әрі тартқанды бері тартатын қырсық, оңбаған көрінетін ол кезде. Маған келіп кейбір ағаларымыздың айтқандары да бар (аттарын атамай-ақ қояйын): «Ойбай, Сайынның қасында неғып жүрсің? Сенің беделің кетеді. Әлі жассың. Одан да өз жұмысыңды білсең қайтеді? Ол өзі сондай адам» деп... Әрине, олар да маған шын мәнінде жаны ашып айтып отыр. Өйткені олар да алдыңғы айтқанымдай қалыпта өмір сүріп қалғандар. Оларды да түсінуге болады. Сол кездегі құлдық психологияға әбден бейімделіп қалғандар. Сонымен уланған. Етінен өтіп, сүйегіне жеткен. Мен бірақ оларды тыңдаған жоқпын, бірден Сайынның қасынан табылдым. Бірге жұмыс істедік. Ол енді өте қайсар, білімді еді. Әншейін бір «атымды шығарайын, көрініп қалайын, сөйтіп бедел мен абыройға ие болайын» деген пасық пиғылдан аулақ болды. Қайта сол жүйеге жақпай, көп қуғын-сүргін көрді. Денсаулығына нұқсан келтірді. Жүйкесі тозды. Сонда да қайтқан жоқ. Ол өте қайсар, білімді, шын мәнінде парасаты мол еді (кезінде бұлай мойындалған жоқ, әрине). Сол кездегі басшылықты тыңдата білді. Сайын бастаған біздер талап етіп барған жиындарымызда шенділер тайсақтап шыға келетін. Мейлі, біздің айтқанымызды істемесін, кері жасауы мүмкін, бірақ тыңдайтын, мойындайтын. Содан барып көптеген мәселелерге дұрыс қарай бастады, амалы жоқтықтан. Кейбіреулері түсінгендіктен. Олар да адам ғой, бәрі халыққа жау деп көрсетуге болмайды. Олардың ішінде де нағыз азаматтар, халыққа жаны ашитындары болды. Сондықтан олардың бәрін жоққа шығарып, «шетінен оңбаған еді, біз ғана жақсы едік» демеймін. Бірақ жүйе жібермеді ғой. Егер олар кетсе орындарына мүлде басқа, тіпті қаскүнем адамдарды қоюы мүмкін еді. Мәселен, Нәсіпқали Марабаевтар кез келген істе түсіністікпен қарайтын. Сонда тек оқшаулығымен ғана емес, өзінің көшбасшылығымен, өзінің көрегендігімен, шешендігімен көзге ең алдымен Сәкең түсетін. Бәрімізден жоғары тұрды. Біз оның орындаушылары болдық. Мәселен, Ақтау қаласының атын алып беруде, қазақ мектептерін ашуда, өлке табиғатын қорғау тұрғысында, руханият жолында, ел-жұрттың әлеуметтік мәселелері дейсіз бе, шемішке шаққандай етіп талдап көрсететін. Дабыра қылмайтын, қазір біреулер дұрыс емес нәрсені даурықтырып ала жөнеледі, оның дұрыс еместігін мен де білемін, сен де білесің, көріп тұрсың. Бірақ оны сараптап, әбден талдап, түсіндіріп, бүкіл фактілерді алға тартып көрсетіп беретін адам некен-саяқ қой. Әлі де солай, көбі дабырамен жүр. Дәлелдеп, шешімін айтатын, талап ететін мәселелерде адам сауатты болуы керек. Саяси сауатты болу керек. Ол кезде менің Сайынның деңгейіндегідей сауатым болған жоқ, ілімім болған жоқ. Өйткені ол әбден дайындалған жігіт екен. Өмір бақи дайындалған. Не бір білгіштеріңіздің аузын аштырмайтын. Әкім Феодор Новиковтер үндей алмай қалатын. «Сайын Надирович, осындай да осындай.., орнына келтіреміз.., әлі де пысықтаймыз» деп бүгежектеп, жалтарма сөздермен құтылып кететін. Ондайға талай куә болдым.

