Воспитательный урок Денсаулық – салауатты өмір салты

Раздел Классному руководителю
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Денсаулық - салауатты өмір салты

Тәрбие сағаты 3 сынып
Тақырыбы: Денсаулық - салауатты өмір салты
Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе
отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені
сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.
2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмін
тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып,
оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер, ойындар
Сабақтың барысы:
Н.Назарбаевтың сөзі:
Салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет.
І. Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану.
1. Қолыңды сабындап жу.
2. Қисаймай, түзу отыр.
3. Қасықты оң қолыңмен ұста.
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап,газет оқыма.
5. Шамадан тыс тойып ішпе.
6. Нанды үзіп же.
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
ІІ.Денсаулықтың дауасы- таза ауа
ІІІ.Денсаулықтың ең басты негізі- сергіту жаттығулары
ІҮ. Денсаулық мықты болу үшін ми демалысы ұйқының орны ерекше.
Кірқоймас пен Қарабайдың тақпақтары
Жұмбақтар шешу
1.Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың
Сабын
2.Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында
Орамал
3.Иілсең , иіліп,
Түйілсең, түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне
Айна
4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар
Тарақ
Бастаушы:
Шат көңіл адамдар,
Ақ көңіл адамдар!
Денсаулық- зор байлық,
Жансаулық-мол байлық.
Амандық үшін де,
Адамдық ісінде
Қолданып ел сынар,
Табиғат-емші бар.
Мұғалім: Адам ұзақ өмір сүремін десе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек . Деніңіз сау болсын десеңіз ».
Асылан:
1-ерте тұру,
2- орта тазалығын ұстау;
3-дене шынықтыру,
4-үнемі денені таза ұстау,
5-үнемі сергек жүру,
"Мақал- мәтелді жалғастыр"ойыны
1.Бірінші байлық-денсаулық,
Екінші байлық- ақ жаулық
Үшінші байлық- ...
2.Дәрі шөптен шығады,
Дана....
Денсаулықтың достары
Денсаулықтың қастары
Әр адам өз өміріндегі жолды өзі таңдайды.Кейбіреулері жаман жолға түсіп арақ ішіп, шылым тартып, есірткілерді қолданады . Ал басқалары болса, салауатты өмірді таңдайды.Салауатты өмірді таңдау дегеніміз- шылым щекпеу, арақ ішпеу, шынығу, спортпен айналысу.
Үш пәледен аулақ бол
Д енсаулыққа кері әсерлер.
Теледидар.
Бала зорлық зомбылықты көре берсе, өмірге суық, қатыгез ешқандай қызығушылығы жоқ адам
Компьютер.
Компьютерлік ойындар қояншық ауруына әкеліп соғады, фантастиканы шын қабылдап, шындық пен жалғанның арасын өшіріп алады.
Осыдан балада тез ашулану, тамаққа тәбетінің кемуі,
оқу ниетінің төмендеуі, еріншектік, жалқаулықтың артуы, бағынбаушылық қасиеттері пайда болады
• Салауатты өмірді таңдау дегеніміз - шылым шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, спортпен айналысып, шынығу. Қазіргі кезде жастардың көбі жаман жолға түсуде.
Темекінің Темекінің зияны ұшан теңіз, темекінің құрамында улы зат никотин бар. Темекі шегетін адамның тек қана ағзасы ғана емес, жүйке жүйесі де ауруға шалдығады. Адамның терісі өзгеріп, бозғыл тартып, денсаулығы күрт төмендей бастайды. Біз салауатты өмір сатын таңдаймыз.Себебі жастайынан шылым тартып, арақ ішіп, есірткі қолдансақ, өсе келе ешбір білім ала алмаймыз. Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ
жүру керек.
• Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек.
-Ал сіздер спортты жақсы көресіздер ме?
- Спорттың қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай спорттық үйірмелерге қатысасыздар?
- Өте жақсы. Ал Сидней олимпиадасы қашан өтті? Онда алтын жүлдемен оралған қандай қазақстандықтарды білесіздер?
- Алда болатын қысқы олимпиада қашан және қай жерде өтеді?
- Өте жақсы, балалар! Спорт туралы көп біледі екенсіздер.
- Олай болса, күнде ертеңгілік жаттығулар жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар, мен әрқашан сіздердің қастарыңызда боламын. Көріскенше хош-сау болыңдар. (Музыка ойнайды).
- Бақыт.
- Денсаулық.
- Достық.
Мұғалім: - Балалар, болашаққа денсаулықпен бірге барайық. Сабақ аяқталды.


© 2010-2022