ЭССЕ Шабыттандыра отырып шабыттанамын

«Оқу-білім – инемен құдық қазғандай» - демекші, әрбір ұстаз үнемі өзінің білімін жетілдіріп отырады. Оның үстіне қазіргі қоғамның уақыт өткен сайын алға жылжып, дамып келеді. Заманның өзгеруіне қарай ұстаздар қауымы да өз білімдерінуақыт өткен сайые шыңдауда. Міне, сол ұстаздардың бірі. Мен әр бір сабағымда оқушының көзіне, үстінің киім киісіне, сабаққа деген талпынысын, дайын-дайын еместігін қадағалап, әр оқушыға түсіністікпен қараймын. Оқушылардың көңіл-күйін түсіне отырып, сабағымды әр түрлі ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Э С С Е


Алматы облысы

Қарасай ауданы

Қайнар ауылы

Қайнар орта мекетбі

Джалилова Айман Акботаевна




Тақырыбы: «Мен үшін өмірімдегі ең жақсы адам»

«... Ертеде Иса Пайғамбарымыздан бір елші: сенің ең жақсы көретін адамың кім?- деп сұраса, - анам - депті, және тағы екінші рет сұраса, тағыда «анам» депті, үшінші рет сұрағанында «атам» деген екен. » осы хадиске сүйене отырып, менің өмірімдегі ең жақсы адам ол: бірінші - өзімнің сүт анам, осы өмірге әкеліп, мәпелеп, жетелеген адам. Бойыма өмірдің нәрін, тәрбиенің тәлімін, ұстаздық білімін дартқан анам. Екінші - ол өзімнің енем (өмірлік жолдасымның анасы). Өмірімнің екінші кезеңіндегі анам. Отбасылық өмірдегі ең жақын, сырлас дос ана. Әрқашанда жанымнан табылатын, әрқашанда мені қолдайтын, өмірімнің жарым - жартысына өзінің бойындағы бар жақсы қасиеттерін дарыта білетін жан. «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше», «Балам - балым, баланың баласы - жаным» дегендей, немерелерінің тәрбиешісі, қамқоршысы, жанашыры, нақты айтқанда, анасы. Ал үшіншісі - ол өзімнің әкем. «Әке - баланың қорғаны» - демекші, өмірімдегі қорғаным. Мейірімін аямай төгетін, «қызым - қызғалдағым, ұлым - ізгі арманым» деп еркелетіп, аялайтын жан.

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат - деп сөзімді аяқтаймын.

Э С С Е


Алматы облысы

Қарасай ауданы

Қайнар ауылы

Қайнар орта мекетбі

Джалилова Айман Акботаевна




Тақырыбы: «Шабыттандыра отырып, шабыттанамын»



«Оқу-білім - инемен құдық қазғандай» - демекші, әрбір ұстаз үнемі өзінің білімін жетілдіріп отырады. Оның үстіне қазіргі қоғамның уақыт өткен сайын алға жылжып, дамып келеді. Заманның өзгеруіне қарай ұстаздар қауымы да өз білімдерінуақыт өткен сайые шыңдауда. Міне, сол ұстаздардың бірі. Мен әр бір сабағымда оқушының көзіне, үстінің киім киісіне, сабаққа деген талпынысын, дайын-дайын еместігін қадағалап, әр оқушыға түсіністікпен қараймын. Оқушылардың көңіл-күйін түсіне отырып, сабағымды әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы қызықты өткіземін. Әдіс-тәсілдер арқылы баланы шабыттандыра отырып өзімде шаьыттанамын. Мысалы, 7 сыныпта география пәнінен «Африкаға саяхат» атты тақырыбында оқушылар топқа бөлініп, өздерінің кішігірім план-схемаларын сызып, қай жерлермен, қай қалаларды, қандай елдермен кездесетіні туралы шығармашылық жұмыс орындады. Шығармашылық жұмыстарын қорғау кезінде әр топ бір-бірінің план-схемаларына қарап, жүріп өтетін жерлерін, ол жердің табиғаты туралы, елдері туралыбаяндама берді. Сонымен қатар, Африка әуендерін интернет арқылы алып, оғанда билеп берді. Міне, оқушымен бірге өзімде іздене отырып шабыттанамын.



© 2010-2022