Мен Сайынды қазір ел-жұрты бағалап, ауыл, көше, мектеп пен балабақша атын беріп, ұлықтап жатқанына, елдің рухының өлмегеніне, асыл азаматты еш уақытта ұмытпайтынына қатты ризамын. Сайын Шапағатов - жалғыз Маңғыстаудың ғана емес, күллі қазақтың асыл перзенті. Өмірінің соңына дейін күреспен өткен адам. Сол Маңғыстауда көрсеткен күресі арқылы барлық басқа аймақтарға үлгі-өнеге бола білді. Өйткені «Парасат» қозғалысы құрылғанда басқа жерлерде ондайлар мүлде жоқ еді. Ол Тәуелсіздікті соншалықты аңсады. Бірақ оған санаулы күндер ғана қалғанда көз жұмды. Оған дейін аянбай, тынымсыз жұмыстар жүргізді. Сондықтан Сайын Шапағатов Қазақстанның есейіп, ұлттық рухының көтерілуіне көп еңбек еткен адам деп білемін. Тарихи тұлға!»

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы

Батыстың жігіттерінде бір ерекшелік бар өзі. Ол ана Атырау, Орал немесе Ақтөбенің жігіттері болсын, Маңғыстау өз алдына, оларда баяғы «Алаштың» басшыларына тән қайсар мінезді қасиеттер кездеседі, байсалдылық та бар, әрине. Біздің Оңтүстіктің жігіттеріне қарағанда олардың іскерлігі басымдау түседі. Нақты жұмыстарға келгенде біздердің кей кездерде артық сөзіміз көп болады. Бәрін айт та бірін айт, менің ең ерекше есімде қалғаны - Сәкең «Парасаттың» атын сақтап қалуға тырысты. Себебі басқа облыстардағы осындай ұлттық бағыттағы ұйымдардың бәрі «Азаттың» атын қабылдады. Тіпті алғашқы ұйымдардың қатарындағы Ақтөбенің «Алдаспаны» да «Азатқа» айналды. Тек «Парасат» қана өзгерген жоқ, ол кейін өз нәтижесімен ерекшеленіп жүрді. Өйткені Маңғыстаудың өзі бөлектеу бір мекен, халқының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Солар осы ұйымның келешектегі жұмысына ұйтқы болған болуы керек.

Сайын ағамыздың өзі де замандастарына қарағанда көптеген айқай-шудан, ішкі тістесулерден аулақ жүретін-тұғын. Одан жоғары тұратын. Соны байқадық.

Үшіншіден, әрине, ол ксі сол уақыттағы партия және атқару билігінде істегеннен кейін біздердегідей эмоцияға беріліп кету емес, нақты мәселеге көбірек қарайтұғын еді. Содан да болар, олар талап еткен нәрселердің өзектілігі соншама, әлі күнге дейін соның біразы жүзеге аспай, енді ғана күн тәртібіне қойылып жүргені - бәріміздің көз алдымызда.Сол уақыттағы Маңғыстау түбегінің ғана емес, тек Ақтаудың ауқымында емес, менің ойымша, Сайын Шапағатов өз кезеңіндегі қазақтың алғашқы ұлтшыл-демократтарының бірі болды.Сайын ағамның өзінің мұнай туралы, мұнайшылар жайында, Қазақстанның жер асты байлығы туралы кішкентай кітапшасы болды, қолында сонысы бар. Елдің, жердің байлығы, ұлттың рухани байлығы, жоғы мен бары, мемлекет мүддесі жөнінде керемет әңгімелер айтты. Айта-айта келіп, сөзінің соңында «біз тәуелсіздікті тезірек алуымыз керек. Ұлт соған дайын болуымыз керек. Ұлан-ғайын жерді аз ғана халық өз бірлігімен, білім-білігімен игеретін кез келді» деген бағытта шешіле сөйледі. Ол тек қана эмоцияның, сезімнің адамы емес, білікті саясаткер ғой. Соның бәрін жан-жақты қамтып айтты...Ол сонымен қатар Мәскеуге, халық депутаттарының съезіне, Колбинге үсті-үстіне телеграммалар жіберіп, ел ішіндегі ахуалды, бұқара жұртшылыққа қатысты үрдістерді баян етті. Онда ядролық қаруды сынауды тоқтатуды, қазақ жерінде жапа шеккен Арал, Балқаш, Каспий, Орал өңірін құтқару жұмыстары жөнінен мәселе қоюға шақырған үндеулерді қызу қолдаған. Ең бастысы - Маңғыстау өңірінің экологиясы, әлі күнге дейін зарарсыздандырылмай келе жатқан улы көл, атом электр стансасының қауіпсіздігін қамдау сияқты проблемалар көлденең қойылған.Ашық карьер Маңғыстаудың ауа-райын бұзды. Ең сорақысы - уран өндірісіне кедергі келтіреді деп төбемізге келген бұлттың өзін тарату мәселесі тұрды. Оны әдейі атып, жаңбыр жауғызбайды. Онсыз да жауын-шашыны аз өңірге осындай қасақана қиянат жасалды. 1991 жылы Маңғыстау облысының қайта құрылу салтанатты жиналысына келген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Парасат» қозғалысы және оның төрағасы Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың қоғамдық жұмыстарына жоғары баға беріп, болашақта облыс басшылығының «Парасат» қозғалысы облыстық Кеңесімен санаса-ақылдаса отырып, облыстық деңгейдегі мәселелерді бірлесіп шешу қажет екенін айрықша айтқаны ел есінде. Бұл «парасаттықтар» үшін, жалпы жұртшылық үшін алдағы толағай табыстарының басы болды, оларға ерекеше серпін берді.

Зейнолла Алшымбаев:

«Сәкеңнің саяси танымы, ұстанымы - халықтар арасындағы келісім. Соны нығайту. Өкінішке орай, оны өз тұсындағы көптеген басшылар түсіне алмай жүрді. Мен 1990 жылы облыстық партия коммитетіне ??? екінші хатшы болып келген кезімде «Парасат» қоғамының көптеген жиындары өтіп жатты. Мәскеуде қызмет жасап, Сібірдің қиыр шығысының көптеген облыстарында болып, демократияның ортасынан келгеннен кейін біздің еліміздегі, өз өлкеміздегі сол кезде әлі де құрсауы қатты кеңестік тәртіптің ықпалы күшті екенін ерекше сезіндім. Сол «Парасат» қоғамының шақырған жиындарына, өздерінің күн тәртібін алдын ала хабарлағанына қарамастан облыстағы көптеген басшылар барудан бас тартатын, терезеден қарап тұратын. Солар жиналып алып бірнәрсе бүлдіріп жатқандай аңдитын. Шындығында, ол жерде халықтың өкілдері шығып, халықтың мәселелерін көтеріп жататын. Солардың ең үлкені - Маңғыстау жастарының сол кездегі Каспий аймақтық үлкен комбинатта (ПГМК - Б.Ж.) қызмет жасауы. Себебі қаланың негізгі өнеркәсіптерінің бәрі солардың қолында. Оған қазақ жастарының жұмысқа орналасуы қиын еді. Бұл енді басы ашық шындық. Оны да алғаш көтерген Сәкең».

Темірхан Бисенқұлы

«Сайын Шапағатов ағамызбен 1985 жылы спорттық шараларды өткізу жөніндегі бір жиында кездесіп, танысып, кеңескенбіз. Бұрыннан да сырттай білуші едім, оның сондағы айтқаны: «Келешек жастарымызды, әсіресе, қазақтардың балаларын дені сау, рухы биік, отанын қорғайтындай етіп тәрбиелеу үшін спорт керек». Содан біз көп ұзатпай қазіргі «Динамо» спорт сарайында қазақша күрестен жарыс өткіздік. Оған облыстағы қала, аудан, облыстардан келген жаттықтырушылармен жиын құрдық. Онда да сол мәселе айтылды. Ол кісі «Қазақ күресі» деп сөйлейтін, осы ұлттық спорт түріне ерекше ден қойды. Жеткіншектеріміз шет елдерге шығарде немесе республикалық жарыстарға аттанарда батасын беріп, жігерлендіріп кететін. Келген соң да жеңімпаздарды құттықтап, жалынды сөздерімен рухтандырып қоятын».

Иран қазақтарын қонаққа шақырып, футболдан жолдастық кездесу өткізу мақсатымен оларға да Атамекенге оралуын насихаттайтын. Марқұм Мұстафа Өзтүрікті де Маңғыстауға мейман қылып шақырып, қошемет-құрметін көрсеткен еді.

...Болатбек Түгелбаев, журналист

Сайын аға 1991 жылы 1 желтоқсан күні ауыр науқастан кенеттен қайтыс болды. Марқұмның жаназа намазы өзі алғаш қазығын қағып, ықпал етіп салдырған Бекет ата мешітінде оқылды. Облыстық жерлеу комиссиясының шешімі бойынша бір сағатқа ғана берілген қоштасу рәсімі үш сағатқа созылды. Қалың ел арыс азаматымен қимай қоштасты. Табиғаттың бір ғажабы - сол күні халықпен бірге көк аспан да көз жасындай ақ жаңбырын себелеп алды. Желтоқсанда жылы жаңбыр жауу - Маңғыстау күн райында сирек болатын құбылыс еді. Оны жиылған жамағат та жақсылыққа жорып жатты.

Жаздырхан Сейдәлиев

Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, ұлтының, Отанының патриоты, демократ Сайын Шапағатов туралы сұрай қалсақ кім-кімнің де рухтана, тебірене, күрсіне сөйлейтініне куә болдық. Сірә, ұлты ұлықтайтын ұлдар осындай болса керек...

Бүгінде Сайын ағаның есімімен өзі туып-өскен ауылы, ондағы жаңа мектеп және Ақтаудағы бір қазақ балалар бақшасы аталады. Бесіктен белі шыққан балалар мен оқушылар, жалпы ауыл халқының аузындағы абзал азамат күллі елінің есінде де ескерусіз қалмайды. Өйткені ол халқының Сайыны еді!

Маңғыстаулық ақындарының өлеңдері оқылады.

Рефлексия. Бүгінгі сабақта...

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазақстан демократиялық саяси ұйымдарының көшбасшы қайраткерлерінің ірі тұлғасы, «Парасат» қоғамдық-саяси демократиялық қозғалысының тұңғыш төрағасы - Сайын Нәдірұлы Шапағатов қысқа, қиын - мәнді өмірінде қарапайым мұнайшы-оператор, комсомол, кәсіподақ, партия қызмет жолдарынан өтіп, ірі саяси тұлға, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.

Ол бар болғаны 51 жыл өмір сүрді. Бірақ, оның жарқын бейнесі, тындырған істері, көтерген мәселелері ел азаматтарының, саяси серіктерінің, халқының есінде мәңгі сақталады деп анық та нық айтуға болады.





Маңғыстау - машайықтың басқан жері,

Талаптың таудай өрлеп, тасқан жері.

Жер жүзін желмаямен жеті айналып,

Ауғанға Асан бидің асқан жері...

...Ер Шотан шұбар атын сыйға тартып,

Ас беріп, Адай туын тіккен жері..»

(Түмен БАЛТАБАСҰЛЫ).

Өскен жұрт-ұлан байтақ жер егесі,

Ұласқан ұрпақтарға өнегесі.

Маңғыстау - қасиетті, киелі орда,

Әуелден кең жайылған керегесі.

Маңғыстау өлкесін танытқан небір жүйріктер мен асылдар жетерлік. Атап айтсақ, Есенғали Раушанов Светқали Нұржанов, Сабыр Адай, Анар Шамшадинова, Мэлс Қосымбаев, Нұрлан Мұсаев, Ғалым Әріп, Айсырға Қилыбаева, Көмек Ыбыраев, Гүлжауһар Сейітжан, Әбіш Кекілбаев, Сайын Назарбек, Рза Оңғарбай, Әзірбайжан Қонарбаев, Бірғали Байекеев,Темір Мыңжас, Маршал Әбдіхалықов, Мекерия Атымов, Берекет Жұмалиев, Нұн Жұбаев, Шоқыр Бөлтекұлы, Қыдырбай Тұрмағанбетұлы.

Ел едік көп түспеген жат құрығы,

Баянды болғайдағы Бақ-тұғыры.

Келеді Күй-керуеннің Туын ұстап,

Жасасын - Адай күйі, Ат дүбірі!

Дүние-базар, алмасқан алшы, тәйкісі,
Рухын сыйлар, азат ойыңның тамшысы.
Жеті жұлдыздай сәулелі жырын төгіп тұр,
Аңызға айналып «Адайдың жеті қайқысы

Тастемірдің әніне кезек береміз. «Маңғыстау» Орындайтын: 8«ә»-сынып оқушысы Баулы Медет

Аз ғана өмірінде бүтін бір ұрпақтың жүрегінде өшпестей із қалдырған, өз халқына қызмет етуде үлгі болған.

Әбіш Кекілбаев

Халқына қызмет ету.

Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтіріп,

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп.

Жеріне тартып отырады екен моншақтап жасы, боздаумен,

Омырауын шерге толтырып!

Т. Айбергенов

Ақтау атын қайтарып алу

Жанартаулардай, лапылдап отты алауларың,

Жанары жасық жандарды жасқандырып!

М.Отаралиев

Ата қоныс - ар үшін, әке мен бала, жар үшін, арыдан қалған із үшін, артынан туар біз үшін.

С.Адай









Өстім қырда, қиырда,

Естімей орман шуылын.

Жүзімді қақтап құйынға,

Селеудің тыңдап суылын.

Теңізден шетпін бұрқақты,

Тәнімді толқын көмбеді.

Сусай қалсам, су тарттым

Шыңыраудан шөлдегі.

Тақырға асық иірдім,

Құмақта қудым қозыны.

Күн жеп қойған киімнің

Иықта кеткен тозығы.

Қиып та кеткем қиясын,

Шағылын, тауын, обасын,

Шағынып тамған көз жасым

Бабамның қара моласын.

Сол кеткеннен мол кеттім,

Бармаған жерім қалмапты.

Ай сайын алыс жол шектім,

Шар тарапты шарлаппын.



Қырымнан көріп қиянды,

Ұрымнан танып ұяңды,

Бұлағыңды ойлап мұхитта,

Құрағыңды ойлап хан бақта,

Самғатқам сансыз қиялды.

Құландар жортқан құба дөң,

Қиырыңда әбден талықтым,

Өзіңе берген уәдем -

Өзекті өртеп, қамықтым.

Жүресің, ылғи есімде

Өзіңнен жүрек босамай.

Құлын боп ойнап төсіңде,

Боздармын шетте ботадай

Өзгенің мұнда ісі не?

Өзің, сірә, ұғарсың.

Пейіште де түсіме

Сен кіретін шығарсың.









Көнерген күнде күйлерден көбік шаштырған

Бабама сен бе ең сексеуіл шоғын бастырған?

Сол үшін сенің жоныңды сансыз бұрғылап,

Сол үшін сенің көзіңді шайдай аштырғам!

Маңғыстау, қойтастарың - жүрегімдей,

Мұнараң - жалы жалын күреңімдей.

Аспаным - Адайлардың көкірегі,

Құс жолы - Көкмойнақтың шідеріндей

Маңғыстау өлкесін танытқан небір жүйріктер мен асылдар жетерлік. Атап айтсақ, Есенғали Раушанов Светқали Нұржанов, Сабыр Адай, Анар Шамшадинова, Мэлс Қосымбаев, Нұрлан Мұсаев, Ғалым Әріп, Айсырға Қилыбаева, Көмек Ыбыраев, Гүлжауһар Сейітжан, Әбіш Кекілбаев, Сайын Назарбек, Рза Оңғарбай, Әзірбайжан Қонарбаев, Бірғали Байекеев,Темір Мыңжас, Маршал Әбдіхалықов, Мекерия Атымов, Берекет Жұмалиев, Нұн Жұбаев, Шоқыр Бөлтекұлы, Қыдырбай Тұрмағанбетұлы.

Адай күйі

Болмасын, салтың -талау, әнің ғайып,

Есен бол, Есіл, Нарын, жаным-Жайық!

Үш жүздің ақ төріне күй дарытқан,

Өлмейді - Құрманғазы Сағырбаев!!!













Құрметті ұстаздар!

Өлкеміздің саяси қайраткері, көрнекті тұлға

Ел деп өткен ер Сайын тақырыбындағы таным сағаты

Сайын Нәдірұлы Шапағатовтың туғанына 75 жыл толуына байланысты өткізілетін «Ел деп өткен ер Сайын» тақырыбында өтетін таным сабағына қатысыңыздар!!!

Өткізетін: Қорғанбаева Ардақ

Сағат: 1250 (6 сабақ)

Өтетін каб:











Ел деп өткен ер Сайын тақырыбындағы таным сағаты

«Ер есімі - ел есінде»

«Ер есімі - ел есінде»

«Ер есімі - ел есінде»

«Ер есімі - ел есінде»

«Ер есімі - ел есінде»





III топ





«Нар тәуекел - ер ісі»





«Нар тәуекел - ер ісі»





«Нар тәуекел - ер ісі»



«Нар тәуекел - ер ісі»



«Нар тәуекел - ер ісі»





«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»







«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»





«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»





«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»







«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

















«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»



«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

«Ер есімі - ел есінде»

«Нар тәуекел - ер ісі»

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

«Ер есімі - ел есінде»

«Нар тәуекел - ер ісі»

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

«Ер есімі - ел есінде»

«Нар тәуекел - ер ісі»

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

«Ер есімі - ел есінде»

«Нар тәуекел - ер ісі»

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

«Ер есімі - ел есінде»

«Нар тәуекел - ер ісі»

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»





© 2010-2022